Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 10.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау

 Сабақ мақсаттары

Тарихи дереккөздерді талдау негізінде, крест жорықтарының себептерін анықтайды және кескін картада бағыттарын көрсетеді.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • кем дегенде 3 себептерін анықтау;
  • кескін картада 1-4 крест жорықтарының бағыттарын белгілеу;
  • крестшілдер құрған мемлекеттерді кескін картада белгілеу;
  • кескін картада крест жорықтарының кем дегенде үш маңызды қаласын белгілеу.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

Себеп пен салдар

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Крест жорықтары, крестшілер Ордені, Қасиетті жер, Құдай қабірі, Рим папасы, Урбан II, Салах-ад-дин, Арыстан жүректі Ричард.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Омейя билік құрған кездегі әр түрлі өзгерістермен/ жетістіктермен сипатталады...

Ең маңыздысы Омейя басқарған кезде әлуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, философиялық, архитектуралық .... болған

Ең маңызды өзгеріс немесе жетістік ... болған.

Дереккөз нені хабарлайды/ көрсетеді?

Еуропалық католиктердің исламға қарсы не крест жорықтарын ұйымдастырудың бірінші себебі, .... болды.

Басқа да себептері .... болды.

Мен бұл дереккөздерден қандай қорытынды шығара аламын?

Бұл дерек .... көрсетеді.

Мен тағы қандай сұрақтарды қоя аламын ?

Менің тағыда білуіме .....қажет болып табылады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (кескін карта)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

БЫМ/Б Мұғалім Иерусалимдегі мұсылмандар мен христиандар үшін маңыздылығын көрсететін «Аспан патшалығы» фильмінен үзінді келтіреді.

Оқушылар «Мен не көрдім?», «Қандай тұжырым жасауға болады?» және «Басқа қандай сұрақтар қоюға болады?» деген сұрақтарға жауап береді.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

1. Крест жорықтарының себептерін анықтау.

2. Крест жорықтарын ұйымдастыруда шіркеудің рөлін түсіндіру;

3. 1-4 крест жорықтарының бағыттарын кескін картаға белгілеу.

4. Сабақтың тақырыбына қорытынды жасау.

Презентация

«Аспан патшалығы» фильмінен үзінді (2.04 минуттан бастап): https://kinogo.by/573-carstvo-nebesnoe-2005-smotret-onlayn.html

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

5-15

Жұптық жұмыс түрі

15-20

Ж Мұғалім оқушыларға Папа Урбанның сөйлеген сөзінен үзіндіні бөліп береді; әлемнің орталығы ретінде бейнеленген Иерусалим қаласы бар ортағасырлық христиандық Еуропаның картасын; «Крест жорықтарының басталу себептері» (дидактикалық материал) мәтіні тараптылады. Төменде берілген тапсырмаларды орындауды сұрайды:

1. Мәтінді оқып, Крест жорықтарының негізгі себептерін атаңыз.

2. Неліктен шіркеу крест жорықтарының ұйымдастырушысы болды?

Дескрипторлар:

• жорықтарды неге крест жорықтары деп атады және қатысушылар крестшілер аталу себебін анықтайды;

• Крест жорықтардың себептерін анықтайды;

• Крест жорықтарын ұйымдастыруда шіркеудің рөлін түсіндіреді;

Ж Оқушылардың пікірлерін тыңдап, тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім саяси, экономикалық, және әлеуметтік себептерді топтастыруды сұрайды.

М Мұғалім крест жорықтарының себептері туралы қысқаша сипаттама береді.

Дидактикалық материал

Жұптық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

25-40

Ж/Ж Оқушылар назарына бейне баян ұсынылып, ол бойынша кескін картамен жұмысты орындауға тапсырма беріледі. Мұғалім әр оқушыға алдын-ала дайындалған кескін картаны таратып береді. (дидактикалық мтериал)

Кескін картаға қатысты тапсырмалар:

1)Клермон, Константинополь, Иерусалим, Венеция қалаларын белгілеңіз

2) Картада 1-4 Крест жорықтарының бағыттарын белгілеңіз

3) Крестшілердің шынайы мақсаттары туралы қорытынды жасаңыз

Дескрипторлар:

  • Клермон, Константинополь, Иерусалим, Венеция қалаларының кескін картада белгілейді.
  • Кескін карта бойынша бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыты мен нәтижелерін анықтайды.
  • Крестшілердің шынайы мақсаттары туралы қорытынды жасайды.

Ж/М Жұмыстың соңында оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Бағдаршам әдісімен оқушылар карточкаларды таңдайды: жасыл түс- барлығы жақсы, сары түс- аздап қателіктері бар, қызыл түс - көптеген қателіктер жасалды, жұмыс толықтыруды қажет етеді.

М Мұғалім крест жорықтарының негізгі бағыттарын қысқаша түсіндіреді.

Дидактикалық материал кескін карта,

Бейне баян «Крест жорықтары»:

https://www.youtube.com/watch?v=PxKpn8xQnO4,

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

«Рефлексиялық нысана» әдісі бойынша оқушылар рефлексияны жапсырмаларға (стикерлерге) жазып, тақтадағы нысанаға жабыстырады. Кейбір оқушылар шешімін түсіндіреді.

Үй тапсырмасы. Төменде берілген кестені толтыру.

Жорық

уақыты

басшысы

мақсаты

нәтижесі

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, білім туралы ақпаратты пайдаланады. Жұптасып жұмыс істеу кезінде қабілетті оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетіп, әлсіз оқушыны мұғалім де қолдайды. Бейне баяндыі көріп, кескін картасында жұмыс жасағанда, дифференциялау жүргізіледі, қабілеті жоғары оқушылар бірінші, екінші, үшінші және төртінші крест жорықтарының бағыттарын жылдам анықтайды.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу