Қауіпсіздік ережесі. Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 49 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық № 49

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту

Оқу мақсаты :

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну

Бағалау критериі

-Шаңғы дайындығы кезінде денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді анықтай алады,

- техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне біледі.

-Шаңғы дайындығы кезінде денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құрады және көрсете алады

Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақ тақырыбын жіне оқу мақсатын түсіндіріңіз.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындатыңыз.

Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау

(Ж) «Бір минту » стратегиясын өткізеді. Бұл ойында оқушыларды жұпқа бөліп, сабақ тақырыбы бойынша ой бөлісіңіз. Тапсырмадан соң сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Мұғалім қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулық өткізеді. Оқушылармен бірге жарақаттардың алдын-алу туралы сөйлеседі.

Бұл тапсырмада оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бой сергіту кешенін жасақтайды, ал екінші топ қозғалыс әрекетінен кейін ағзаны қалпына келтіру бойынша техника кешеніне жауапты болады. Тыныш жағдайдағы тамыр соғысын өлшеп, жазады. Бой сергіту мен қалпына келу техникасын көрсетеді. Бой сергіту мен қалпына келтіру жаттығуларынан кейінгі тамыр соғысын өлшейді. Бой сергіту мен қалпына келтіру жаттығуларының маңызын сараптайды. Тамыр соғысын жоғарылататын жатығулар туралы өз идеяларымен бөліседі.

Тапсырма орындағаннан соң сұраңыз:

- осы тапсырмадағы қауіптер мен қиындықтарды қалай жеңдіңдер?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады.

Сабақ соңында рефлекция карточкасын толтырып кері байланыс алыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.