Топтық динамиканы және көшбасшылықты түсіну. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: Эмперикалық оқу арқылы көшбасшылық қасиеті

Күні:

Сынып: 11

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Топтық динамиканы және көшбасшылықты түсіну

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.4.4. Дене жаттығуларының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ережелер мен құрылымдық әдістерін бағалау және түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған жаттығуларға үйрету 

Бағалау критерийлері

  • Көшбасшылық қабілеттерін көрсете алады 
  • Сабақ барысында Қауіпсіздік ережесін көрсете алады 
  • Топта жұмыс жасай алады 

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика мен терминология

  • Командалық жұмыс
  • Жеке ойын
  • Әділ ойын
  • Көмек қолын созу
  • Көшбасшылық қасиет
  • Ұйымдастырушылық

Топта жұмыс

Құндылықтарға баулу

Ұжыммен жұмыс жасай білу

Пәнаралық

байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Әлеуметтік дағдыларды топта жұмыс жасау арқылы дамыту

Алдын ала білімі

Оқушыларда алдындағы сыныптарда және мектептен тыс қызметтен денсаулық және дене белсенділігі машықтары мәселелері бойынша тәжірибесі болады деп күтіледі.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақта жоспарланған қызмет

Құралдар

Сабақтың басы

10 минут

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Одан кейін мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырады. Сабақтың басында ерекше көңіл бөлетін боламын:

- оқушылардың зейінін қоюына;

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ

- оқушылармен «жақын арадағы даму аймағын» және сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау.

) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

(ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды.

Мұғалім көшбасшымен кері байланыс жүргізеді.

Үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

5 минут

6 минут

2 минут

2 минут

(С, ЖЖ, ҚБ) Доппен жаттығулар

Допты еденде ұру

  • Допты еденнен саусақтармен қысып көтеру;
  • Допты бір қолмен лақтырып қағып алу;
  • Допты бастан жоғарыда қағып алу;
  • Допты еденге тигізбей жылдам қағып алу;
  • Допты еденге тигізбей отырып қағып алу;
  • Жұпта допты екі қолмен лақтыру;
  • Екі қолмен допты жоғары лақтыру;
  • Допты еденге соғу.

(С, ЖЖ, ҚБ) Допты төменнен ойынға қосу:

1. Допты қабырғаға қосу 3-6м арақашықтықта

2. Допты жұппен ойынға қосу

3.Допты тордан 3-9 м қашықтықта ойынға қосу

4. Алаңның сыртынан допты алаңға жеткізу

5. Допты алаңның оң және сол бөліктеріне ойынға қосу

6. Допты алаңның алдыңғы және артқы бөліктеріне ойынға қосу

7. Допты дәлдеп ойынға қосу 1,6,5 зоналарға.

Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалап әрбір оқушыға кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері

Тапсырманың дескрипторлары:

Допты ойынға дұрыс қосады

- Допты алдына биікке лақтырады;

-Саусақтарын дұрыс қояды;

- Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

(С, ЖЖ, ҚБ) Волейбол оқу-жаттығу ойыны: "Ортадағыға доп"

Алаңға шеңбер құрып – ортадағы ойыншыға допты жоғарыдан береді.

Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап, әр оқушыға кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері

Тапсырманың дескрипторлары:

- Топта жұмыс жасай алады.

- Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

- Допты жоғарыдан дұрыс береді;

- Допты жоғарыдан дұрыс қабылдайды.

Сынып үш топқа бөлінеді

(С, ЖЖ, ҚБ) Волейбол элементтерімен эстафета

1. Капитан допты тура алдында ұстап тұрады. Дізесін бүгіп, созып тордың келесі бетіндегі әріптесіне жеткізіп, саптаң соңына тұрады.

2. «Допты үстінен беру». Капитан допты тордың үстінен лақтырады. Ойыншы допты үстінен ойынға қосып, саптың соңына тұрады. Ойын барлық ойыншы капитан қызметін атқарған кезге дейін жалғасады. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

3. Торға дейін допты ұстап жүгіріп келіп, лақтырып келесі бетінен қағып алу керек. Торды айналып өтіп, келесі ойыншыға допты беріп сапқа тұру қажет.

Бағалау критерийлері

Тапсырманың дескрипторлары:

- Топта жұмыс жасай алады.

- Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

- Допты техникалық жағынан дұрыс береді;

- Топтарда комбинациялық жаттығуларды дұрыс орындайды.

Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап, әр оқушыға кері байланыс береді.

Сұрақтар: Көшбасшыны қалай анықтадыңдар? Көшбасшы ойында өзін қалай көрсете алды? Бір топта бірнеше көшбасшы бола алады ма?

Әр жаттығу үшін үлкен бос ойын кеңістігі. Мұғалім үшін ысқырық. Алаңдағы тактикалық әрекеттерді белгілеу үшін фишкалар, конустар. Оқу жаттығуын орындауға қажетті волейбол доптары.

Оқыту видеосына сілтеме:

http://www.uchportal.ru/load/298-1-0-57842

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Физикалық денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларды қолдана алады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушылар физикалық денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларды қалай қолдану керектігін түсіндіре алады деп жоспарлап отырмын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Оқушылардан кері байланыс алу арқылы.

Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.