Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды? Тарихи концепт (фокус:) дәлел. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал.


Дидактический материал (Приложение 2)

Бөлім / Тақырып: Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?

Оқу мақсаты:

5.3.1.1ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау

Ойлау деңгейінің дағдылары:

қолдану

Бағалау критерийлері:

Хаммурапи патша заңдарын Вавилон империясы үшін маңыздылығын көрсете отырып талдайды.

Тапсырма

Хаммурапи патша заңдарынан үзіндіні оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.

Хаммурапи патша заңдары (үзінді)

Егер де адам адамның (Бабыл патшалығының толыққанды тұрғыны) қолынан адамды сатып алса, немесе құлдың қолынан куәгерлері немесе келісім-шарты жоқ бола тұра адам алса, және күміс немесе алтынды, қызметші немесе құлды, өгіз, қой немесе есекті сақтайтын болса, ол адам не болса да-ұры, ол қаза болуы тиісЕгерде адам өз жалқаулығынан су бөгетерін нығайтпаса және соның салдарынан бөгет бұзылып, қауымдастық жерін су басатын болса, жойылған нанның ақысын төлейді.

Егерде адам, иесі жоқ кезде сол бақтың ағашын шапса, ол күмістің 1/2 мөлшерін (өлшеу салмағы мен ақша санағында 0,5) төлеу қажет

Егерде құрылысшы адам адамға үй салып, оның сапасыз салған үйінен салдарынан үй құлап, үй егесі қаза болса, ол құрылысшыны өлтіру қажет.

Егерде адам кез келген шеберді жалдайтын болса, онда жер қазушының, тігіншінің, ұстанің, ағаш ұстасынің, құрылысшының жұмыс ақысын 5 ( 0,05 г) күмісті

күнделікті беруі тиіс.

Егерде адам мойнында пайыздық қарызы болса, ал Адад оның өрісінде су тасқынын қылса немесе құрғақшылық нәтижесінде бидайы көтерілмесе, онда ол адам, биылғы жылғы сый ақы қарызын бермеуге және құжаттарын жоюға құқылы.

Егерде адамның құлы кез келген адамды бетінен ұрса, ол құлдың құлағын шауып тастауы қажет.Егерде патшаның жорығына шығуы қажет редум немесе байрум (жауынгерлердің санаты)-шықпаса немесе адам жалдап, оны өзінің орнына жорыққа жіберсе, ол редум немесе байрумды өлтіруі тиіс, ал жалданған адамға оның үйін алуына болады.

Крушкол Ю.С. Хрестоматия по истории Древнего мира. М., 1987.

  • Вавилон империясының халқы қандай топтарға бөлінгенін көрсетіңіз?
  • Вавилон империясының тұрғындары қандай металл өндірді?
  • Вавилон тұрғындары қандай үй жануарларын өсірді?
  • Егер адамның күнкөріс көзі болмаса, мүндай жағдайдан қалай шықты?
  • Құлдарды қалай жазалады?
  • Әскербасының бұйрығын орындамаған әскерлерді қалай жазалады?
  • Қатал әскери тәртіпті қандай мақсатта енгізді?

Дескрипторлар

Оқушылар:

  • Тарихи деректі пайдалана отырып, Хаммурапи билігі кезіндегі Вавилон империясының әлеуметтік топтарын көрсетеді.
  • Тарихи деректі пайдалана отырып, Хаммурапи билігі кезіндегі Вавилон тұрғындарының шарушылығына қатысты мысалдарды атайды.
  • Тарихи деректі пайдалана отырып, Хаммурапи билігі кезіндегі құлдар мен әскерлер үшін жаза түрлерін атайды.
  • Хаммурапи патша заңдарының әскер үшін маңызын сипаттайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу