«Әділ ойын» және ынтымақтастық. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 76 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №75 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | «Әділ ойын» және ынтымақтастық | |
Оқу мақсаттары | 6.2.1.1. Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтауға және қолдана білуге үйрету | |
Бағалау критерийлері | Волейбол ойынындағы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтай және қолдана біледі. | |
Тілдік мақсаттар
| Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-8мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 9-24мин
25-34мин
| (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар волейболдағы допты тура төменнен ойынға қосу техникасымен таныстырылады. 1. Допты ойынға қосу кезінде ойыншы торға бетін бағыттап тұрады, денесі сәл алға еңкейген, аяқтары тізеде бүгілген,оң(сол) аяқ алда, допты сәл бүгілген оң(сол) қолмен бел тұсында ұстайды. 2. Допты ойынға қосарда сызықты баспайды. 3. Сермеу кезінде түзу оң(сол) қолды артқа апарады. 4. Допты 20-30 см жоғары лақтырады. 5. Соққыны қарсы бағыттағы оң(сол) қолдың(қолдың буынын қатайтып ұстап) қимылымен(шамамен белдің тұсынан) төменнен-алға-жоғары орындайды. 6. Соққы орындалған кезде оң(сол) аяқ бір мезгілде бүгіп, дене салмағын сол(оң) аяққа түсіреді. 7. Доптың ұшу күші жоғалмау үшін соққыдан кейін қолын алға қарай бағыттайды. Осыдан кейін допты тура төменнен ойынға қосу әдісін үйрену үшін білім алушыларды екі топқа бөліп, волейбол алаңының бет сызығының сыртына тұрғызып, тор арқылы келесі тапсырмалар беріледі:
Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? (Т, Ж, ҚБ) Екі команданың ойыншылары өз алаңдарында тордан 4-5 м қашықтықта орналасады. Әр командада 2-3 доптан болады. Белгі бойынша әр команда ойыншылары кезекпен допты ойынға қосып, қарсылас команданың алаңына түсіруге тырысады. Өз кезегін күтіп тұрған ойыншылар, доптарды допты ойынға қосу орнына жинайды. Егер ойыншы допты ойынға қосуды орындай алмаса, екінші мүмкіндік беріледі. Осыдан кейін орындай алмаған жағдайда ойыншыға айып ұпайы беріледі. Барлық негізгі кезеңдерде - допты ойынға қосар алдында және соққы орындалатын кезінде зейін қою қажет екенін түсіндіріледі. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? | Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары. Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме: Допты тура төменнен ойынға қосу әдісі интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=RiG4HsT8WCQ https://www.youtube.com/watch?v=Ix-udQuObVk&t=1s Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары. Алаңды белгілеу үшін фишкалар, конустар, бор. Допты тура төменнен ойынға қосу әдісі интернет ресурстарына сілтеме: | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді барлық білім алушылар анықтайды және қолданады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру