Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар4.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

 Сабақ мақсаттары

- Византияның дипломатиялық ерекшеліктерін, Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау.

 Бағалау критерийлері

 

 

 

 

 

постерде қойылған сұрақтың жауабын көрсетеді;

сыныпқа постерді қол жетімді және қысқаша түсіндіреді;

Византияның дипломатиясын көршілес мемлекеттермен салыстырады;

қорытынды жасайды.

 Тарихи концепт (фокус)

 

 

 

 

 

интерпретация

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: Рим империясы, Византия, ғұндар, түріктер, дипломатия, эфталиттер, Юстиниан заңдары.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени... болып табылады.

Келесі себептер/факторлар қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді... болып табылады.

Кейбір факторлардың басқа факторларға, мысалы, .... әсері болды.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту

 Пәнаралық байланыстар

География (Византияның аймағы), Қазақстан тарихы (Түрік қағанатының аймағы)

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушыларда 5 сыныпта өткен Рим империясы жайлы қысқаша ақпартты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ элементтері, уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

(мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті)

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-2

Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау

2-5

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс түрі

Бейне баянды көру

5-10

Дерекпен жұмыс

10-15

Сыныппен талқылау

15-20

Топтық жұмыс түрі

Постер жасау

20-30

Топтардың қорғауы

30-35

Жұптық жұмыс түрі

Венн диаграммасы

35-40

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б Мұғалім оқушылар назарына княгиня Ольганың Константинопольға сапарын бейнелейтін суретті көрсетеді.

Оқушылар суретке қатысты ойларды білдіреді.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:

  • Княгиня Ольганың шоқындыру себептері мен салдарын қарастыру;
  • Византияның Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау;
  • Византия дипломатиясын Түрік қағанаты мен Киев Русімен салыстыру; Қорытынды жасайды.

Осылайша, сабақтағы зерттеу жұмысы оқу мақсатына жетуге және «интерпретация» тарихи концептін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ж Мұғалім оқушылар назарына княгиня Ольганың шоқындыруы туралы бейне баянды көрсетеді. Оқушыларға сұрақ: Киев Русі тарихында княгиня Ольганың рөлі қандай?

Бейне баянды талқылағаннан кейін, мұғалім оқушыларға дерекпен жұмыс жасауды ұсынады («Өткен уақыт жылнамасы» дерегінен үзінді) (Қосымша 1)

Мәтінді оқып, келесі сұрақтарға жауап береді.

Дерекке сұрақтар:

1.Византия императоры Константин Багрянородный княгиня Ольганы тең дәрежедегі басқарушы ретінде қабылдағанын дәлелдеңіз.

2.Княгиня Ольганың Константинопольға сапары кезінде қандай жеке бас қасиеттері байқалды?

3. Княгиня Ольганың Константинопольға сапары Киев Русінің дәрежесіне қалайша әсер етті?

Б Сыныпта пікірталас өткізу: «Не себепті княгиня Ольга христиан дінін қабылдады?»

Оқушылар пікірталас нәтижесінде келесі қорытындыға келуі керек: княгиня Ольганың христиан дінін қабылдауы Киев Русьтегі басты мәселені шешуге ықпалын тигізді. Атап айтсақ, феодалдық бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған мемлекеттің қалыптасуына септігін тигізді.

Б сынып түстер бойынша 3 топқа бөлінеді.

Т Мұғалім оқушыларды «княгиня Ольганың ішкі және сыртқы саясаты» мәтінін оқуға шақырады (Қосымша 2). Топта Византия мен Киев Русінің арасындағы қарым-қатынастары туралы постер дайындау керек.

1-топ. Не себепті Киев Русі Византиядан христиандықты қабылдады?

2-топ. Бірлескен әскери жорықтарға қандай факторлар себепші болды?

3-топ. Не себепті Русь князьдігі Византиямен сауда жасауға қызығушылығын танытты?

Мұғалім оқушылармен бірге постерлік жұмыстың бағалау критерийлерін жасайды, олар келесі аспектілерді қамтуы керек: сұрақты ашу, көрнекілік, түсініктемелердің қол жетімділігі, командалық жұмыс және т.б.

Топтағы оқушылар Византия мен Киев Русі дипломатиясының негізгі аспектілерін қамтылған постерлерді қорғайды. Қалған топтар алдында құрылған критерийлер бойынша бір-бірінің жұмысына өзара бағалау жүргізеді.

Мұғалім Византия мен Түрік қағанатын салыстыруға тапсырма береді. Жұпта Венн диаграммасы толтырылады.

Дескрипторлар:

  • Византия мен Түрік қағанатының арасында қарым-қатынастағы айырмашылықтарды анықтайды;
  • Византия мен Киев Русі арасында қарым-қатынастағы айырырмашылықтарды анықтайды;
  • Түрік қағанаты, Византия мен Киев Русінің ортақ саяси мүдделерін анықтайды.

. Византия дипломатиясының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сыныпта талқылау.

Оқу құралдары

Презентация

Княгиня Ольганың шоқындыруы (алғашқы 3 минут)

https://www.youtube.com/watch?v=dthoLLRMrzw&t=272s

Қосымша 1 «Өткен уақыт жылнамасы» Княгиня Ольганың шоқындыруы

Қосымша 2 «Княгиня Ольганың ішкі және сыртқы саясаты»

Презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасы

40-45

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларды сабақтың басында қойылған сұрақты талқылауға шақырады:

Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті?

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.