Өз ойындарын қайта қарау және көрсету. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 93 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №93 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Өз ойындарын қайта қарау және көрсету. | |
Оқу мақсаттары | 6.1.6.1. Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерге сезу дағдыларын түсіну және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсіндіру және қолдануға үйрету. | |
Бағалау критерийлері | Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсінеді және қолданады. | |
Тілдік мақсаттар
| Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген. | |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-8мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 9-22мин
23-34мин
| (С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды. (Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі. «Тек қана жұптар». Оқушылар саны 16-20. Алаң ортасына диаметрі 12-16 м шеңбер сызылады. Оқушылар шеңбер бойына жұп құра, бірінен соң бірі орналасады. Жұптар арасындағы қашықтық - 1-2 м. Мұғалім екі ортаңғы ойыншыны тағайындайды. Олардың біреуі қашу керек, екіншісі оны қуып жетіп «дақтауы» керек. Белгі бойынша қашатын ойыншы дақтаушыдан қашады да, кез келген жұптың алдына тұра қалады, ал сол жұптың соңғы ойыншысы қаша жөнеледі. Ал егер «дақтаушы» қашқан ойыншыны қандай да бір жұптың алдына тұрғанға дейін, қолын тигізе алса, онда олар рөлдерімен ауысып, ойынды ары қарай жалғастырады. Ойынның ережесі: 1. Жүгіру кезінде бір-біріне қолды не басқа да дене мүшелерін тигізуге болмайды. 2. Қашатын ойыншы жұптың алдына тұрғаннан кейін ғана жұптың соңғы ойыншысы қаша бастайды. 3. Қашатын ойыншы шеңбер ішімен жүгіре алмайды, әйтпесе ол қуалаушыға айналады. Нұсқа. Екі-екіден тұрған ойыншылар аяқтарын кең ашады. Бұндай жағдайда қашатын ойыншы жәй ғана жұптың алдына тұра алмайды. Алдымен ойыншылардың аяқтары арасымен еңбектеп өтуі тиіс. Ойын жүгіру кезіндегі қимыл-қозғалыс дағдыларын, реакция жылдамдығын, жүгіру қарқынын және ептілікті дамытады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? (Т, Ж, ҚБ) Футболға арналған арнайы жаттығулар: 1) Қозғалыста допты тоқтату тебу (оң – сол аяқпен); 2) Допты қарсыласқа аяққа лақтыру, допты тебу (оң – сол аяқпен); 3) Допты қарсыласқа тізеге лақтыру оны тоқтату, және тебу; 4) Допты кеудеумен тоқтату және тебу. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз? | Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар. Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: https://gigabaza.ru/doc/105337.html Ғаламтор ресурстарына сілтеме: Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html http://futbol-prepod.narod.ru/index/0-7 Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар. Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: https://gigabaza.ru/doc/105337.html Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын барлық білім алушылар түсінеді және қолданады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын қолданадану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| ||||
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.