Дәмді әрі пайдалы. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Оқу ісінің меңгерушісі:_____________________

Пәні: Дүниетану

Мектеп: Т. Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектеп

Тақырыбы:

Дәмді әрі пайдалы.

Күні:

Мұғалімнің есімі: Қанайбек Балауса Асхатқызы

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • Дұрыс тамақтану туралы біледі;
  • Дұрсы тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді;
  • Тамақтану режимін сақтау қажеттігін түсінеді.
  • Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақ жайлық ұғымын түсінеді

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Дұрыс тамақтану, ұлттық тағамдар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: қазақ тілі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай тағамдарда дәрумендер көп?
  • Чипсы – пайдалы тағам ба?

Қандай тағам мидың жұмысын жақсартады?

Алдыңғы оқу

Ертеде қалай тамақтанған?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы

(5 минут)

1мин

2мин

2мин

Ұйымдастыру кезеңі

1)Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық бәріміз

Арайлап атқан күндей

2)Сыныпты жемістер арқылы 4 топқа біріктіру.

1 топ: Құлпынай 2 топ: Алма3 топ: Өрік 4 топ: Қарбыз

3) «Ойлан»Таңдаған жемістер жайлы әр топтың ойын тыңдау

  • Балалар бұлар нелер?
  • Дәмі қандай?
  • Адам ағзасына пайдалы ма зиянды ма?
  • Жарайсыңдар. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

Шаттық шеңбері

Жемістер

суреттері

Ортасы

(35 минут)

4мин

10мин

2мин

10мин

4мин

5мин

Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақ жайлық ұғымын түсінеді;

Жаңа сабақты хабарлау

- Жақсы. Олай болса біздің тақырыбымыз «Дәмді әрі пайдалы»

  • Бүгінгі сабақта біз қалай дұрыс тамақтану туралы және дұрыс тамақтану ережесін құрып үйренеміз. Ұлттық тағамдармен танысатын боламыз.Суреттен не бейнеленген?
  • Қандай ұлт өкілдерін көріп тұрсыңдар?

Балалар қазақстанда ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз. Қонақтарға дәмді әрі пайдалы ұлттық тағамдарды ұсынамыз.

- Ұлттық тағамдарға нелер жатады деп ойлайсыңдар?

- Жарайсыңдар! Ұлттық тағамдардың өзі төрт топқа бөлінеді.

Олар:

1 Ет тағамдары: Бешбармақ, қуырдақ, сірне, сорпа т.б

2. Ұннан жасалған тағамдар: бауырсақ, таба нан, май шелпек, қаттама т.б

3. Сүт тағамдары: айран, қатық, сүт, құрт, қаймақ, кілегей, сүзбе т.б.

4. Дәнді дақылдардан жасалған тағамдар: Бидай көже, талқан, тары, жент т.б

Дұрыс тамақтану туралы біледі;

Дұрыс тамақтану, ережелерін құрастыруды үйренеді;

(МК,Т,Ұ,Қ ) Постер жасап,қорғау,талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп,кері байланыс жасау. «Бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау

(Т) Фишбон әдісі.

1 топ: Ет тағамдарын тауып балыққа орналастырады.

2 топ: Ұннан жасалған тағамдарды тауып орналастырады.

3 топ: Сүт тағамдарын табады.

4 топ: Дәнді дақылдардан жасалған тағамдарды табады.

Оқулықпен жұмыс. Хат

“Менің атым Руслан. Менің үнемі ішім ауырады. Анам мұның себебі дұрыс тамақтанбаудан дейді. Маған сендердің көмектерің қажет.”

  • Русланға қалай көмектесуге болады?- Оған қалай дұрыс тамақтануға болатынын түсіндір?

СЕРГІТУ СӘТІ

(МК,Ж,Қ)«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы

1-жұп: Үнемі таңғы асқа _______ жеу керек.

Керек сөздер. ботқа, бешбармақ.

2-жұп: Ботқа ________ пайдалы. Керек сөздер: қоғамға, денсаулыққа

3-жұп: Ботқа _________ тағам.

Керекті сөздер: пайдалы, зиянды.

4-6 жұп. Суреттерді боя.

4- жұп:

5-жұп:

6-жұп

7-9 жұп: Сурет салу.

7-жұп: сүт өнімдері

8-жұп: зиянды тағамдар

9-жұп:

10-11 жұп: Сәйкестендір.

10 жұп. Сүт өнімдер.

Сүт өнімдері

Бешбармақ құрт нан сорпа айран сүт су

11-жұп:

Ұн өнімдері

Бауырсақ ет нан тары бәліш тәтті тоқаш

Дәптермен жұмыс: кестеге пайдалы және зиянды тағамдардың нөмірін жаз

Пайдалы тағамдар

Зиянды тағамдар

«Сен білесің бе?» Жаңа ақпарат

«Кім жылдам?» Ермексаздан жаңғақ жасату

  • Жаңғақтың бірнеше түрі.
  • Жаңғақ туралы мәлімет бересіңдер ме?

Адамның миына жаңғақтың барлық түрі пайдалы. Жаңғақ есте сақтау қабілетін жақсартады.

(МК,Ө,Қ) –Ал енді , балалар, кестеге сүйеніп әркім өзі қалай тамақтану керектігі жайлы ереже құрастырып көріңдерші

Тамақтану ережесін құрастыру. Бір-екі оқушы тыңдау, бағалау

Слайд

Балық қаңқасы, түрлі тағамдар.

Оқулық 74-75 бет

Видео жазба

Сөйлемдер

Суреттер

Жұптық тапсырмалар

Жұмыс дәптері.

слайд

Ермексаз

Жаңғақтың түрлері.

Соңы

(5мин)

4мин

1мин

Қорытынды.

Ия, жоқ стратегиясы.

  • Айран ет өніміне жатады. (жоқ)
  • Бешбармақ ұлттық тағам. (ия)
  • Сүт адам ағзасына зиянды. (жоқ)
  • Сүттің түсі- ақ. (ия)
  • Алма жерде өседі. (жоқ)
  • Нан бидайдан алынады. (ия)
  • Бананның түсі қызыл. (жоқ)
  • Құрт ет өнімінен жасалады. (жоқ)
  • Кола пайдалы сусын (жоқ)
  • Кәмпит тәтті ( ия)

Кері байланыс «Менің көңіл күйім» смайликтер арқылы

Кесте.

Смайликтер

Қосымша ақпарат

Баларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс:

Қауіпсіздік және еңбекті

қорғау ережелері:

АКT-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс.

Мадақтау,қолдау көрсету

Деңгейлік тапсырма

Проблемалық сұрақ қоямын

Бағалау парағы

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсіндім Түсінбедім

Дүниетану, сауат ашу, көркем еңбек

Дұрыс тамақтану үшін дұрыс әрект құндылығының мәнін ашу.

Рефлексия

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспарда қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1.

2.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт:

1.

2.

Осы сабақтан келесі сабақты өткізуге септігін тигізетін сынып және жеке оқушы жайлы не білдім?

1.

2.

3.

Бекітемін:Мектеп директоры__________________Бекбосынов М.Р

Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектеп

Ашық сабақ Тақырыбы: Дәмді әрі пайдалы.

Мұғалім: Қанайбек Балауса Асхатқызы

Талғар қаласы 2017жыл



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.