Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар № 8 (1)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

610- дан 1258 ж. дейінгі кезеңде ислам әлемін едәуір өзгерткен оқиғаларды анықтау

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

  • Араб түбегіндегі исламның пайда болуы мен таралуында Мұхаммед Пайғамбардың рөлін анықтайды;
  • 610 – 1258 жж. арасында Араб халифатындағы негізгі оқиғаларды біледі;
  • Картада ислам тарихындағы негізгі оқиғалардың тізімін анықтайды және жасайды;
  • 750 ж дейін исламның пайда болуына және таралуына қатысты маңызды бетбұрыс оқиғаларды анықтайды және таңдауын түсіндіреді;
  • Омейяд пен Аббасид әулеттерін зерттеу негізінде, 661 - 1258 жылдар арасында орын алған негізгі өзгерістерді анықтайды.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

өзгеріс

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Бедуиндер Омейя , Аббасидтер әулеттерінің кезеңі, алтын ғасыр, құран, мешіт, пайғамбар, шариғат, халиф, халифат,халықаралық дін, ислам, джихад.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Омейя билік құрған кездегі әр түрлі өзгерістермен/ жетістіктермен сипатталады...

Ең маңыздысы Омейя басқарған кезде әлуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми, философиялық, архитектуралық .... болған

Ең маңызды өзгеріс/ жетістік ... болған.

X маңыздырақ болған Y, себебі

Бұл оқиға / даму маңыздырақ болды/ себебі.... …

X туындатуына мүмкіндік берді Y.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

география

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда ислам діні туралы жалпылама білімдері болуы мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

1. Сәлемдесу

2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқу құралдары

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

(3 мин)

БЫМ/К VII-VIII ғғ. Араб халифатының картасын көрсету.

«Миға шабуыл»:

  • Дін дегеніміз не?
  • Исламның пайда болуы туралы не білесіз?

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

  • Ислам тарихындағы маңызды оқиғаларды анықтау;
  • Исламның пайда болуы мен араб халифатының қалыптасуындағы өзара байланысын анықтау;
  • 661 - 1258 жж. арасындағы негізгі өзгерістерді анықтау;

Презентация

Оқулықпен жұмыс

(10 мин)

М/Ж Оқушылар оқулықтың 44-45 беттегі исламның пайда болуы мен Мұхаммед Пайғамбардың қызметі туралы мәтінмен танысады.

Оқулық мәтінін оқыған кезде, Мұхаммедтың пайғамбарлық қызметінің негізгі оқиғаларын уақыт сызығына (дәптерге) белгілеу.

Бағалау критерийлері:

  • Мұхаммедтың пайғамбарлық қызметінің негізгі оқиғаларын уақыт сызығына белгілейді.
  • Хронологиялық реттілікті сақтайды.

Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық, Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017., 44-45 беттер.

Топтық жұмыс түрі

Зерттеу жұмысы

(5 мин)

Т Картаға, уақыт сызығына сүйене отырып, ислам дінінің пайда болуы мен таралуына байланысты басты оқиғаларды анықтап, тізім құрастыру.

Т Әрбір топ ең маңызды оқиғаны ажыратып, оны сипаттап, жауабын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері:

  • Ислам тарихы бойынша басты оқиғалар тізімін жасайды;
  • Ислам тарихындағы ең маңызды оқиғаны ажыратады;
  • Жауабын дәлелдейді.

Презентация

Жұптық жұмыс түрі

(5 мин)

Ж Мұғалім ислам дінінің пайда болуы мен араб халифатының қалыптасуындағы өзара байланысын анықтауда логикалық тізбекті толтыруды сұрайды.

Б жалпысыныптық талқылау.

Сұрақты талқылау: Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрамына ену, жеңілген елдер үшін салдары қандай болды?

Бағалау критерийлері:

  • Мәтінен басты ақпаратты алады;
  • Логикалық тізбекті толтырады;
  • Таңдауды дәлелдейді;
  • Сұрақтарға жауап береді.

Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрамына ену, жеңілген елдер үшін салдары қандай болды?

Презентация, Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық, Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017., 46 бет.

Мұғалімнің түсіндіруі

(3 мин)

М/Б Мұғалім ислам мәдениеті туралы ақпарат береді.

Презентация

Топтық жұмыс түрі

(10 мин)

Т Оқулықтың 46 беттегі мәтінді оқып, Омейяд пен Аббасид әулеттерін зерттеу негізінде, 661 - 1258 жылдар арасында орын алған негізгі өзгерістерді стикерлерге жазу.

Оқушылардың мақсаты: сала бойынша стикерлерді жабыстыру.

Саяси салада

Мәдени салада

Экономикалық салада

Әлеуметтік салада

Бағалау критерийлері:

  • Мәтінен басты ақпаратты алады;
  • Стикерлерді дұрыс ретте орналастырады.

Презентация Дүниежүзі тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық, Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017., 46 бет.

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

(5 мин)

Б Ислам тарихының басты оқиғалары тақырыбы бойынша синквейн әдісін қолдану.

Бірінші жол - сабақтың тақырыбын білдіретін зат есім.

Екіншісі - тақырыптың қызықты тұстарын ашатын екі сын есім.

Үшінші жол - бұл тақырыпқа тән әрекеттерді анықтайтын 3 етістік.

Төртінші жол тақырыптың мәнін ашатын сөйлем.

Бесінші жол - бұл қорытынды шығаратын зат есім.

Презентация



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу