Мен қазақстандықпын. Дүниетану, 2 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
№1 Оқушыларға ұсынылатын ресурстар.
Топпен жұмыс барысында оқушылар осы ресурстарды пайдалана отырып, шетелдік жас туристерге рәміздерді таныстырады.
№2 Қонақтарға естелік ретінде открыткалар
№3
Мақал жаттау және мағынасын ашу.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қосымша материалдар
https://www.youtube.com/watch?v=PBPFWmzB-Xs
https://www.youtube.com/watch?v=qZ_uyHHKAxc
https://www.youtube.com/watch?v=OA8jSCDYGS0
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан, бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұран. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы Күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның Әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Алғаш рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әні - композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев. Источник: http://old.balapantv.kz/telekanal/senblesinbe/detail.php?page=53861 www.balapantv.kz
Көк туды шетелде желбіреткен спортшылар
Әнұранды шырқау салтанаты
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру