Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар табу дағдысын жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар табу дағдысын жетілдіру.

Оқу мақсаттары

9.1.2.2 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу.

 Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білуді үйрету.

 Бағалау критерийлері

  • ойын кеңістігінде қимыл-қозғалыс комбинацияларын реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздей алады;
  • ойын кеңістігінде қимыл-қозғалыс комбинацияларын реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • шабуыл: финт, соққы, ену, жалтару, алдау
  • қорғау: дербес қорғау
  • пас, беру, доппен және допсыз қозғалу, ұстап қалу.
  • тактика және стратегия
  • команданың ұйымшылдығы, командалық ойын
  • қорғаушылар, жартылай қорғаушылар және шабуылшылар, орталық
  • кеңістікті пайдалану
  • рөлдер: көшбасшы / капитан, талдаушы, орындаушы.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді)

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған қозғалыс белсенділігі бойынша тәжірибесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Қолайлы ортаға талаптау, оқушылар ортаға шығып екі шеңбер құрайды (ұлдар, қыздар), оң және сол жаққа бұрылып бір-біріне иық тұсына ұқалау жасайды.

3. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

4. Жүгіру: Сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс.

5. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

6. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау:

- тізені көтеріп жүгіру

- аяқты артқа сермеп жүгіру

- аяқтан аяққа секіріп жүгіру

- қиғаштап жүгіру

- дене артымен жүгіру

- жылдам жүгіру

7. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

8. Жалпы даму жаттығулары орында орындалады.

Әрбір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш, фишкалар.

Сабақтың ортасы

25 минут

Тапсырма

(Т, ҚБ) Сыныпты топтарға бөлу. Оқушылар топта (3 қарсы 3) бір доппен жұмыс істейді. Бір команданың мақсаты-доппен және допсыз алаңмен қозғалу және доп беру арқылы бақылауды сақтау. Қарсыластың ойыншылары допты алып қоюға тырысуы керек. Оқушылар қарсыластың ойыншылары ұстап алмастан белгілі бір көлемде бір біріне допты берген кезде, «гол» соғылды деп есептеледі. Допты алып қойған кезде командалар содан кейін «шабуылдаушы» командаға айналады және гол соғу үшін пас жасауға тырысады.

Дескриптор:

- командада допты ұстап тұру;

- алаң бойынша доппен қозғалу;

- шабуылшы немесе қорғаушы ретінде болу.

Бағалау критерийі:

- алаңда доппен еркін қозғалу;

- қарсыласын алдап өту;

- әріптесіне дәл пас беру.

Сұраңыз: сіз допты алуға жол бермеу үшін команда ретінде бірге қалай тиімді жұмыс істей аласыз, Қарсыластан допты жылдам алу үшін қандай әрекеттерді жақсартуға болады?

Әр қызмет түрі үшін үлкен, таза кеңістік

Ысқырық, доптар, конустар. Футболдағы қозғалмалы ойындарға сілтеме:

http://aradevich.blogspot.com/2013/05/udary-po-vorotam-1v1-2v1-2v2.html

Сабақтың соңы

5 минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1. Сабақта мен....... жұмыс жасадым

белсенді / пассивті

2. Сабақ мен үшін .......... көрінді

қысқа / ұзақ

3. Сабақ барысында өз жұмысыма

қанағаттанамын / риза емеспін

4. Сабақта мен

шаршадым / шаршамадым

5. Менің көңіл-күйім

жақсы / нашар

6. Сабақ материалдары маған

пайдалы / жарамсызтүсінікті / түсініксізжеңіл / күрделіқызықты / жоқ

Сұрақ-жауаптар арқылы сабаққа кері байланыс жасау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар.
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу.

Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

  Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.