Топтық, командалық эстафеталар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал.
Қалыптастырушы бағалау
Дене шынықтыру
3-сынып
3-тоқсан
Бөлім | Командалық ойындар. |
Бөлімше | Топтық, командалық эстафеталар. |
Оқу мақсаты | 3.3.3.1 Дене жаттығуларының бұлшық ет дамуына пайдасын түсіну және білімін көрсету. 3.3.2.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы дене өзгерістерін түсіндіру және көрсету. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Жоғарғы деңгей дағдысы. |
Бағалау критерийі | Командалық эстафеталар барысында, тапсырмаларды орындағанда бұлшық ет қозғалыстарының дамуын бақылау, жаттығулар жинағын орындау және көрсету. |
Тапсырма | |
«Секірмекмен жүгіру» Ойыншылар сапта сөре сызығы бойында тұрады. Ысқырық естілген кезде әр топтың бірінші ойыншысы секірмекмен секіріп, сақинаны айналады да, секірмекті сақинаның ішіне қалдырып, тобына жәй жүгіріп келеді. Екінші ойыншы эстафетаны жәй жүгіріп барып, секірмекті алады да, тобына қайта секіріп келеді.
| |
Бағалау критерийі | Дескриптор |
Командалық эстафеталар барысында, тапсырмаларды орындағанда бұлшық ет қозғалыстарының дамуын бақылау, жаттығулар жинағын орындау және көрсету. | Оқушы - секіртпемен секіру әдістерін біледі; - ойын ережелерін, шарттарын біледі, ойынға белсенді қатысады; - секіртпе арқылы жаттығуларда қандай бұлшық ет жұмыс жасайтынын ажыратады; - секіртпемен секіргенде үйлесімді қозғалыстарды (аяқ, қол қозғалысын) көрсетеді; - тапсырма барысында қатерлерді (секіртпені алдыға, артқа айналдыру) анықтайды; |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.