Ежелгі мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал 3.


Қосымша 4.

Тарау/Тақырып: Тутанхамон табыты ежелгі мысырлықтардың өмірі туралы қандай құпия сақтайды.

Оқу мақсаттары:

5.2.1.2 ежелгі діни-наным сенім түрлерін білу: тотемизм, анимизм, фетишизм, магия

Ойлау қабілетінің деңгейі:

Қолдану

Қолдану критерийлері:

  • Ежелгі мысырлықтардың діни-наным сенімдерін біледі және сипаттайды

Тапсырма

Тарихи деректен үзінді оқып сұраққа жауап беріңіз

«Өлгендер кітабы (үзінді)

«Жаратқан ием, ақиқат әмірші табынушым, саған шүкір. Мен саған келдім, мырзам менің. Сен өзіңнің сұлулығыңды тамашалау үшін мені жетелеп алып келдің. Мен сені білемін, сенің атыңды да білемін, 42 құдайдың да атын білемін. Сенімен бірге салтанатты сарайда екіжақты ақиқат бірге тұратынын, мейірімсіздікті аңдып және ақырет күнінде олардың қанымен қоректенетінін де белемін. Сондықтан мен саған келіп тұрмын, әмірші ақиқат; мен өтірікті ығыстырып, шындықты алып келдім. Мен біршама адамдарға әділетсіз істер істеген емеспін және оларды өлтірмедім. Мен оларға қиянат жасамадым. Мен құдайларға да жамандық жасаған емеспін... Шіркеулердегі нандарына ортақтасқан емеспін, құдайлардың тағамдарын кеміткен емеспін. Мен олардың астықтарының көлемін азайтқан жоқпын, олардың егістік алқаптарының көлемін азайтқан жоқпын және ұзындығын бұзған жоқпын... Мен тазамын, мен тазамын, мен тазамын, мен тазамын...»

Крушкол Ю. С. Ежелгі дәуір тарихы бойынша хрестоматия. М., 1987 С. 47

Осындай ант берген адам қандай жағдайда деп ойлайсыз?

Бұлай ант беру неге керек болды деп ойлайсыз?

Дескрипторлар

Оқушылар:

  • Ежелгі египеттіктердің о дүниедегі өмірін көрсетіп суреттей алады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу