Терракот әскері бізге Ежелгі Қытай туралы не айта алады? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: Дүниежүзі тарихы

Бөлім 3А: Ежелгі Қытай

Мектеп: ХБН Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арстанбаева А.У.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Терракот әскері бізге Ежелгі Қытай туралы не айта алады?

Тарихи тұжырымдама: интерпретация.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты үйрену

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымдарын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Оқылған мәліметтер негізінде Цинь дистанциясының императорының басқаруы туралы өзіндік ой-пікірлерді қалыптастыру және Қытайдың археологиялық және жазба дереккөздерін зерттеу.

Жетістік критерийлері

Білу: Терракот әскері терминдерін дұрыс айту, Ұлы Қытай қамалы, Цинь Шихуанди, ЮНЕСКО.

Түсіну: Ұлы Қытай қамалының құрылысының және терракот әскерінің себебін тұсіндіреді.

Қолдану: Жұмыс дәртерлерін құнды және дұрыс артефакттермен толтырады

Сын тұрғысынан ойлау: Дереккөздердегі аргументтер негізінде Ежелгі Қытайдың 4-5 саяси құрылымының ерекшеліктерін атайды.

Сабақта өткен ақпараттарға сүйене отырып, өзінің көзқарастарын аргументтер келтіру арқылы қорғайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: терракот әскерінің неліктен жасақталғаннын түсіндіреді, берілген артефакт не туралы айта алады, аргументтеп дәлелдеу, неліктен терракотты әскерді «әлемнің сегізінші ғажайыбы» деп атайды, және неліктен ол әлемдік мәдени мұра Реестрінің құрамына кірді

  • Пәндік лексика және терминология: Орталық Патшалық, Хуанхэ, Янцзы, Ұлы Қытай қорғаны, Цинь Шихуанди, Конфуциишілік, терракота, терракотты әскер.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

  • Мүмкін. бірінші императордың моласы осындай болған …
  • Моланың құрылысы осындай жолмен құрылыған …
  • Себебі, келесі куәгерліктерге сүйене отырасақ ….
  • Менің ойымша Ежелгі Қытай көптеген жетістіктерге жетті …

Алдыңғы білім

Берілген сабақ 1 В бөлімінде оқылған 4 негізгі ежелгі ұлы өркениет,білім негізінде өзеннің алқабында пайда болған өркениет жайлы оқиды . Қытай өркениетін оқу өткенді талдау кезінде археологиялық деректердің маңызыдылығын түсінуге көмектеседі

Пәнаралық байланыстар

Сабақ арехологиямен тығыз байланысты (артефактілерді оқыту) География (картаны білу).

Құндылықтарды

дарыту

Ежелгі елдердің мәдениеті мен тарихына деген сыйластық

Тарихи тұлғаларға және олардың мемлекеттің дамуына қосқан үлесіне деген сыйластық

Тарихи дағдыларды дарыту

Тарихтың әрбір құндылығының түсінігін дарыту және сол уақыттағы адамдармен байланысты тарихи оқиғаларын түсіну

Сабақтың басы 5 мин.

5 мин.

5 мин.

12 мин.

11 мин (постерді қорғау әр топқа 2-3 минут)

7 мин рефлексия

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Сыныппен амандасу және оқушыларды топтарға бөлу (сақиналар)

Оқушыларды топқа бөлу келесі тұрғыда жүреді; Барлық сынып оқушылары үлкен шеңбер жасап тұрады , мұғалімнің «Сақиналар» деген бұйрығын естіген бойда олар тез арада 3-4 оқушыдан тұратын шағын шеңберлер құрулары керек. Әрбір осындай сақинашалар бір топ болып саналады. Соңында 4 топ пайда болады.

Оқушылар орындарына отырғанша оларға топта жұмыс жасау тәртібін және топтағы тыныштықты сонымен қатар сұрақтарға жауап беруде қол көтеру тәртібін айту.

(ешкім орнында отырып дауысын қатты шығарып жауап бермейді).

