Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма. Дереккөзді оқыңыз. Константин императордың басқаруына талдау жасаңыз.
Императордың рим қоғамында елеулі өзгерістерге алып келген 4 негізгі реформаларын анықтаңыз.
Константин император
Б.з.д. IV ғасырдың басында билікке қиян-кескі таласта қолбасшы Константин жеңіске жетті. Оның билігі шексіз болды, оның әрбір сөзі заң болып қабылданды, жақын кеңесшілерінің император алдында отыруға құқығы болған жоқ. Константин император сәнді, алтынмен тігілген киім мен бағалы тастармен әшекейленген тәж тағатын. Константин кезінде әскер саны өсіп, онда римдіктер ғана емес, галл, герман, сириялықтар сияқты варварлар да қызмет етті.
Шектеусіз билікке ие болған соң, Константин шаруаларға өз жерлерінен кетуге тыйым салатын өкім шығарды. 20 жылдық азаматтық соғыстан кейін империяны қалпына келтіру үшін және өзі ерекше назар аударатын құрылыс ісіне қаражат қажет болғандықтан, император салықты көбейтті.
Константин мемлекетті шағын әкімшілік бірліктерге бөлінетін Шығыс, Иллирия, Тиалия және Галлия деген 4 округке бөлді. Император жанындағы мемлекеттік кеңес – консисторийді құрды.
Римге варвар тайпаларыны шабуылдай бергендіктен, Константин жаңа орын етіп Босфор бұғазының жағалауындағы грек қаласы Византийді таңдайды. Византий Жерорта теңізінен Қара теңізге баратын теңіз жолы мен Кіші Азиядан Еуропаға баратын құрлық жолының қиылысында орналасқан.
Император ескі ғимараттарды бұзып, олардың орнына жаңа сарайлар, тұрғын үйлер, монша, христиан ғибадатханаларын орнатуға бұйырды. Жаңа астананы әрлендіру үшін император Рим, Афины және империяның басқа қалаларын тонауды ар көрмеді. Қала императордың атымен Константинополь деп аталды. Б.з.д. 330 жылы ол қала ресми түрде Рим империясының астанасы аталды.
Константиннің басқару кезеңінде христиандар саны өсе бастады. Христиандар өнегелі өмір салтын ұстанды, өлім алдында жалтармады, сондықтан христиандықтың жолына ерушілердің саны арта берді. Константин император христиандармен күресудің мәні жоқ екенін түсінді. Христиандар императорды «Біз императорлар үшін сыйынамыз, олардың билігі мен қызметшілері үшін дұға қыламыз» деп сендірді. Сондықтан Константин б.з.д. 313 жылы христиандарға ғибадатханалар ашып, ашық түрде сыйынуға рұқсат беретін жарлық шығарады. Христиандардың қуғындауы тоқтап, олар енді императорға қолдау көрсететін болды. 325 жылғы Константин жарлығынан кейін қалалардың барлық епископтары Никей шіркеуінде ашық түрде жиналып, сыйынудың бірыңғай ережелерін құру және христиан мейрамдары: Исаның туылуы мен Пасха – Исаның қайта тірілуін тойлау туралы, Иса пайғамбар туралы жазылған кітаптарды киелі кітаптар деп санау туралы келісімдер жасады. Шіркеулерге жерлерді және басқа мүліктерді иемденуге рұқсат берілді. Рим империясында қираған пұтқа табынатын ғибадатханалардың орнына барлық жерлерде христиан ғибадатханалары соғыла бастады.
Христиандық мемлекеттік дін мәртебесіне ие бола бастады. Рим империясы христиандық мемлекетке айналды. Шіркеу Константинді «Ұлы» деп танып, оны әулиелер қатарына енгізді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру