Ашока буддизмді қабылдаса да, неліктен индуизм басым болып қала берді. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Варналық (касталық) жүйе
Ежелгі Үнді қоғамы төрт кастаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Каста» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір кастаның өз түсі болды. Брахмандардың түсі – ақ, кшатрийлердің – қызыл, вай-шьялардың – сары және шудралардың түсі – қара. Аңыз бойынша Брахма құдайы варналарды касталарды өзінің дене бөлшектерінен құрды. Брахмандар ауыздан, кшатрийлер қолдан, вай-шьялар жамбастан және шудралар аяқтан. Каста — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.