Қозғалыс  белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 – Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салтын қалыптастыру.

Мектеп:

Күні:

Сынып: 7

Мұғалімнің аты - жөні:

Қатысушылардың саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақтың тақарыбы

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары.

7.3.1.1 Өз денсаулығына салауатты өмір салтының тигізетін әсерін түсіну және түсіндіре білу

 Сабақ мақсаты:

1. Салауатты өмір салтының өз ағзаларына тигізетін әсерін білу.

2. Салауатты өмір салтының қаншалықты қажеттігін түсіндіру.

 Бағалау критериі:

1.Барлық оқушылар салауатты омір салты туралы біледі.

2.Көпшілігі салауатты өмір салтының өз ағзаларына қаншалықты әсері бар екендігін түсініп,айта алады.

3. Кейбір оқушылар салауатты өмір салтының тигізетін пайдасы жайында насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

 Тілдік мақсаттары:

Бейнелеу, талқылау және көрсету арқылы өзінің жеңіл атлетика бойынша түсінігін қозғалыс мүмкіншілігін көрсетеді.

Пәнге байланысты термин сөздер және лесика.

  • жаттығулар, қалыпқа келу
  • жүгіру, итерілу, ұшу, қону
  • дене дайындығының сапасы, күш, жылдамдық, төзімділік
  • қауіпсіздік, тәуекел

Диалогқа қажетті сөздер:

  • Жүректің соққысы, секіруден кейін адамға қалай әсер етеді?
  • Аяқтың бұлшық еті, секіруден кейін қалай өзін сезінді ?
  • Сабақ кезінде қандай қауіпсіздік ережелері болуы керек ?
  • Секіруден кейін, қалыпқа келу үшін, қандай жаттығулардың түрлерін қолдануға болады ?

 Құндылықтарды дардарыту:

 

Дене жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік шараларын ескеру. Дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысу арқылы денсаулықты нығайту. Шынығуды жекелей, достармен топтасып немесе отбасы мүшелерімен ұйымдастырылып жүргізіледі.

 Пәнаралық байланыс:

АКТ қолдану дағдылары:

 Бастапқы білім:

Оқушылар жеңіл атлетика негіздері және денсаулыққа қатысы жайында бастапқы білімдері бар. Қауіпсіздік ережелерімен таныс, өткен сыныптарда алған білімдерімен дағдыларын және сыныптан тыс жұмысынан меңгергендері бар.

Сабақ барысы:

Жоспарланған сабақ кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. Бағалау критерилерін бірлесіп анықтау. Оқушыларды екі топқа бөлу. Оқушылар топта талқылап, ұсыныстар береді:

- Бірінші топ барлық дене мүшелеріне арналған жаттығуларды орындайды (Жүгіру арқылы ұзындыққа секіру),

- Екінші топ негізгі бөлімде қалыпқа келу жаттығуларын орындайды.

Талқылу жұмыстарынан кейін, бірінші топ бүкіл сыныпқа жаттығу жұмыстарын өткізеді.

Үлкен кеністік, ысқырауық.

.

Сабақтың ортасы

«Сонғысын алу». Оқушылар екі топқа бөлініп сызықтың сыртына қатарға бірінің артынан бірі тұрады.Қатардың алдына 15 м қашықтықта кегли, кубик, жалауша, доптар т.б. заттар қойылады. Олардың саны қатысушылар санынан біреу кем қойылады. Белгі берісімен әр команда заттарды алады, командалар екі жақ шетінен бір ойыншыдан кезектесіп жарыса заттарды алып, өз командасының арынан келіп қатарға орналасады, орналасу барысында келесі ойыншыны түртіпкетеді, келесі оқушы қол тигенде ғана жүгіруге құқылы. Соңғы затты өз командасына әкелген команда жеңімпаз болады.

«Допқа тигіз» Ойыншылар екі командаға бөлініп қарама қарыс волейбол алаңының сызығының сыртына қарнама қарсы қатарға бір лекке орналасып, ортадағы сызық бойындағы қатар қойылған доптарды теннис добымен немесе кіші доппен көздеп тигізу арқылы қарсы команданың алаңына допты домалатып өткізу. Ортаға бір немесе бірнеше доп қоюға болады. Қарсыластардың орналасуы ара қашықтығы шамамен 18-20метр. Ойынды жеребе арқылы бастау құқығы анықталады. Допты домалату шегін ақылдасу арқылы белгілейді. Ойын ұзақ ығы 8-10 мин. жалғасады. Ойын нұсқаушының белгісімен басталады, бірінші команданың ойыншысы доптарды лақтырғанда келесі команда ойыншысы лақтырылған доптарды жинайды, жинап болып нұсқаушының белгісін күтеді. Доптарды белгіленген сызықтан асырған команда жеңіске жетеді.

Үлкен кеністік, ысқырауық.

Ысқырауық, жалауша т.б. керекті құралдар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында орындалған әрекеттердің іске асуы орын алған кедергілер және қандай кемшіл тұстарын ескеру керектігі талқыланады.Белсенді қимыл жаттығулары ағзаға қалай әсер ететіндігі туралы сұрақтар қою. Оқушылар қалыпқа келуге арналған жаттығулар жұмыстарын орындайды.

Сабақтың аяғында оқушылар сабақта қай тапсырмаларды орындай алды, қай жаттығуларды орындау үшін біраз жұмыс істеу керек екенің өзара талқылайды.

Оқушыларға орындалған жұмысқа байланысты өз бағаларын береді.

Үлкен кеністік, ысқырауық.

Дифференциация - Көбірек қолдау көрсету үшін не істеуді жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғары оқушыларды анықтауды қалай жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Оқушылардың санына, дене дайындығының мүмкіншілігін, ескере отырып, тапсырмалардың күрделену түрін өзгерту.

Оқушылардың әрекетін бақылау.

Әзірлен бағалау критерилері бойынша оқушылардың тапсырма орындау барысында, тапсырма орындап болғаннан кейін сұрақтары.

Оқушылардың кері байланысы сабақ соңындағы нақтыланған сұрақтарға жауап беру арқылы жүргізіледі.

Жаттығу орындау алдында қауіпсіздік ережесі ескеріледі.

Сабаққа рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары шындыққа негізделген бе?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Мен жоспарлаған дифференциация бойынша жұмыс дұрыс іске асырылды ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сіздің сабағыңыз бойынша сол жақтағы бағанада берілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты айқындалған, оқу мақсаттары шынайы. Барлық оқушылар оқу мақсатына нақты жетті деп айту қиын. Кейбір оқушылар оқу мақсатының жартысына жетті деп айтуға болады. Өйткені орындайтын жаттығуларға ыңғайылығының келмей жатқанына байланысты болды. Сабақтағы саралау іс әрекеті дұрыс орындалды. Бір жаттығуды немесе стратегияны көп орындаулары сабақ жоспарына кері әсерін тигізеді. Үйткені кейбір оқушылар жаттығуларды немесе іс әрекеттерді ұзақ орындаудың әрекетінен болды. Уақыттың жетіспеушілігі қиындық тудырады.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқу мен оқытуды салыстырыңыз)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын? (оқу мен оқытуды салыстырыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.