Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Бекітілді __________________

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

5.4.В Рим ғасырлар тоғысында

Мектеп:

Мұғалім

5A

5B

5C

5D

5E

Күні

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 1. Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау

Негізгі діни ұғымдарды (Құдай, ғибадатхана, абыз, қасиетті жазбалар, пұт) түсіндіру

Ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау

Тарихи концепт

Өзгеріс пен сабақтастық

Бағалау критерийлері

Рим империясы шекарасының өзгеру себептерін түсіндіру

«Құдай, ғибадатхана, қасиетті кітап, пұт (идол)» ұғымдарының мағынасын ашу

Кемінде 3 факт келтіріп, діннің Рим империясының дамуына әсерін анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Константин император кезінде римдік қоғамдағы өзгерістерді анықтау

Оқу мақсаттарын жетуді бағалау критерийлері

Константин императордың кезінде рим қоғамындағы өзгерістерге кемінде 3 аргумент келтіру

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: христиандық, Ұлы Константин, мемлекеттік дін

Диалог/жазылым үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

Ұлы Константин кезінде христиандардың жағдайлары өзгерді, себебі … .

Ұлы Константиннің христиан дінін қабылдау себебі … .

Христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдау Рим империясын өзгертті, өйткені … .

Константин императордың кезінде Рим империясы өзгерді, себебі … .

Христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдау Рим империясын өзгертті, өйткені … .

 Құндылықтар

Дінді таңдау еркіндігі, өмір, толеранттылық

 Пәнаралық байланыс

Өнер пәнімен пәнаралық байланыс орнауы мүмкін.

Алдыңғы білім

Оқушылар ағымдағы жылы алған білімдеріне сүйенеді, соның ішінде Рим империясының құрылуы мен өркендеуі туралі білімдері монотеистік діннің қуғын-сүргін кезеңіне қарамастан өзін нығайта алғанын және оның империяға елеулі әсер еткенін түсінуге ықпал етеді

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеттері

Оқушылардың іс-әрекеттері

Бағалау

Мұғалім ескертпелері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

(БЫМ) Оқушыларға бір жағында Ұлы Константин заманындағы Рим империясының картасы, екінші жағында Константиннің өзі бейнеленген пазлдарды жинау ұсынылады. Бұл суреттерде ортақ не бар деген сұраққа жауап беруі тиіс.

Мұғалім оқушыларға сабақ мақсаты мен мақсатқа жету жолдарын анықтауды ұсынады.

(С) оқушылар 1 минуттық видеоресурсты қарайды. Бұл сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын және табысқа жету жолдарын құруға көмектеседі.

Сұрақты талқылау:

Болжап көріңіз: неліктен Константин императордың басқару кезеңін Константин дәуірі деп атайды?

Сынып оқу мақсаттарымен танысып, бағалау критерийлерін ұсынады.

Оқушылар пазлдарды құрастырып, мұғалім сұрағына жауап береді: бұл суреттерде Константин императордың Рим империясын басқарған кезең бейнеленген.

Оқуылар сабақтың тақырыбын атайды («Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді?») және сабақ мақсаттарына жету жолдарын қарастырады, яғни Константин императордың кезіндегі Рим қоғамындағы өзгерістерден кемінде 3 аргумент келтіру.

Жауап: Мүмкін, бұл император Рим империясының дамуын өзгерткен реформалар жасады?

ҚБ - Ой шақыру мен сабақ тақырыбына шығудағы байланысты түсіну,

сабақ тақырыбын болжауды құрастыру, оқу мақсаттарын түсіну.

мәселені талқылау алдыңғы білімге сүйене отырып өзіндік пайымдау жасауға мүмкіндік береді.

Слайд 1

Энциклопедия Ұлы І Константин https://www.youtube.com/watch?v=_A6f1tIzcBU

Слайд 2-3

Сабақтың ортасы

5 мин

12 мин

8 мин

5 мин

Мағынаны тану

(С) (ф) Константин императордың кезеңінде өзгерістердің орын алғанын қандай жолмен дәлелдейміз?

(С) (ф) Карталарды салыстырыңыз. Екі айырмашылығын анықтаңыз. Мемлекет шекарасының өзгеру себептерін болжаңыз.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

1. Оқушылар мемлекет шекарасының өзгеруіне кемінде 2 себеп келтіреді.

(Т) (ф) Зерттеу: Константин императордың басқаруына талдау жасау.

Императордың рим қоғамында елеулі өзгерістерге алып келген негізгі реформаларын анықтау

Тапсырманы бағалау критерийлері:

1. Оқушылар императордың кемінде 4 реформасын анықтайды: а) экономика в) саясат с) әлеумет d) мәдениет.

Қорытынды жасау: Константин императордың кезінде Рим империясы өзгерді, себебі … (3 аргумент келтіру).

Мұғалім топтық постер қорғауды ұйымдастырады.

Постерді бағалау критерийлері:

Оқушылар кемінде 3 өзгерісті табады: а) экономика в) саясат с) әлеумет d) мәдениет.

Тапсырма (Ж. ф) Анықтамаларды суреттермен сәйкестендіріңіз.

Тапсырманы бағалау критерийлері: 1.С 2.А 3.В

(Ж) Оқушылар келесі сұрақтарға жауап беру үшін жұптарда жұмыс жасайды.

Сіздіңше, Рим тарихындағы ең негізгі өзгеріс қайсысы?

Христиан діні Рим империясын қалай өзгертті?

Константин ( немесе діннен безген Юлиан) басқарғаннан кейін христан дінінің жағдайы қалай өзгерді?

Шіркеудің жағдайы қалай өзгерді?

Неліктен Константиннің есімі оның өлімінен кейін ұзақ уақыт есте сақталды?

Константинді әулиелер қатарына көтеру туралы православие шіркеуінің шешімімен келісесіз бе?

(С) Сыныпқа топ ішіндегі жұмыстың қорытындысын талқылап, «Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді?» деген сұрақтарға жауап беруін сұраңыз.

Қажетті сөз қолданысы:

Рим империясы Ұлы Константин кезінде елеулі өзгерістерге ұшырады, өйткені … .

Тапсырманы бағалау критерийлері: Оқушылар

Сабақ тақырыбына жауап беру үшін кемінде 3 аргумент қолданады.

Оқушылар жауаптарын ұсынады: біз өзгерістерге 4 бағыт бойынша (экономика, саясат, әлеумет, мәдениет) дәлелдемелер жинаймыз. Оқушылар «кілемше» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды: карталарды салыстырып, 2 айырмашылықты анықтайды: 1) қазіргі Испания мен Франция шекараларының бірігуі; 2) шекараның 2 есе кеңеюі.

Сынып топтарға бөлінеді. Әр топ «кілемшенің» өз бөлігімен жұмыс жасайды.

Оқушылар ұсынылған ресурстармен жұмыс жасап, мемлкеттің саясатындағы өзгерістерді растайтын фактілерді табады.

Әр топ постер әзірлейді. Дайын постерлерді іліп, 2 минуттан қорғайды.

Қорытындыны әр оқушы жеке жазады, кейіннен жұпта және топта оқиды.

Үздік қорытынды постер қорғалғанда сынып алдында оқылады.

Постер әр оқушының дәптерінде тіркелу керек.

ҚБ – тапсырманы орындау нұсқаулығын және оның оқу мақсатына сәйкестігін түсіну;

маңызды ақпаратты белгілеп, ұсына алу.

Берілген тапсырмалар осы сабаққа есептелген барлық оқу мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Топтық іс-әрекет ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастырады, әр адамның пікірін тыңдай отырып, топтың барлық мүшелері үшін ең тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалауға ықпал ететін әрекет:

- топтық талқылауда оқушылардың ойлау тереңдігін бағалау;

- өз жұмыстарын қорғауда келтірген аргументтерін бағалау

Бұл талқылауды саралау оқушылардың өз пікірін жеткізе алуы, аргументтеудің тереңдігінде жасырын қолданыс табады.

Слайд 4

Ресурс 1_ Константин Император

Слайд 5-6

Слайд 7

Жауап:

1.С 2.А 3.В

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы

(С) (ф) Рефлексия.

Мұғалім келесі сұрақтарға жауап сұрайды:

Сабақтың мақсаты қандай?

Біз сабақ мақсатына қалай жеттік?

Оқу мақсаты қандай?

Оқу мақсатына жетуге қандай іс-әрекет жасадық?

Ұсынылған бейнематериалдарды қарап шығу.

Оқушылар сабақтың мақсаты Константин император кезіндегі Рим қоғамындағы өзгерістерді анықтау болғанын айтады.

(Біз Константин императордың кезіндегі Рим қоғамындағы өзгерістерді дәллдейтін 4 аргумент келтірдік. Біз постер құрып, оны қорғадық.

Мұғалім сұрақтарына жауап беру арқылы оқу мақсаттарына жеттік.

Сұрақтардың жауаптарын дереккөздерден таптық және дәптерге түсірдік)

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау; алған ақпаратты постер түрінде көрсету

Слайд 6

Христиан дінін қабылдау https://www.youtube.com/watch?v=PtX1bPCVVYc

Ұлы Константин Император https://www.youtube.com/watch?v=X7W6-5CSgNE



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу