Ежелгі Спарта Афинадан несімен ерекшеленді. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.
«Саяси Спарта»
Грециядағы қола дәуірінің өркениетін темір қарумен жабдықталған дорий тайпалары талқандады. Дорийліктер Пелопонестегі Лакония аймағын билеп сол жерде үлкен қоныс – Спартаны ұйымдастырды.
Грек-ахейліктерді спартандықтар илот деп аталған құлдыққа алды. Бірақ бұлар әдеттегі құлдар болған жоқ. Илоттат ауылдарда отбасыларымен тұрды, еңбек қарулары болып шаруалар тәрізді жер текшелерінде жұмыс істеді. Спартандықтар өз илоттарын сатуға құқықтары болған жоқ. Олар әр бір спартандыққа емес Спартандық мемлекетке тиесілі болды.
Илоттар спартандықтардан бірнеше есе артық болған, сондықтан оларды билеу және бағындыру тек күшпен ғана болған. Илоттарға қару ұстауға тыйым салынған болатын. Спартандықтар анда-санда илоттарға рақымсыз шабуылдар жасаған. Жас спартандықтар қылыштармен қаруланып түнортасында ең мықты илоттарды аңдып өлтірген болатын.
«Ішкі көзқарас»
«Теңдер қоғамдастығы» -спартандықтар осылайша өз полистерін атаған. Олардың арасында шынымен де не байлар, не кедейлер, не атақтылар, не дәулеттілер, не қарапайымдар болмаған. Әр қайсысы өздерін бір біріне тең санаған.
Спартандықтар қарапайым киім киген, кез келген молшылыққа тыйым салынатын. Қарапайым үйлерде тұрып, жай тамақтанған. Барлық ересек спартандықтар шағын тату ұжымдарға бөлінген. Бірге шынығып тамақтанған, кешкісін өз үйлеріне қайтатын. Әр бір спартандық ай сайын ортақ қазынаға өз илоттарынан алатын азық-түлікпен қажетті салым жасаған.
Басқа полистерден Спартаға келетін Грекктер көп нәрселерге таңқалатын. Ат немесе арба керек болған кез келген спартандық, кімдікі болғанына қарамастан алдына келген біреуін ала беретін. Оны кейін орнына әкеліп қоятын.
Спартандықтардың теңдігі полисте демократия деп түсіндірілмеген. Мемлекет билеуде халық жиналысы үлкен роль атқармаған. Барлық сұрақтар қарттар Кеңесімен шешілетін. Оларды үнемі 60 жастан асқан спартандықтар қатарынан сайлайтын.
Сонымен қатар қарртар Кеңесіне екі патша енетін, олардың билігі мұралық тақ ретінде екі спартандық тайпада берілетін. Патшалардың қарттар Кеңесінде екі дауысқа ғана құқығы болған, сондықтан жалпы шешім олардың дауысынан тәуелді болмаған. Олар мемлекет рәмізі болған, ал әскери уақытта әскерлерде қолбасшылық еткен. Патшалардың өмір салты, олардың киімі мен тамақтануы өзгелердікіндей болған.
Халық жиналысы қажетті жағдайда ғана жиналатын. Дауыс беру айқаймен болатын: кім үшін қатты дауыстар шықса сол сайланатын.
Спартада демократия (халық билігі) болмаған, патша билігі болмаған. Оның мемлекеттік құрылысы олигархиялық деп аталған. Олигархия сөзі грек тілінен аударғанда «азғана адамдардың билігі» дегенді білдірген.
«Әскери күнделік»
Спартандық әскер. Спартандық әскер Грекияда ең мықты болған. Бірінші орында спартандық үшін өзінің полисі тұрған, оның еркіндігі мен игілігі.
Бір жазушы былай деп жазған:
Доля прекрасная - пасть в первых рядах ополчения,
Родину-мать от врагов обороняя в бою.
Спартандықтар керемет жауынгер болған – мықты, қайсар, батыл.
Спартандық әскерлер біркелкі жүріп қарапайым қайта сапқа тұруларды орындай алған. Олардың кейін рим әскерінде кең тараған өзіндік саптық элементтері болған. Спартандықтардың жаттығуы оқытудан жоғары болған, бұл сол замандағы әскери ұрыс мінезімен анықталған.
