Мен және менің мектебім. Дүниетану, 1 сынып, дидактикалық материал.


  • Кітапхана туралы мәлімет

Кітапхана алғаш рет ежелгі Шығыста пайда болды. Саздан жасалған тақтайшаларды алғашқы кітапхана деп атаған. Олар шамамен б.з.д. 2500 жылы негізі қаланған Вавилонның Ниппур қаласының ғибадатханасынан табылды. Өте танымал көне шығыс кітапханасы ретінде б.з.д. VII ғасырда Ниневидегі ассириялық Ашшурбанипала патшасының сарайынан табылған сына жазу тақташаларының жинағын айтуға болады. Ежелгі Грекияда алғашқы кітапхананың негізін Гераклде Клеарх құрды.Александрия кітапханасының негізін б.з.д. Птоломей І құрды. Ол ескі кітаптардың ірі орталығы болды.Абай атындағы Семей кітапханасы – Қазақстандағы тарихи кітапханалардың бірі.Ол 1883 жылғы 20 қыркүйекте құрылған. Кітапхана құрастыру ісін Қазақстанға жер аударылған саяси қайраткерлер бастады. Құрылған жылы кітапхана қорында 274 дана кітап болды. Кітапхана қызметін130 оқырман пайдаланды. Кітапхананың алғашқы келушілерінің қатарында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаев та болды.

Мектеп туралы жұмбақтар

Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.    (Мектеп)

 

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм)

 

Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)

 

Шәкiртке жанашыр,

Мейiрман кiм, жаны асыл?   (Ұстаз)

 

Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)

 

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

 

МҰҒАЛІМ

ДИРЕКТОР АСПАЗШЫ КІТАПХАНАШ Ы

МЕДБИКЕ

ЕДЕН ЖУУШЫ

КҮЗЕТШІ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу