(Т, Ж, ҚБ) 1.БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау. 2.БҚ 3.Екінші аяқпенен де осылай жасау. 4-6 рет орындау. Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау. 2.БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді. 2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау. Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау. 3.БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады. 1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею 2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу.6-8 рет Аяқты бүкпеу керек. 4.БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю. 2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау. 5. БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру. 1.Жартылай отыру. 2.БҚ келу. Арқаларын түзу болу керек. 6.БҚ серіктерінң иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. 1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу. 2.БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау. 10-12 рет Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау. 7.БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру. 1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды. 2.БҚ 3-4 Оң аяқпен де осылай жасау. 6-8 рет Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау. 8.БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады. 1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды. 2.БҚ 3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю. 4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды. 6-8 рет Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау. 9.БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды. Дескриптор : -қауіпсіздік ережесін біледі. -берілген суреттегі жаттығуларды орындайды. - жаттығулардың денсаулыққа әсерін түсінеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - бұл тапсырмаларда сізде не сәтті болды, ал немен тағы да жұмыстану қажет? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. |
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.