Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру сабағына арналған сабақ жоспары.

3-бөлім.  Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: 9 « »

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақарыбы

Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары.

9.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру, талдау және салыстыра білу

9.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалай білу

Сабақ мақсаты:

1. Оқушылар гимнастикалық құрылғыда орындалатын жаттығулардың комбинациясын орындай алады және көрсете алады.

Бағалау критерилері

1. Оқушылар гимнастикалық құрылғыда жаттығулыардың дұрыс орындалу реттілігін талқылайды және бағалайды.

2. Оқушылар гимнастикалық құрылғыда жаттығулардың дұрыс орындалу реттілігін орындай алады.

 Тілдік мақсаттары:

Оқушылар:

Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология.

Мыналарды қамтиды:

  • Тепе-теңдік, кеңістікте секіру, ауырлық
  • көлбеу, созылу, иілу
  • итерілу, жерге қону, секіру, тіреліп секіру, жанына қарай аударылып түсу
  • кіру, шығу, бастапқы позиция, соңғы позиция

гимнастикалық снарядтар: шведтік қабырға, секірме, гимнастикалық керме, гимнастикалық ағаш ат, гимнастикалық кіші ағаш ат, гимнастикалық орындықтар, төсеніш.

 Құндылықтыр

Денсаулық: гимнастикалық жаттығулар адамның ағзасына жақсы әсер етеді.

Жауапкершілік: Акробатикалық жаттығуларды немесе комбинацияларды орындау барысында өздігінше, сенімді түрде орындау.

Әділдік: Берілген тапсырманы орындау барысында өзін және басқа оқушыларды дұрыс бағалайды.

 Пән аралық байланыстар

Ұсынылатын алдын ала білімдер

Оқушылар өткен сыныптағы дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығу дағдылары мен білімдеріне ие.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

0-2 минут

5-8 минут

Ұйымдастырушылық кезең. Oқушылapды сапқа тұpғызу сәлeмдeсу, түгeндeу. Оқушылармен бірге оқу мақсатына сәйкес бағалау критериін анықтау. Гимнастикалық құрылғыда жаттығулардың реттік орындалуына және өзара бағалауға дескрипторларды құру.

Оқушылар «Қара жорға» әуенімен ритмикалық жаттығулар жасайды. Содан кейін созылу жаттығуларынорындайды.

Үлкен кеністік, ысқырауық.

Гимнастикалық төсеніш.

http://spo.1september.ru/article.php?ID=200701413

Сабақтың ортасы

Оқушыларға сабақтың барысында міндетті түрде қауіпсіздік ережені естеріне салу керек. Мұғалім оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін міндетті түрде гимнастикалық құрылғының сапасын тексеру қажет.

Оқушылар жұпта мұғалімнің берілген карточкасындағы тапсырма бойынша гимнастикалық құрылғыда жаттығуларды дескриптор бойынша орындайды.

- жаттығулар фото суреттегі ұсынылған тапсырмаларға сай болуы керек.

- олардың реттілігі сақталып, тоқтаусыз орындалады.

- жаттығудың орындалуы анық, қатесіз барлық ережеге сай орындау қажет.

Ұлдар: екі қолмен гимнастикалық қос сырықта ұсталып, екі аяқты алдыға және артқа сілтей сермеу; сілтей сермеу арқылы сырықтың үстіне көтеріліп, аяқты алшақ ашып сыраққа отыру; қос сырықтың отыру қалпында алдыға аунау; отыру қалпынан ауысып, екі қолмен ұсталып сілтей сермеу арқылы бір қолмен ұсталып, 90 градусқа бұрылып, секіріп жерге түсу.

Қыздар: (әр түрлі биіктіктегі сырық). Әр түрлі биіктіктегі сырықта жаттығу орындағанда асылу ретінің дұрыстығына, сонымен бірге аяқты сілтеу кезінде оны төменгі сырыққа соғып алмауды ескеру қажет. Бос ұстаса немесе алақан ылғал болса, қол сырықтан тайып кетуі мүмкін. Төменгі аласа сырыққа қарап тұрып, жоғарғы сырықтан ұстап асылып, бір аяқты сілтей көтеріп, төменгі сыраққа бір аяқпен асылып жату; төменгі аяқты бүгу арқылы үстіңгі аяқтың қасына әкеліп, асылып жату; денені ілгері жылжыту арқылы белді төменгі сыраққа қойып, асылып жату. Қолды кезекпен ауыстырып, бір жағына аунап түсу.

Гимнастикалық қос сырақ

Әр түрлі биіктіктегі қос сырақ

Сабақтың соңы

0-3

Сабаққа рефлексия.

Сұрақ қою: қандай жаттығуларды орындау кезінде сізге қыйындық туғызды ?

Сабақ кезінде қауіпсіздік ережесі сақталды ма ?

Бүгінгі сабақ сіздерге қандай пайдасын әкелді ?

Келесі сабаққа арналға интернет ресурсы

Дифференциация - көбірек қолдау көрсету үшін не істеуді жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғары оқушыларды анықтауды қалай жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ – мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

  • Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша біркелкі орындау.
  • Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету, жетістіктер мен кемшіліктеріне назар аудару.
  • Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.
  • Сабақ барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.
  • Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беру, тапсырмалардың орындалу дағдыларын тексеру.
  • Жекеле және топпен тапсырмаларды орындау және топ ішінде талқылау қарастырылады.
  • Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.
  • Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді.
  • Дене қуатын үнемдеу шарттары.
  • Дұрыс тыныс алу.
  • Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабаққа рефлесия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары шындыққа негізделген бе?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Мен жоспарлаған дифференциация бойынша жұмыс дұрыс іске асырылды ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Сабақтың мақсаты айқындалған, оқу мақсаттары шынайы. Барлық оқушылар оқу мақсатына нақты жетті деп айту қиын. Кейбір оқушылар оқу мақсатының жартысына жетті деп айтуға болады. Өйткені орындайтын жаттығуларға ыңғайылығының келмей жатқанына байланысты болды. Сабақтағы саралау іс әрекеті дұрыс орындалды. Бір жаттығуды немесе стратегияны көп орындаулары сабақ жоспарына кері әсерін тигізеді. Үйткені кейбір оқушылар жаттығуларды немесе іс әрекеттерді ұзақ орындаудың әрекетінен болды. Уақыттың жетіспеушілігі қиындық тудырады.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқу мен оқытуды салыстырыңыз)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын? (оқу мен оқытуды салыстырыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.