Қазақстанда жасалған. Дүниетану, 4 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Бренд дегеніміз – елдің, тұтас бір ұлттың келбеті, жарнамасы. Ол сәулет немесе киім үлгісі, туризм немесе халық мәдениеті болуы мүмкін. Ең бастысы – олар өтімді, сұранысқа ие болу керек. Яғни, ел экономикасына қомақты қаржы түсіруі тиіс. Ғалымдардың ойынша, сәулет өнері мен халқымыздың мәдениетін ұштастыру арқылы туризмнің дамуына жол ашуға болады. Нағыз бренд – жаппай қолданыстағы құрал немесе елдің бәріне күнделікті қажет заттардан тұру керек.
Оқушының аты-жөні:_____________________________________
1-тапсырма
Суреттерде қазақстандық ұлттық брендтердің логотиптері ұсынылған. Бұл брендтер қай салада дамыған? Олар туралы не білесің? Берілген брендтердің біреуін сипаттап жаз.
- Тағы қандай ұлттық брендтерді білесің?
- Тағы нелерді ұлттық бренд ретінде ұсынар едің? Неліктен?
- Өзің ұсынған заттардың біреуіне логотип құрастырып көр
Білім алушы
- аталған ұлттық бренд түрлерін сипаттайды;
- ұлттық бренд түрлерін толықтырады;
- ұлттық бренд ретінде санауға болады деген заттардың тізімін ұсынады;
- өзі ұлттық бренд ретінде санағысы келетін заттың логотипін жасайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру