Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7- тарау «Су- тіршілік көзі»
| Мектеп: | ||||||||||||||
Мерзімі: 4-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | ||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар? | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.4.3 Әр түрлі дереккөздердің негізінде табиғи ортадағы тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау. 3.1.4.4 Табиғи ортада өз қауіпсіздігін жоспарлау | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - қауіпті жағдайдың пайда болу саласын түсіндіреді; Терминология: -қатер; -табиғи қатер; -техногенді қатер; -экологиялық қатер. Талқылауға арналған сұрақтар: -Неліктен табиғи қатерлерден құтылу мүмкін емес? Жазуға арналған тапсырма: - қауіпсіздік ережелерін жасау ... (таңдау бойынша) | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет пен ынтымақтастық-бірлескен топтық жұмыс кезінде көрініс табады. Төтенше жағдайларда қауіпсіздік ережелерін құру арқылы өз өміріне жауапкершілікпен қарау құндылығының қалыптасуына қол жеткізіледі. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: Төтенше жағдайлар,табиғи катаклизмдер, табиғи ортадағы қауіптер ұғымдары Информатика: алгоритмдік ойлауды қалыптастыру. | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 2 сыныпта «Қоршаған орта» тарауында табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеуді оқып, талдаған. Табиғи катаклизмдердің түрін ажыратады. 3 сыныпта «Жанды табиғат» тарауынан ауа-райының қолайсыз жағдайындағы және табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын біледі. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 6-8 9 |
«Қ», «А», «Т», «Е», «Р» сынып бөлмесіндегі 5 әріпті алдын ала тығып қойыңыз. Табылған әріптер тақтаға ілінеді. Әріптерден сөз құрауды сұраңыз. Оқушыларға "ҚАТЕР" сөзінің мағынасын түсіндіруді және "табиғаттағы қауіптер" тақырыбымен байланыстыра отырып мысалдар келтіруді ұсыныңыз. Қорытынды жасаңыз. Қатер - адамның өмір сүру ортасындағы қауіпті жағдайдың туындау мүмкіндігі.
Әрбір топқа табиғи ортадағы қатерлермен байланысты тұрмыстық жағдайлар сипатталған карточкалар таратылады. Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдеріне (табиғи катаклизмдер, табиғи катаклизмдер кезіндегі қауіпсіздік ережелері, табиғи және жасанды орта) сүйене отырып, шешу жолдарын тауып, қорытынды жасаулары тиіс.
| Әріптер (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Таратпа карточкалар (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №4 | |||||||||||||
Сабақ ортасы 10-14 15-19 20-27 28-36 |
Оқушыларға мәселе сұрақ қойып, сызбаға негіздей отырып жауап беруді ұсыныңыз. «Қоршаған ортаның көптеген құбылыстары адам үшін қауіпті болуы мүмкін. Қауіп қайдан келуі мүмкін?» Әр оқушы алдымен дәптерге өзі жауап жазуға тырысады, содан кейін ұжымға талқылауға салады. Бағалау критерийлері: - адамның өмір сүру ортасындағы қауіптердің пайда болу салаларын біледі.
Оқушылар 4-5 топқа бөлінеді. Әр топқа мәтін беріледі (дидактикалық материалды қараңыз). Топта материалдарды зерттеу қажет. Топ мәтінінің мазмұны бойынша " неге..." деп басталатын 6 сұрақ құрастырып басқа топқа қояды. Тапсырма қорытындыланады. Бағалау критерийлері: - табиғи, техногендік және экологиялық қатерлерді ажыратады; - табиғи ортада қатерлерді анықтаудың маңыздылығын түсінеді.
Оқушылар алгоритм мен бағалау критерийлеріне сәйкес оқиға құрастырады. Алгоритм:
Оқиғаны бағалау критерийлері:
Байқау қорытындысы келесі сабақтың басында шығарылады. Бағалау критерийлері:
Кіші шеңбер оқушылары үлкен шеңбер оқушыларына "Су-тіршілік көзі" бөлімі бойынша сұрақтар қояды. Белгі бойынша қозғала отырып, әр оқушының сұрақтар қоюға және жауап беруге мүмкіндігі болады. Сұрақтар тек сабақ бойынша ғана емес, сонымен қатар оқылған бөлімнің материалдары бойынша да болуы тиіс. | Әр оқушыға сызба (дидактикалық материалға қараңыз) Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Суреттер Ақ парақтар, қарындаштар, маркерлер Стикерлер (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | |||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): "Табиғи ортада әрқашан қауіпті" деген тұжырымға оқушылар "иә" және "жоқ" деген дәлелдерді жазып, мұғалімге тапсырады.
|
Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | |||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Сабақ барысында әр түрлі тапсырмалар оқушыларға әр түрлі шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Қабілеті жоғары оқушыларға "Артығын тап" тапсырмасын ұсынуға болады, мысалы: қар көшкіні; жер сілкінісі; аяз; смерч (артық сөз: смерч, өйткені Қазақстан аумағына тән емес ). Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға өз жақындарынан ТЖ-да болған-болмағанын және осы жағдайда қалай әрекет еткенін сұрауды ұсыныңыз. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. "6 неге" тапсырмасы "3 шапалақ" стратегиясы бойынша бағаланады. Бұл сабақта рефлексия мазмұнды сипатта болады және сабақтың мақсатына жету деңгейін көрсетеді. Бөлім аяқталғаннан кейін тестілеу өткізуге болады (жабық және ашық сұрақтармен). | Оқушылардың топпен жұмыс барысында еркін жүріп-тұруы денсаулықтарына пайдалы. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру