Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезіндегі допты қолдану әдісін орындау. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №7 Шабуыл ойындарда дағдыларды және түсінуді дамыту.
Күні: Сынып:7 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі.Ойын кезіндегі допты қолдану әдісін орындау. | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.4.4 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу 7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру | ||||||||
Сабақ мақсаттары | 1.Шағын ойын тапсырмалары бойынша топтарда қауіпсіз жұмыс істеу. 2.Негізгі шабуылдау және қорғану стратегияларын және тактикаларын бәсекелестік ойында қолданудың түрлі жолдарын ашу және табу. 3.Ойын кезінде қорғаныс және шабуылда шығармашыл болу қажеттілігін түсіну. | ||||||||
Жетістік критерийлері | 1.Қауіпсіздік ережесін сақтайды және біледі. 2.Командалық ойындар денсаулықты нығайтуға, төзімділікті дамытуға қандай үлес қосатыны жайлы өз түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар
|
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология. Жүктеме кезіндегі жүрек қызметі. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Планшет. Оқушылар тақырыпақа сәйкес интернет желісінен мағлұматтар қарайды. | ||||||||
Бастапқы білім | Физикалық қасиеттерді дамытуға арналған жаттығулар кешенін біледі. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы |
Жалпы дене жаттығуларын өткізу; | Кең, таза кеңістік. Секундомер ысқырық. Баскетбол және конустар (аймақты белгілеу үшін). | |||||||
Сабақтың ортасы
| (Ж, Т) Допты беруді, қағып алуды жақсарту бойынша жұптарда жұмыс істеу, жерден кері секіріп беру, қозғалыста беру элементтері. (ЖЖ, Т, Тәж, Ф) Допты беру. Ойыншылар екі бағанға тұрады, допты бірінші болып капитандар алады. Белгі бойынша балалар допты оң тұстарынан бір-біріне бере бастайды. Допты соңғы болып алған ойыншы бағанды айнала жүгіріп, алдына барып тұрады. Ойын қайталанады. Допты оң, сол тұстардан, басынан асыра беруге болады. Допты беруді бірінші болып аяқтаған және ережені дұрыс орындаған команда жеңіске жетеді: допты белгі бойынша бере бастау, орнынан кетпей беру, допты түсіріп алған оны көтереді де, келесі ойыншыға береді. (С, Т, ЖЖ. Ф) «Ит пен мысық». Балалар шеңбер бойымен отырады. Қызыл доп – «мысық», көк – «ит». Балалар мысықты шеңбер бойымен береді. Шамамен шеңбердің ортасынан бастап ойынға көк допты қосады, ол «мысықты» қуып жетуге тырысады. Ойын ережелері: ойынның бірде-бір қатысушысын өткізбей беру. | Баскетболда допты алып жүру техникасы Үлкен бос кеңістік, мұғалімге арналған ысқырық, баскетбол доптары Баскетбол доптары, ысқырық, гимнастикалық маттар | |||||||
Сабақтың соңы | Талқылауға арналған сұрақтар: Допты түсіріп алу үшін сендер қандай тактикаларды қолдандыңдар? Сендер допты қалай дәл жеткізіп бердіңдерма? Бұл ойында қандай жарақат қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін? Баскетбол ойыны барысында болуы мүмкін қандай жарақаттарды білесіңдер? | Кең,таза кеңістік. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.