Командалық оқытуда озық тәжірибе түрлері. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Ойын сауық ойындарының мәселесін шешу дағдысы
Оқу мақсаты
11.2.3.3. Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын анықтау.
11.2.5.5. Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру нәтижелерін бағалау.
http://nvsu.ru/ru/Intellekt/1135/Krasnikova%20O.S.%20Uroki%20basketbola%20Igrovie%20uprazhneniya%20i%20igri%20-%20Uch-metod%20posobie%20-%202013.pdf
"РИТМ ЖҮГІРУ» ойыны
Финттер және әдістердің үйлесімі
Баскетболдың заманауй әдістерін талдау әдетте жекелеген амалдарды зерттеуге негізделеді. Алайда жарыс іс-тәжірибесінде бұл амалдардың барлығы жеке түрде өте сирек қолданылады. Белгілі бір ойын жағдайында күрделі тәсілдік міндеттерді табысты шешу үшін оларды бір амалмен екінші амалды бірізді үйлестіру немесе финтпен ұштастыру арқылы кешенді түрде қолданады.
Финт аталған жағдайдың берілген әдіс амалының дайындық кезеңінің басын бейнелеу болып табылады, ол аталған сәтте шынайы орындалуы мүмкін. Финтте айқын көрінетің дербес мән жоқ, өйткені шешуші сөз әрқашанда финтпен логикалық үйлесімде болады және қарсыласы оған әрекет жасау үшін тепе-теңдік қалпынан шыққан соң орындалуы тиіс.
Ойын іс-тәжірибесінен туындаған кешенді амалдар мен финттер өзі-ақ біртұтас үйлесімге өтеді. Олардың құрылымы дербес зерттеуді керек етеді.
Әдістер саны мен финттерді, сондай-ақ олардың өзара байланыстары мен ауысу ерекшеліктерін ескере отырып көптеген үйлесімдерді екі топқа бөлуге болады:
- доппен және допсыз орындалатын екі немесе бір әдіс пен финтті қарастыратын үйлесім (мысалы, жұлқыну-тоқтау: бір қырына қарай, келесі жағына қарай жұлқынуға арналған финт; бұрылыс немесе доп беру; жүргізу-беру; қағу-беру; жүргізу-лақтыру; бір жағына қарай доп беруге финт-келесі жаққа қарай доп беруге финт; сол қолмен торға доп салуға-оң қолмен доп салуға финт);
- жекелеген үш әдісті немесе екі әдіс пен финтті тіпті бір әдіс пен екі финттен құралған доппен және допсыз орындалатын үйлесімдер (мысалы, жұлқынуға финт жұлқыну-тоқтау; жүргізу-тоқтау-беру; бұрылу-жүргізу-беру; өткізуге финт-өткізу салу; салуға финт-өткізу-салу).
Төрт әдіс пен финтті қарастыратын үйлесімдер де кездеседі, бірақ олар әдетте дербес сипатқа ие болады.
Жарыстарда жиі қолданылатын бірінші және екінші топқа тән әдістерге қысқаша талдау жасаймыз.
Жұлқынуға финт – жұлқыну. Ойыншы сол аяғын алға-солға қояды, тұлғаны солға қарай сәл иеді және қорғаушыға оны сол жағымен айналып өтетінін көрсетіп, көз қырын да солға салады. Егер қорғаушы финтке еліксе, онда қорғаушыға жақындап, оң аяқпен тұлғаны алға бүге кілт қадам жасау керек.
Жүргізу-беру Допты жүргізген ойыншы тоқтамай және допты қолға алмай бір қолмен доп беруді орындайды. Кенеттен доп беру.
Өту финті - өту Ойыншы өтуді бейнелеп, алға-солға қадам жасап, добы бар қол да сол бағытқа қарай жіберіледі. Қорғаушы финтке еліккенде, ойыншы тез серпіліп, сол аяқ қадамымен доппен қорғаушыға жақын оңға кетеді.
Лақтыру финті – доп беру. Шабуылшы секіре доп салу үшін доппен жоғары секіреді. Оған қарсыласы белсенді қарсы әрекет көрсетеді. Келесі сәтте шабуылшы доп салудан бас тартып, допты торға шабуылдау үшін қалқанға қарай жүгірген әріптесіне береді.
Өтуге арналған екі финт - өту (57-сурет). Ойыншы сол аяғын алға-солға қойып, оңға өту үшін финт жасайды. Осы бағытқа добы бар қолын да созады. Шағын үзіліс керек: ойыншы сол орнында қалып, шабуылшыға белсенді әрекет келесі бағытқа бұрылатынын көрсетіп, көзқарасы мен басын бұрады. Қорғаушы бірақ осы сәтте ойыншы алдын ала жасалған финт жағына өтіп, соны жалғастырғандай болады.
Жүргізу – бұрылыс – салу. Торға шабуылдау үшін допты жүргізіп келе жатқан ойыншыға қорғаушы кез келеді. Сонда шабуылшы оң аяғымен сырғыма қадам жасап, оны тірек ретінде пайдаланып, артқа бұрылуды орындайды. Бұл оған қорғаушыны артта қалдырып, шығыршыққа доп салуға мүмкіндік береді.
Салуға арналған финт - өту салу. Ойыншы доп салуды көздеп, сол арқылы қорғаушыны алға қарай жүгіруге мәжбүр етеді. Сосын шабуылшы допты тез түсіріп, тұлғасымен оны жауып, қорғаушыға қарай тығыз жанаса өтіп, шығыршықты шабуылдайды.
Салуға арналған финт – салу. Ойыншы қалқанға қарай шығып, секіре отырып шығыршықтың бір жағына доп салу финтін орындайды, ал бірақ келесі жағынан «жартылай ілмектеп» доп салады
Салуға арналған финт – бұрылыс – салу. Орталық ойыншы қалқанға арқасымен тұрып, сол жақтан салу финтін орындайды, сосын алға-оңға бұрылып, бір қолмен жоғарыдан төмен шығыршыққа доп салады (59-сурет).
Салу финті – дпо беру финті – салу. Ойыншы қалқанға теріс қарап, орталық ойыншы қалпында тұрып допты алады да, ол бір қолмен «ілмектеп» доп салуға дайындалғанын көрсетеді, сосын солдан доп беру финтін орындайды. бағдардан айырылып қалған қорғаушыға тасталған допқа оң қолмен бөгет жасау қиындық тудырады.
Қорғаныс ойындарында финттерді білікті және ұтымды игеру мен оларды әдістермен үйлестіру (допты түсіріп немесек жұлып алу финті, тартып алу финті, қарсылас финтіне жалған елігу т.б.) – баскетболшылардың әдістік шеберліктерін арттырудың негізгі шарты.
Кері байланыс
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру