Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі:

2- бөлім Ағартушылық идеяларының таралуы

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Ағартушылық дәуірдің қандай идеялары еуропалық монархтардың қызметінде көрініс тапты?

Оқу мақсаттары

7.2.1.1 - қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау;

7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

 Сабақ мақсаты

  • Ағартушылардың идеяларын білу, олардың қоғамдық дамуға тигізген ықпалын анықтау;
  • Дін рөлінің әлсіреуінің ғылыми сана-сезімнің дамуына тигізген септігін түсіндіре білу;
  • Екатерина мен Людовик XV билеушілерінің қызметтерінде Ағарту дәуіріндегі ерекшеліктерін ажырату.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар

  • Ағартушылардың идеяларын, олардың қоғамға тигізген ықпалын анықтай алады
  • Дін рөлінің әлсіреуінің ғылыми сана-сезімнің дамуына тигізген септігін түсіндіре біледі;
  • Екатерина мен Людовик XV билеушілерінің қызметтерінде Ағарту дәуіріндегі ерекшеліктерін ажырата алады.

 Тілдік дағдылар

Оқушылар жасай алады:

- Тәуелсіздік Декларациясы, АҚШ Конституциясы және Құқықтар туралы заңынан келтірілген үзіндіні мұқият оқи отырып, ағартушылықтың негізгі алты идеясын анықтайы (оқылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Ағартушылық, философия, себеп . ақиқат, империя, отарлар,, отарлаушылар, Солтүстік-америкалық революция

Революционерлер, Тәуелсіздік декларациясы

Конституция, Құқықтар туралы заң

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Менің ойымша (белгілі бір құжат) ағартушылық идеяларын қамтиды, себебі ...

Менің ойымша, әсер еткен себептердің бірі … болып табылады

Екінші себебі …

Үшінші себеп ...

Құжаттың үзіндісі ... көрсетеді/дәлелдейді

 Сабақта қамтылатын

 құндылықтар

 

 

Өткенге құрметпен қарау, топтық жұмыста қарым-қатынас, академиялық шыншылдық

 Пәнаралық байланыс

География

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлім 6-сыныпта өткен Еуропадаға Қайта Өрлеу дәуіріндегі білім мен ғылымның дамуына арналған бөлімдерінің жалғасы болып табылады. Сонымен қатар Францияда XIV Людовик пен Ресейде Ұлы Петр кезіндегі абсолютизмнің дамуымен тығыз байланысты.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Миға шабуыл:

- Еуропа мәдениетінің даму тарихындағы адам табиғатына қызығушылық қайта оянып, Антика мирасына бет бұрған кезеңді қалай атайды?

- Католик Шіркеуін қайта қарастыруды көздеген қозғалыс қалай аталады?

- Үшінші кезеңде жаратылыстану; табиғат ғылымдарындағы революция орын алды. Үшінші кезең қалай аталады?

Қайта өрлеу

- Реформация

- Ғылыми ашулар

Бұл 3 кезең XVIII ғасырдағы Ағарту дәуірінің пайда болуына септігін тигізді ме?

  • Сабақтың мақсатын анықтаңыз.

Сабақтағы басты мәселені атаңыз

Сабақтың тақырыбын және оқыту мақсаттарымен танысу. Дәптерге жазу.

Сабақтың ортасы

5-35 минут

Оқытушы оқушылардың «Ағартушылардың идеяларына» байланысты ақпаратты түрлі дереккөздерден (оқулық, «Портретке арналған сызат» қосымша ақпараты, кестені толтыруға қажетті құжаттар, Дидро жайлы бейнематериал) іздеулеріне бағытталған өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

Жұптық жұмыс:

- Кестемен жұмыстың нәтижелерін саралаңыз, жетіспейтін ақпаратты анықтап, кестені толықтырыңыз.

-«Ағарту дәуірі» ұғымына түсінік беріңіз.

- Неге XVIII ғасырды «Ағарту дәуірі» деп атады?

Оқушылар ағартушылардың түрлі білім салаларындағы идеяларымен байланысты кестені дереккөздердің көмегімен толтырады; бейнематериалды көру

(Жұптық ) Пікір алмасу; кестені толықтыру.

Оқушылар «Ағарту дәуірі» ұғымына меңгерілген ақпаратқа жүгініп анықтама береді.

Оқытушы: Биліктерін сақтау үшін Еуропа монархтары ағартушылардың идеяларына құлақ асты. Сабақтың басты мәселесін анықтау.

Топтық жұмыс:

XVIII ғасырдың бірінші 30 жылында Еуропа монархтары қандай қиындықтарға тап болды? Мәселелерді қалай шешкен болатын?

Оқытушы Ағарту дәуірінің идеяларының Франциядағы іске асырылуы жайлы ақпаратпен танысуды ұсынады. Дидро Энциклопедиясының шығарылуы. Еуропа монархтарының бұл Энциклопедияға деген көзқарастары әртүрлі болды. Людовик XV Энциклопедияның шығарылуына тыйым салса; Екатерина оның басып шығарылуын қолдады.

Неліктен?

Оқушылар - Монархтардың саясаты ағартушылардың идеяларына байланысты өзгеруі мүмкін бе еді?

XVII ғасырдың соңында Еуропада асболютистік режимнің құлдырауы орын алды. Мысал ретінде, буржуазиялық революцияларды (Голландия, Англия, Франция), монархтардың арасындағы өзара соғыстарды, салықтардың өсуіне байланысты халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауын, наразылық білдірудің діни формаларының таралуын қарастыруға болады. Биліктің жаңа түрлерінің пайда болуы, биліктегі элитаның құрамының ауысуы, әлеуметтік және қоғамдық өмірдің жаңа қағидаларының пайда болуымен байланысты өзгерістер орын алды.

Ресурстармен жұмыс: бейнематериалдар, текст.

(П) Оқушылар мүмкін болатын жауаптарды қарастырады:

1. Патша Рим Католик шіркеуінің қолдауындағы абсолюттік монарх болды. Шіркеудің пайымдауынша, Құдайдың өзі патшаға билік құқығын берді.

2. Энциклопедияда ақиқатты ашудың тек Құдайдың ғана қолынан келетіні жайлы тұжырымдар сынға алынды. (тек адамдардың зерттеуі мен зерделеуі ғана шынайы білімге апарады)

3. Ақиқат Шіркеу мен Құдайдың алдында ашылмаған болса, онда патша билігінің тек Құдайдың берген құқығы деген тұжырым да ақиқат болмауы мүмкін.

4. Франциядағы жалғыз рұқсат етілген дін - католицизм болғанымен, Энциклопедия діни алауыздықтарды тудырды.

5. Энциклопедия Шіркеу мен Патшаға қауіп төндірді.

Екатерина өзін ағартылған, француз философтарының еңбектерін құмарта оқыған, олардың идеяларын іске асырған монарх деп санады. Екатерина әйгілі философ, оған тәнті болған Вольтермен хат алмасып отырды (Вольтер қайтыс болғанда, Екатерина оның кітапханасын сатып алған болатын).

Оқушылар жауаптарын негіздейді.

Презентация

Дидро

Фронтисписі:

Фронтиспистің толық бейнесі:

Энциклопедияға негізделген университет баяндамалары:

Стернс, П. Н. (2010г.)

Әлем цивилизациялары:

Екатерина сарайы - http://tzar.ru/museums/palaces

Ағарту дәуірі мен ағартушылық абсолютизм  -

http://biofile.ru/his/24838.html

Дени Дидро бейнематериалы. Энциклопедия

https://www.youtube.com/watch?v=GeJtRk3YbCg

Сабақтың соңы

35-40 мин

Рефлексия:

Зерттеу бағытына, сабақ мақсатына және оқу мақсаттарына баға беру критерилеріне қайта оралыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттарына жету деңгейін бағалауға және сабақтың мақсаты мен қосымша сабақ қажеттілігін анықтауға шақырыңыз.

-Бүгін сабақта мен білдім...

-Мен үшін қиын тарсырма болды...

-Енді өзім істей аламын...

-Сабақа маған ұнады/ұнаған жоқ өйткені...

Үй жұмысы.

XVIII ғасырда Үндістанмен сауда жасаудың пайдасына үш дәлел келтіріңіз.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақтың барлық сатыларында оқушыларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары бойынша фоомативтік бағалау

7.2.1.1 - қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау;

  • 7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

Ыңғайлы жұмыс атмосферасын құру үшін психологиялық жылыну.

Суреттерді зерттеуден кейін көзге көрініс. Студенттерді жұп жұмысын ұйымдастыру кезінде сабақ бойынша ауыстыру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу