Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Сабақ жоспары № 9

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Гимнастикалық элементтер және оның түрлеріМектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

8.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

- акробатикалық жаттығулар кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай алады.

- кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларының орындалу реттілігін түсінеді.

Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:

- снарядта жаттығулар орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі.

 Бағалау критериі

  • кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтайды.
  • снарядта жаттығулар орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі.
  • снарядта орындалатын жаттығулар жинағын көрсетеді және бағалай біледі.

 Тілдік мақсаттар

  • Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • тепе-теңдік, айналу
  • Жаттығулар кешені, басқа және қолға тұру
  • Тәуекел, қауіпсіздік
  • Гимнастикалық сайман
  • Байланыс, реттілік, топ қалыптастыру
  • Арқан, гимнастикалық кіші ағаш ат, керме, әр түрлі және бірдей биіктіктегі қос арыс, гимнастикалық бөрене;
  • Гимнастикалық төсеніштер, орындықтар
  • Қозғалыс үйлесімділігі, Дене сымбаты

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Өрмелеудің қай түрі сендерге жеңіл болды?

Сендер табысты өзара әрекеттесе алдыңдар ма?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Акробатикалық жаттығуларға сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=G38vw9xLZ6E

Бастапқы білім

гимнастикалық жаттығулары дағдылары мен білімдеріне ие.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- гимнастика жаттығуларымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік техникасын біледі.

- гимнастикалық жабдықтарды қолдану мен қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді.

-қарапайым қозғалыстар реттілігін орындай алады.

-гимнастикалық жаттығулар реттілігін орындайды. Мұғалім Сіздер үшін денені қыздыру және қалпына келтіру нені білдіреді деп сұрақ қояды

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар)

«ҒАРЫШКЕРЛЕР»

Дайындық. Алаңның бұрыштары мен жақтауларында «Ракетодром» деген 5-8 үлкен ұшбұрыштар сызылады. Әрбір ракетодромның ішінде 2-5 «Ракета» жолақшалары салынады. Ракеталардың жалпы саны 5-8 дана ойыншылар санынан аз болу керек. Ал қалған ойыншылар ойын алаңының ортасында шеңберде тұрады.

Бейнелеу. Ойыншылар шеңбер бойынша қол ұстасып «Ғаламшарлар саяхатына, ракеталар тосады, қайсысын біз қалаймыз, соған барып қонады. Ойынның бір жұмбағын балақай тек есіне тоқ. Әрқашанда, әр кезде, кешіккенге орын жоқ» деп айқайлап жүреді. Осыдан сөздерден кейін барлығы ракетадромға жүгіріп, кез келген ракетаға орналасады. Орынсыз қалғандар ұстазға барады немесе залдың ортасына шегінеді. Кейін кешіккендермен қоса барлығы шеңберге жиналып ойынды қайта бастайды.

Ереже.

  • Ойынды Оқытушы беретін белгі бойынша ғана бастау керек.
  • «Кешіккенге орын жоқ» сөзі айтылысымен жүгіру керек.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

(Б, Т, Ж) Артқа аунап түсіп серіктесінің көмегімен қолда тік тұру.

Әріптесінің көмегімен қолда тұру оқушылардың бір-бірімен көмек беру арқалы іске асады. Қолға тік тұрып,алдыға домалау.

Шынтақты жерге тіреп жаурынға тұру. Жүрелеп отырған қалыптан артқа аунап түсіп, арқамен жату. Соннан соң аяқты созып жоғары көтеру. Шынтақты төсенішке, қолды белге тіреп, денені тік ұстау. Екі, үш және оданда көп домалап түсуді орындау және секіру, қарғу түрліше бұрылу тәсілдерін орындап үйрету. Қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу. Осы тәсілмен , тек қолды жерге тірей жүрелеп отырған қалыптан аунап түсу .

Нұсқау: Акробатикалық жаттығулар орындаудың техникасын үйрену барысында жүйелілікті қатаң сақтау керек.

(Б, Т, Ж) Мұғалім сыныпты 2-4 командаға бөледі және гимнастикалық эстафета жүргізеді. Әрбіп команданың алдындан екі гимнастикалық мат болады. Бірінші оқушы 3-5 м жүгіріп өтіп, алға екі аударылып түсуді орындайды, құрсауға дейін жүгіріп барады, оны қолына алып, құрсауды алға қарай айналдырып (оған аттап), конусқа дейін жүгіреді, конусты айналып, құрсауды айналдырмай, құрсауды алған орында дейін жүгіреді, оны қойып, өз командасына қарай жүгіреді де, эстафетаны келесі ойыншыға береді. Қай команда тапсырманы алғаш болып орындаса, сол команда жеңіске жетеді. 2-3 рет қайталау.Дескриптор :

-акробатикалық жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- екі, үш және оданда көп домалап түсуді орындайды.

- қолды жерге тіреп және тіремей отыру қалпынан артқа қарай домалап түсе алады.

-тапсырмалар орындау кезінде көшбасшылық қабілетін көрсетеді.

-ойында ереже бойынша әділ ойнайды.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

Бірлескен жұмыс дағдыларын бақылап және оқушыларды бағалаймыз.

Эстафеталар үшін тағы қандай гимнастикалық жаттығулар ойлап табуға болады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Акробатикалық ширату бойынша сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=zWk-FIDpZ5o

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Сабақтың соңы

35-40

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.