Жүгіру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 61-62 сабақ.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 61,62

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ

8 бөлім Жеңіл атлетика көмегімен денсаулықты нығайту Мұғалімнің аты-жөні: А.А.Кусаинов

және түсінікті дамыту

Күні: 30.04 05.05.2018 ж.

Сынып: 7 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүгіру және оның түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1. Физикалық денсаулықты нығайту үшін жаттығулар қолдану

 Сабақ мақсаттары

Физикалық денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларды қолдануға үйрету.

Бағалау критерийлері

Физикалық денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларды қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Оқушылар командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын дамытады және ойын барысында сыни ойлауды жақсартуға ерекше назар аударады.

Мыналарды қамтиды:

  • екпін алу, итерілу, ұшу, қону
  • физикалық қасиеттер: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • лақтырулар, итеру, көтеріп лақтыру
  • ұшу сатысу
  • қауіпсіздік, тәуекел
  • сөрелік екпін алу, қашықтыққа дейін жүгіру, мәреге жету

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, бір-біріне көмектесу.

Бәсекелік қабілет.

Пәнаралық

байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Негізгі дағдылар

Оқушылардың әлеуметтік дағдылары жеңіл атлетикадағы бірлескен жұмыстар және жүгіру дағдылары арқылы дамытылады.

Алдын ала білімі

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс қызметтерден алған жеңіл атлетика мен денсаулықты нығайту бойынша білімдері мен түсініктері, сондай-ақ дағдылары бар.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақта жоспарланған қызмет

Құралдар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың басында ерекше көңіл бөлетін боламын:

- оқушылардың зейінін қоюына;

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ

- оқушылармен «жақын арадағы даму аймағын», сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Одан кейін мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және оқу мақсатымен таныстырады.

(Б) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

(ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

  • минут

(ЖЖ, Ж) Сыныптағы оқушыларды жұптарға бөлемін. Сөре мен мәренің арақашықтығы 30 м. Әр жұптағы оқушылардың 1-шілері сөре сызығына, ал 2-шілері олардан 1-1,5 метрдей кейінірек тұрады. Белгі бойынша екеуі де мәреден жүгіріп шығады. 1-шілердің міндеті – 2-шілерге жеткізбеу, ал 2-шілер оларды мәреге жеткенге дейін қуып жетіп ұстап алу. Жұптарда қай ойыншы көп рет ұстап алса, жеңімпаз атанады.

Ұсынылған тапсырмадағы қауіпсіздік техникасы бойынша әңгіме жүргізіп, жарақат алу қауіпті жағдайлардың туындау ықтималдығын толық жоюға тырысамын.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

1-шілердің міндеті – 2-шілерге жеткізбеу, ал 2-шілер оларды мәреге жеткенге дейін қуып жетіп ұстап алу. Сұраңыз: Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай болуы тиіс?

(Б, Т, Ф) Сыныптағы оқушыларды шағын топтарға бөлемін. Белгі бойынша алғашқы бес адам бір-бірін белдерінен ұстап, бағанды айналады (сағат тіліне қарсы) және сөре сызығына қарай жүгіреді. Олар өз бағандарының жанынан жүгіріп өтеді, оны артынан айналады және қайтадан бағандарға қарай жүгіреді. Олар сөре сызығынан жүгіріп өткен кезде, оларға белдерінен ұстап, алтыншы нөмірлер қосылады, енді ойыншылар алтау болып кедергілерді айналып жүгіреді. Команданы айнала бұрылғаннан кейін оларға жетінші нөмірлер қосылады және т.с.с. Ойын барлық команда қолдарын ашпай, мәреге жеткенде аяқталады (яғни, соңғы ойыншы сөре сызығын кесіп өткен кезде). Ойында командалардың бірінші нөмірлеріне үлкен жүк түседі, сондықтан ойынды қайталаған кезде ойыншылар кері тәртіпте орналасады.

Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушыларға ойынның баламалы нұсқаларын ұсынуларын сұраймын.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • белгі бойынша алғашқы бес адам бір-бірін белдерінен ұстап, бағанды айналады (сағат тіліне қарсы);
  • сөре сызығына қарай жүгіреді;
  • өз бағандарының жанынан жүгіріп өтеді және оны артынан айналады;
  • қайтадан бағандарға қарай жүгіреді.

Сұраңыз: Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар?

Таңдалған ойын түрі үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, фишкалар, конустар.

Қысқа қашықтыққа жүгіру интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=9S9GaJw3dp0

Таңдалған ойын түрі үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, фишкалар, конустар.

Арнайы жүгіру жаттығулары интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=UA5BQEEWpaQ

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Физикалық денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларды қолдана алады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушылар физикалық денсаулықты нығайтуға арналған жаттығуларды қалай қолдану керектігін түсіндіре алады деп жоспарлап отырмын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Мұғалім келесі сөздерді қолданады:

«Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!»

Келесі сұрақтар қойылады:

Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар? Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай болуы тиіс?

Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

Б = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.