Сабақтың басында мұғалім Ежелгі Қытайды оқуды жалғастыратынымызды айтады

ПСМ: Терракот соғысының пішінін демонстациялайды

Слайдты көрсету барысында мұғалім сұрақтар қояды:

  • Бұл не деп ойлайсыздар?
  • Бұл пішіндерде қандай ерекшелік бар?
  • Осы терракотты пішіндер олар кімдер болған? Олар бір-біріне ұқсайды ма?
  • Оларды не үшін жасақтаған? Оларды неден жасақтаған?
  • Неліктен осындай үлкендікте?
  • Сіз қалай ойлайсыз осы пішіндердің саны нені білдіреді?

Оқушылардың болжамдарын тыңдап болған соң мұғалім берілген артефакт 1974 жылы Сиань қаласынан 4 км шығыста және Цинь Шиихуан қорғанынан 1,5 км қашықтықта кездейсоқ табылғандығын түсіндіреді.

Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады.

Оқушыларға Ежелгі Қытайдың картасын және император Цинь Шихаундидың портреті көрсетіледі

Мұғалім осы кезеңде Қытайды біріктірген және ұлы Қытай қорғанын салған Цинь Шихуанди императоры келмес бұрын бұл елде көптеген үнемі соғыстар болып тұруымен сипатталатындығын айтады. Ол елді біріктірген, бірыңғай ақша және бірыңғай жазу иероглиф жүйесін енгізгендігі туралы айтып өтеді.

Зерттеу жұмысын жақсы орындау мақсатында оқушыларға 4 минуттық видео ақпарат көру ұсынылады.

Топпен жұмыс: Видео ақпартты көріп болған соң мұғалім оқушыларға ежелгі әлем тарихын біз олардың заттай және жазба деректеріне қарап оқу арқылы еске сақтайтындығымызды жайлы еске салады. Оқушыларды өздерін тарихшы және археолог ретінде сезінуге ұсыныс береді.

. Екі топ жазбаша деректерді оқиды (Терасса Лангайдың тастағы хаттары және Сыма Цянның тарихи хаттары ), ал басқа екі топ импрератор Цинь Шихуандидың табыты және Ұлы Қытай қорағаны туралы оқиды. Тарихшылар мен археологтардың мақсаты бір:Оқылып отырған кезеңде Ежелгі Қытай туралы барынша көп ақпарат жинау. Зерттеушілік жұмыс: Барлық дереккөздерді жинай отырып жұмыс парағына және постерде ментальді карта негізінде дереккөздерден негізгі дәлеледерді тауып соны салу.

Постер қорғау. Ауызша жауаптарды негіздеу және ақпаратты өңдеу, ақпартты ұсынып аргументтеу.

Білім ағашы : Оқушылар стикерлерге Ежелгі Қытай туралы не білгендерін, терракот әскері оларға не ой тастағанын және бүгінгі сабақта олар жазбаша және тарихи деректерді қолдана отырып, Ежелгі Қытай жайлы қандай деректер білгендіктерін жазады.

Оқушыларға өткен тақырып бойынша үй тапсырмасы беріледі. 5 жай және 5 күрделі сұрақтар ойластырып келу

Ресурс

http://www.openlesson.ru/?p=661

Оқушыларды топқа бөлу әдістері

Презентация слайд

№ 1-2.

Слайд №3

https://www.youtube.com/watch?v=lj4OSafNus8

Терракот әскерінің сенгісіз тарихы

(Видео 4:36 мин)

Партаның үстінде жұмыс парақтары болады

Қосымша1

Қосымша2

Қосымша 3

Қосымша 4

http://dnevniki.ykt.ru/%D1%80%D0%BE%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%8279/551240

http://foto-traveller.ru/foto/china/china2010/index2.htm

терракот әскерін құрайтын панорамалық ойықтар

Топтарды бағалау парақшалары

Постер , стикер

Жай және күрделі сұрақтардың мысалы

Жай сұрақ

Күрделі сұрақ

Терракот әскері дегеніміз не?

Ол қашан құрылды?

Қытайлықтардың діни ойларымен терракот әскерінік арасында қандай байланыс бар?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде күтіледі.

Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы іске асады.

Көз гимнастикасы жасалынады (немесе қысқа уақыттық сергіту сәті жүргізіледі).

Сыныпта қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық (инструктаж) беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу