Командалық оқытуда озық тәжірибе түрлері. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар №
6 бөлім: Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Күні:. | ||||||||||
Сыныбы: 11 | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Командалық оқытуда озық тәжірибе түрлері.
| |||||||||
Меңгеру мақсаттары | 11.2.3.3. Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын анықтау. 11.2.5.5. Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру нәтижелерін бағалау 11.2.6.6. Жарыс іс-шараларының шарттары және төреші ережесін талдау және бағалау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Баскетбол ойыны арқылы жеке қозғалыс дағдыларды жетілдіріледі Командада әрекет ету арқылы бірлескен жұмысқа үйренеді Бірлескен жұмыста төрешілік етуге дағдыланады | |||||||||
Бағалау критерийлері | Ойындарды ережесіне сай ойнайды; Допты беру, жалғау, алып жүруді орындалу техникасына сай көрсетеді; Жеке дағдыларын өзгемен салыстырады. | |||||||||
Бағыттаушы сұрақтар | Жеке қозғалыс дағдылары деген не? Жеке қозғалыс дағдыларын қалай дамытуға болады? Бірлескен жұмыстағы жеке қозғалыс дағдыларын салыстыра білу неге маңызды? | |||||||||
Миссия, пайымдау, құндылықтар |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Топтық ойындардағы дағдылары мен түсінуін сипаттай, талқылай және көрсете алады Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:
Талқылау үшін сұрақ:
| |||||||||
Пән аралық байланыс | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. | |||||||||
Бастапқы білім: | Оқушылардың алддыңғы сыныптар мен сыныптан тыс жұмыстардан алған топтық ойындар туралы білім мен дағдылары бар | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | Құрал-жабдықтар (ресурстар) | ||||||||
Сабақтың басы: 2 мин. 4 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру. Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Сұрақ-жауап арқылы баскетбол ережелері, жеке дағдылар туралы ақпарат анықталады. Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды:
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді. Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды). Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді. | Әрбір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік. | ||||||||
Сабақтың ортасы: 2 мин. 10 мин. | 1-тапсырма: (С, ЖЖ, ҚБ) «Баскетболдағы негізгі дағдылар». Мақсаты: Топтық, жеке жұмыстар арқылы жеке дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: Мүғалім нұсқаулық жүргізеді, әр оқушымен сұхбат өткізеді, оқушылар топпен жұмыстанады. Мұғалім әрекеті: Бөлімді игеру барысында қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аударады; Сабақ тақырыбы мен мақсатарын толық түсіндіреді; Мұғалім ойын ережелерін түсіндіреді; Оқушылардың ойын кезінде жеткілікті күш салуын қамтамасыз етеді; Келесідей сұрақ қою арқылы білімді пысықтайды:
Оқушы әрекеті: Қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша нұсқаулықты тыңдайды. Сабақ тақырыбы мен оқыту мақсаттарына қатысты сұрақтар қояды. Төмендегідей тәртіппен тапсырманы орындауға тырысады: «Допты себетке тастау». Оқушылар бірнеше командаға лек түзеп, кезекпе-кезек допты алып жүріп себетке тастайды. Доп себетке түскенше өз командасына қайта келе алмайды. Бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді. «Кедергілерді айналып өту». Командалар бір лекке бой түзейді. Лектің алдарына ұзына бойына фишкалар қойылады, ойыншылар сол кедергілердің арасымен допты алып жүру арқылы өтіп, белгіленген жерді айналып қайтады. Тапсырманы тез, әрі тиянақты орындаған команда жеңіске жетеді. Дескриптор: - бірлесе жұмыстанады; - допты беру қабылдау барысында қолдар мен аяқтардың қалпын талапқа сай қояды. | Үлкен бос кеңістік. Ысқырғыш, баскетбол доптары. Мазмұн мен ережелер: | ||||||||
2 мин 15 мин. | 2-тапсырма: (К, Т,Ф) «Стритбол» Мұғалім әрекеті: Тапсырмаларды орындауда қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аударады. Тапсырмаларды толық түсіндіреді. Көшбасшыға ойын ережесі жазылған карточкалар дайындап береді; Сабақ барысында спорттық жабдықтарға байланысты ойын нұсқаларын өзгертір отырады; Ойын кезінде көшбасшы өз командасына көмектесуін бақылайды. Келесідей сұрақ қою арқылы білімді жетілдіреді:
Оқушы әрекеті: Мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындайды: Оқушылар үш командаға бөлінеді. Екі, үш топқа бөлініп, допты себетке айып добын орындау аумағынан, 3 ұпайлық аумақтан лақтыру. Баскетбол алаңының кез келген жерінен бір орында тұрып, дәлдеп лақтыру. Жүгіріп келіп, екі қадам жасап барып лақтыру. Ереже бойынша баскетбол ойынын ойнау. Ереже бойынша стритбол ойынын ойнау. Ойын барысында реттілікпен допты беруді сақтау. Допты ыңғайлы беру. «Екі жақты ойын». Сынып 4 командаға бөлінеді. Командалар баскетбол ережесі бойынша екі жақты жарысқа түседі. 1ші команда 2ші командамен кезедеседі, ал 3ші команда 4ші командамен кездеседі. Ұтқандары 1-ші орынға таласады Дескриптор: - тапсырманы орындауда қол аяқ қозғалысын үйлесімді көрсетеді; - өз команда жұмысының тиімділігін анықтайды. Бағалау: Алдын-ала жасақталған тапсырмаларды орындау арқылы бағаланады. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, секундомер. Бос кең алаң, ысқырық, секундомер, фишкалар. | ||||||||
Сабақтың соңы: 5 мин. | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік бағалау арқылы білім бекітеді. | Бос кеңістік. Кері байланыс түрлеріне сілтеме: https://www.google.kz/search?q=%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96+%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81+%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwiNp97jmfjZAhUsyqYKHaBNCzgQ_AUICigB&biw=1366&bih=613#imgrc=w73NC0bDGVFQJM: | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау: | Бағалау: | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: | ||||||||
Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды. АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді және де ойын барысында төрешілік етеді. | Теориялық білімді тексеру. Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап, бөліседі. | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау | ||||||||
Жалпы оқушыларды бағалау: Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау | ||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.