Әскери дайындықты тексеру үшін анда-санда әскери байқаулар ұйымдастырылатын. Әскерге тән нормадан сәл болсын толықсып кеткен адам жазаланатын. Әскери байқаулар жарыспен аяқталатын.
Барлық спартандықтар 20 жастан 60 жасқа дейін әскери міндетті болған және жас ерекшелігімен аймақтық топтарымен бөлінетін. Эфорларды әскерлерге кіші және орта жастарға тағайындайтын (40 жасқа дейін). Барлық әскерге тіркелгендер міндетті түрде қызметке өз қаруымен және азығымен келуі керек болатын, бұл талап тек патшамен оның нөкерлеріне қатысты болмайтын, олар мемлекет тарапынан қамтылатын.
Спартандықтарды қаруландыру қиын болатын. Оларда найза, семсер, қорғаушылық қару болатын: дөңгелек қорғаншы, мойынына асылатын, басты қорғайтын дулыға, кеудесіндегі сауыты және аяқтарындағы қорғаушылары болатын. Барлық қорғаушы сауыт 30 кг. жуық болатын. Бұндау ауыр жабдықталған әскер гоплит деп аталатын. Әр бір гоплиттің жеке құлы болатын- жорықта қорғау сауытын таситын илот.
Спартандық әскердің құрамына таулы мекендерден таңдалған жеңіл жабдықталған жауынгерлер де енетін. Жеңіл қаруланған әскерлер жеңіл семсері, садағы, найзасы, жебесі болатын. Олардың қорғаушылық жасақтары болмайтын. Найзалары 20-30 м дейін ұшатын, жебелері 100-200 м. Дейін ұшатын. Жеңіл қаруланған әскерлер әдетте әскери тәртіптің қапталдарды жабатын.
Спартандық әскердің өзегі гоплиттерден құрылатын, олардың саны 2-6 мыңға жуық адам болатын. Жеңіл жабдықталғандарды саны көбірек болатын, кейбір әскери ұрыстарда олардың саны бірнеше ондаған мың адамдарға жететін.
Спартаның қамалдары болмаған. Спартандықтар «Ең мықты қамалымыз – ол біздің адамдар» дейтін. Жауды шекара асырмай жеңіп қалаға кіргізбейтіндеріне сенімді болатын. Ол үшін әр бір спартандық жақсы қарулануымен қатар жақсы оқытылған болуы керектін.
«Педагогикалық диалог»
Спартандық тәрбие. Жігерлі, тәртіпті, шыныққан әскерлерді дайындау – спартандық тәрбиенің басты мақсаты.
Жаңа туған ұл баланы қарияларды қарауына әкелетін. Әлсіз немесе ауру сәбилерді қариялардың шешімімен өлтіретін, немесе жардан лақтыратын. Өмір сүруге құқығы бар сәби ата-аналарының қолында тәрбиеленуге жеті жасқа дейін қалатын. Кейіннен оны мектепке әкетіп өзінің құрбыларымен білім алып ары қарай өмір сүруге үйренетін. Негізінде бұл мектеп емес, қатал тәртібі бар әскери лагерь болатын. Бірінші күннен ақ балалар жалаңаш қолдарымен шыбық сын дыр ып өздеріне мықты ұлтарақ жасауды үйрететін. Тіпті қыс айларында да ұлдар жалаңаяқ және бір жылға берілген жұқа жамылғымен жүретін. Ең қарапайым тамаққа қанағат болатын. Көптеген жағдайларда аш балалар өздерінің азығын ұрлықпен табатын, және ол ұятты болып есептелмейтін. Қолға түскендер қатал жазаланатын, бірақ ұрлық емес санасыздығы үшін.
Жас спартандықтарды жазуға, оқуға, флейтада ойнауға, сапқа тұруға және әскери әндерді айтуға үйрететін. Еш бір ғылымдарды оқымайтын. Негізгі уақыттары физикалық жаттығулар мен әскери өнермен айналысқан. Тіпті өз ойларын айтуға да ұлдарды қысқа да нұсқа айтуға үйреткен. Спартандықтардың осы шеберлігімен атақтарының шыққаны соншалықты, олар қысқа да нұсқа сөйлеулерімен Лаконичный деп аталған (Лакония атауына сай).
Өз тарихында Спарта әлемге көптеген нағыз батырларды, атақты әскерлер мен қолбасшыларды берген, бірақ бір де бір ғалым, жазушы немесе суретші спартандықтардан шықпаған.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру