Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Акробатикалық қоспа №1

- Түзу тұрып оң қолды жоғары көтеріп жаттығуды бастауға рұқсат сұрау

- Негізгі тұрыс

- жүзушінің тұрысынан секіре созылып алға домалау

- таянып отыру

- артқа тербеліп жауырынға тұру

- алға тербеліп таянып отыру

- жинақталып бір рет алға домалау

- таянып отыру

- негізгі тұрыс, оң аяқпен оңға аттап

- көпірге түсу (тұрып көпірге түсе алмайтындар шалқадан жатып көпір көтереді)

- таянып отыру

- жинақталып артқа екі рет домалау

- негізгі тұрыс

- қолды екі жаққа созып жаттығуды бітіру.

Акробатикалық қоспа №2

-Түзу тұрып оң қолды жоғары көтеріп жаттығуды бастауға рұқсат сұрау

- отырып таяну

- жинақталып алға екі рет домалау

- артқа тербеліп жауырынға тұру

- алға тербеліп таянып отыру

- жинақталып артқа бір рет домалау

- таянып отыру

- негізгі тұрыс, оң аяқпен оңға аттап

- көпірге түсу (тұрып көпірге түсе алмайтындар шалқадан жатып көпір көтереді)

- таянып отыру

- секіріп аяқты кең қойып таяну

- осы тұрыстан секіріп бір рет алға домалау

- таянып отыру

- жинақталып артқа екі рет домалау

- негізгі тұрыс

- қолды екі жаққа созып жаттығуды бітіру.

Акробатикалық қоспа №3

-Түзу тұрып оң қолды жоғары көтеріп жаттығуды бастауға рұқсат сұрау

- отырып таяну

- жинақталып алға бір рет домалап барып секіріп, ауада 180 градусқа бұрылып тік негізгі тұрысқа тұру

- тянып отыра беріп, жинақталып артқа бір рет домалау

- жинақталып алға бір рет домалап барып секіріп, ауада 180 градусқа бұрылып тік негізгі тұрысқа тұру

- оң аяқпен оңға аттап көпірге түсу (тұрып көпірге түсе алмайтындар шалқадан жатып көпір көтереді)

- таянып отыру

- артқа тербеліп жауырынға тұру

- жинақталып алға бір рет домалау

- таянып отыру

- жинақталып артқа екі рет домалау

- негізгі тұрыс

- қолды екі жаққа созып жаттығуды бітіру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.