Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 47 сабақ.
Әдістемелік нұсқау
4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.
Оқу мақсаты: 6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну
Сабақтың мақсаты: Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.
Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
- Сабақтың ортасы.
1 тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Бестабан» ойынын өткіземін. Сынып екі топқа бөлінеді. Алаңға көмбе сызығы сызылады. Осы жерге әр қатысушы екі топайдан тігеді. Көмбе сызығынан бес табан өлшеніп сызық сызылады. Бұл бес табан сызығы болады. Бес табан сызығынан 5 метр қашықтықта атыс сызығы сызылады. Осы сызықтан ойыншылар кезек-кезек көмбедегі топайды қатты құлаштап атып, тігілген кенейлерді көмбедегі сызықтан әрі қарай 5 табан сызығынан шығаруы керек.
Ойыншылар екіге бөлініп сақаларын иіріп ату кезегін анықтап алады, содан кейін атуды бастайды. Көмбеден шыққан топай атқан ойыншыныкі болып есептеледі. Егер ол көмбеден шығара алмаса, сақа тиген топай қайта тігіледі де келесі ойыншы атады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Ең көп топай жинаған ойыншы жеңімпаз болып табылады.
«Бес табанды» әдетте «топаймен» ойнайды. Бірақ, білім алушылардың денсаулығына қауіпті болмау үшін қауіпсіз спорт құралын пайдалану қажет.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Орамал тастамақ»,«Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Қамшы тастау», «Сақина салу», «Тауық күрес», «Хан талапай», «Күн мен түн» т.б.
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
2 тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Ойыншылар «тоғызқұмалақ» ұлттық зияткерлік ойынын жұп болып ойнамастан бұрын ойынның басын таңдайды.
Тоғызқұмалақта барлық ойындар 3 топқа бөлінеді:
1. Комбинациялық ойын
2. Позициялық ойын
3. Аралас ойын
Бұл 3 бағыт өзіндік ерекшеліктерге ие және түрлі әдістер мен айланы қажет етеді. Сондықтан бұл сабақта «Позициялық ойын» қарастырылады.
2.Позициялық ойындардың негізгі бағдарын атсырау жағдайынан бөлек қарастыру – қиын дүние және бұл ойын екі негізгі сипатқа ие: - тұздықсыз позициялык ойындар; тұздықтар тартысына құрылған позициялық ойын. Мұндай ойын көбінесе ара салмағы теңдес тұздықтар тартысы кезінде орын алады.
Мұғалімге, оқушылардың ынталарын арттыру үшін, осы зияткерлік ойын туралы қызықты ақпарат беріп, көрсету керектігі ұсынылады. Ойынды өткізу бойынша нұсқаулар алу үшін оқу ресурстарын қараңыз.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар:
Үлкен бос кеңістік.Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), асықтар, сақа, бор.«Бес табан» ойынына сілтеме (14 бет):http://www.tursport.akmol.kz/public/uploads/pravila_igri_asik.pdf«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме: http://soyle.kz/article/view?id=176Оқыту бейнесі:https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0Зияткерлік ойындар(ойын тарихы):http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру