Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 14 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №14 сабақ
Оқушыларда пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша дамытуды жалғастыр..
Сіздер үшін қозғалмалы ойындар арқылы денсаулықты шыңдау нені білдіреді деп сұрақ қояды.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Күтілетін нәтижелер
- қауіпсіздік ережесін біледі.
-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.
-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді;
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
«Тек бір минут» стратегиясын өткізіңіз.
Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Рефлексияны жақсарту үшін ойыншыларға сұрақтар қойыңыз:
- Допты иеленуші команда үшін: Сіз командада қалай аса тиімді ойнай аласыз? (мысалы, тиісті тактиканы талқылау, таңдау және пайдалану жолымен; кеңістікті, тереңдігі мен енін пайдаланып, алға жылжи отырып, иелікті сақтау; есепті арттыру үшін мақсатқа жету; қарсы әрекетті созу; командадағы өз ойыншыларын барынша пайдалану және рөлдерді алмастыру жолымен: екі ойыншы алға және екі ойыншы артқа қарай, немесе үшеуі алға және біреуі артқа қарай, немесе барлық төртеуі алға қарай).
- Қорғаушы команда үшін: Сіздің командаңыз есептен артта қалуды болдырмау үшін қандай қорғаныс тактикаларын пайдаланды? (мысалы, кеңістікті аса тиімді қорғау / ойыншы аса тиімді; допты қағып алу). Олар өз қақпасының сызығын қалай қорғайды? (мысалы, қақпа сызығымен шашыраған ойыншылар немесе өзгелер допты иемденуге тырысып жатқанда, бір ойыншыны қақпа сызығын қорғау үшін қалдырады; нәтижесінде бір ойыншы көздеген мақсатты қорғау үшін қақпаға қарай жүгіреді, бірақ көбінесе шабуылда ойнайды).
Ойынды ауданы шағын қақпада ойнауға болады, мысалы, конус немесе себет. Шабуылдаушы ойыншылар үшін өтпейтін қорғаныс тұстарын қосу.
Дәстүрлі қазақ немесе белгілі халықаралық ойындар болуы мүмкін, мысалы, футбол, гандбол, хоккей. Оқушыларға осы ойындардың тактикалық дағдылар туралы хабардарлық деңгейін дамытуға бағытталғанын түсіндіріңіз. Тең уақыт аралығында таңдаған ойынды тоқтатып, қазіргі уақытта шабуылдау немесе қорғау тактикасының пайдаланылатынын қарастырыңыз. Командалық ойынның тиімділігін арттыру үшін осы тактикаларды бағалап, олардың ойынға қалай енгізілетінін немесе қайта енгізілетінін қарастырыңыз. Барлық ойыншылар ойыннан кейін ойын аспектілерін қарап шыға алуы үшін ойынның бір бөлігіне сандық жазба жасаңыз (оқушылар бұған жәрдемдесе алады). Әрбір ойында әділ ойынды және ынтымақтастықты қолдаңыз; мұны ойыншылардың қалай қолданғанын қарап шығыңыз.
Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтыртыңыз.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Мұғалім үй жұмысын беріңіз:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру