Жақсылықпен жаным дос. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Сабақ: Дүниетану | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||||
Сынып: 1А | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1 Мен және менің отбасым | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.1.2.3 Мектепте өзін ұстау ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру. | ||||||
Тілдік мақсаттар |
Үй мен мектеп арасында қандай қауіпсіздік маршрутын құру керек?…. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу | ||||||
Пәнаралық байланыс | Сынып оқушыларымен қарым- қатынас, мектеп ережесі тақырыптарына әңгіме құру барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтордан суреттер алады. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында алған білімдеріне сүйенеді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
| (Ұ)Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды. Оқушылар оң жақта, сол жақта кімнің отырғанын анықтайды. Көршілерінің аттарын айтады. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Әрбір оқушы кезектесіп өзі туралы хабарлайды: Менің аты-жөнім; Менің жасым; Менің көзімнің түсі; Менің мекен - жайым; Менің сүйікті үй жануарым. | Тақырыпқа байланысты суреттер, дорба,әр түрлі заттар,үлестірмелі материалдар. | |||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (О.Т) Тақпақ жаттау. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге! ұқсайтынын сұрау. Жұппен жұмыс.Оқушылар жұптаса отырады. Олар кім екенін және қайда тұратынын айта отыра өздерін таныстырады. Одан кейін оқушылар өз өмірінің кейбір сәттерін талқылайды: 1. Сүйікті заты, аяқ киімі және киімі 2. Сүйікті естеліктер. 3. Өзі туралы қызықты (ерекше) жайттарды әңгімелейді. 4.Үйден әкелінген фотосуреті бойынша әңгімелейді. Әркім өзінің жұбының суретін салады. «Партада кіммен отырасың? Сыныпта досың бар ма, ол кім? Кім мектепке сыныптасымен бірге келеді?» – деген сауалдар төңірегінде әңгіме құрастыруды ұйымдастыру. (Ө) Оқушылардан сыныптасымен қандай қарым қатынаста болуы керектігі жайында ойлануына мүмкіндік беру
(О.Т) Сынып оқушыларын 2 топқа топтастырыңыз, «жақсылық» пен «жамандық» сөздерін ажыратып, тақтаға жазу. Дидактикалық ойын: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?». Екі топтан балалар шығып, нұсқау бойынша интерактивті тақтадан берілген суреттерді әңгімелей отырып, қолдарындағы ақ және қара текшені көтереді. (жақсылық- ақ текше, жамандық- қара текше) (Ж,Т) Әрбір оқушы өздерінің қандай жақсылық жасағандары немесе жақсы іс істегендері туралы қысқаша айтады. (Ұ) Мұғалім әрбір оқушының жазған ойларын талқылайды. Жақсылық жасау дегеніміз – біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың, жамандықты ойламай, өзгелерді ренжітпей, айналаңа жақсы істер жасап қуантсаң, жақсылықпен дос болсаң, көңілің қуанышқа бөленіп, бақытты боласың. | ||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. Сабақтың қорытындысын «Релаксация» арқылы жай әуенмен аяқтау. Мен білдім... Мен үйрендім... Маған ұнады.... Мен қиналдым.... Менің көңіл – күйім..... | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Өз ойын топта немесе сынып алдында айтуда қысылатын оқушыларды жұпта әңгімелесуге біріктіру. | Оқушылардың талқылауға қатысуын, фотосуреттер бойынша әңгімелеуде өз ойын жеткізуін бағалау. | Сергіту сәті және көзге арналған жаттығулар. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру