Спорт – денсаулық кепілі! Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- «5сұрақ» стратегиясында оқушыларға өздері жауап бере алмайтын сұрақтар қоймауларын алдын-ала ескертіңіз. Егер оқушылар сұрақ құрастыруда кедергілерге тап болса, төмендегідей мысалдарды ұсыныңыз:
- Неліктен адамдар спортпен шұғылданады?
- «Спорт» дегеніміз не?
- Спорттың қандай түрлері бар?
- Әлемнің / Қазақстанның атақты спортшыларын ата.
- Спорттың қай түрін және қалай таңдауға болады?
- Бейнерепортажды көрсету
Оқушыларға ҚМЖ-да көрсетілген бейнені ұсынуға болады. Сондай-ақ, интернеттен іздеу мүмкіндігі болған жағдайда, оқушылар өздері қазақстандық спортшылар, соңғы Олимпиада ойындарының (қысқы және жазғы) жеңімпаздары туралы іздеп ақпарат табуларына болады.
- Суреттердегі спорт түрлері келесі тәртіпте топтастырылады:
- Жазғы спорт түрі;
- Қысқы спорт түрлері.
- «Сен білесің бе?» тапсырмасына қосымша
Олимпиада ойындарының тарихы
Олимпиада ойындарының тарихы Ежелгі Грекияда басталып дамыған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындарының бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Гректер спортты ең бірінші күнделікті тұрмыс тіршілігінің бір бөлігіне айналдырған ұлт өкілі болып саналады Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетіледі.
Қазақстандағы танымал спорт түрлері:
-Қазақстандағы олимпиада шыңын бағындырған көшбасшы спорт түрлері (бокс, ауыр атлетика, күрес).
- Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
-Ұлттық спорт түрлері («Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Көкпар», «Қазақша күрес», «Қыз қуу», «Жорға», « Жаяу жарыс».
- Қосымша сілтемелер:
- Қысқы спорт түрлері
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=RxJw-GRzchY
- «Спорт түрлері» суреттері:
http://cdn1.pri.org/sites/default/files/story/gallery/RTX1540B.jpg
http://s2.thingpic.com/images/rt/o18LQFK3p6rg7HQUoLgeJ5Xf.jpeg,
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру