Дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 68 сабақ
№68 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Дамытатын ойындар
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Дамытатын ойындар»
Оқу мақсатына қол жеткізу үшін, тақырыпқа сәйкес оқушыларға тапсырманы түсіндіру. Тапсырма болсын, қимылды ойындар болсын ең бастысы қауіпсіздік ережелерін ескеру керектігін түсіндіру.
«СОҚПА ДОП» ойынын ойнату.Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команданың ойыншылары алаңның шетіндегі сөре сызығында қатар тізіліп тұрады да, екінші команданың ойыншылары алаңда еркінше шашырап жүреді. Ойын басталған сәтте бірініші команданың капитаны кішкене допты қолында қақпа таяғы бар бір жақ қапталда тұрған екінші команданың капитанына лақтырып береді. Ал ол допты қақпа таяқпен алаңдағы өз ойыншыларына қарай бағыттап ұрады.Осы кезде сөре сызығында тұрған бірінші команданың ойыншылары қарсы беттегі мәре сызығына қарай жүгіреді. Бұл сәтте екінші команданың ойыншылары ұшып келе жатқан допты қағып алып, оны жүгіріп бара жатқан бірінші команның ойыншыларына тигізуге тырысып лақтырады. Доп бір ойыншыға тисе, командалар орындарын ауыстырып ойнайды.
«ҚУҒЫНШЫДАН ҚҰТҚАР» ойынын ойнату. (Жүгіруге арналған ойын) Арнаулы сызғышпен қоршалған ойын алаңында балалар жүгіріп ойнап жүреді. Мұғалім белгі берісімен санамақ арқылы сайланған ойын жүргізушісі: «Мен қуғыншымын!» -деп, қолын жоғары көтереді де өзіне ең жақын жүрген ойыншыны қуа жөнеледі. Қашып келе жатқан бала мен қуғыншының арасын басқа бір ойыншы кесіп өтіп кетсе, қуғыншы алдын кескен екінші баланы қуады. Егер қуып жетсе, екеуі орын ауыстырып, жаңа қуғыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Дискриптор:
- Ойында қауіпсіздік ережесін сақтайды;
- Көшбасшылық рөлдерді көрсетеді;
- Кемшіліктерді талқылап, ұсыныс айтады.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Оқушылармен ойындарды талқылау. Ойын кезінде рөлдерді қалай игергендігін сұрау. Әр ойын кезіндегі оқушылардың кемшілігін, жетістіктерін жекелей атап өту. Оқушылардың ойындарды ойнау кезінде қимыл-қозғалыста болып, икемділік, ептілік дағдыларын жетілдірудегі жұмыстарын атап өту.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Дамыту ойындары және дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық әрекетін арттыру
Ұсынылып отырған әдістемелік құралдың мақсаты:
Мотивациялық жоспардағы қиыншылықтан өту үшін балаларға қызықты оқу сабақтарын жүргізу, яғни арнайы оқу-дидактикалық түрде, дамушы ойындар арқылы, болған сабақ арқылы баланың оқуға деген қызығушылығының тууы және баланың шеберлігі көзделген.
Балаға ойынның пайдасы, келесі талаптармен жауап қайтарады:
- баладағы қызығушылықтың өз бетімен қабілетінің тууы;
- өзінің қабілетін көрсету үшін балаға мүмкіндік беру;
- жарыстарға баланы еліктіру;
- дағды мен икемін қалыптастыру және өздігінен білімді іздестіруге жағдай жасау;
- ойын арқылы жаңа білім қайнар көзі мен икем және дағдыны бала үшін қол жетерлік болуы;
- жетістік үшін еңбегі сіңген мақтау қағазын алу, онда сен қанша рет ойынды жеңгені туралы емес, онда қанша дағды, икем және жаңа білім алғаны туралы деманстрация.
Балаларға ең алдымен мынандай ойындар керек, онда олар өздеріне жаңа білім алу үшін ашады, елесі, зейіні, ойлауы және баланың сөйлеуі, шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.
Дамыту ойынның екі аспектісі бар:
1. Танымдық – баланы неге үйреткеніміз келеді, ол үшін қандай тәсілдер қарстырамыз.
2. Тәрбиелік – әріптестіктің түрі, балаға үйрететін басқа адамдармен қарым-қатынас жасау формасы.
Дамыту (жетілдіруші) ойынның мақсаты: нақты білім беру емес, белгілі бір психологиялық қасиеттерді дамыту.
Қорытынды: Дамыту ойынында баланың еске сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жұмыс істеу және т.б., сондай-ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігі, салыстыру, жалпылау, көрген-білгеніне жауап беру және сөйлеу қабілетінің қалыптасуы.
Дамыту ойындар
1-блок. Есте сақтау мен зейінді дамытатын ойындар
2-блок. Мәдениетін ойлауды жетілдіретін ойындар
3-блок. Шығармашылық қиялды дамытатын ойындар
4-блок. Психогимнастика, мимикалық жаттығулар
5-блок. Сөздік қорды дамыту
Негізгі дамытқыш ойындарда келесі қағидалары бар:
- Баланың қызметін ойын элементтерімен сәйкестендіріп және ойыннан оқуға өту, ойын-тапсырма арқылы ізденіс қызметі.- Ойынның шартын және тапсырмаларын ақырындап күрделендіру (бірте-бірте).- Баланың ішкі және сыртқы қызметімен байланысы және ойдың әрі қарай дамуына енуі.- Оқу мен тәрбие жұмысының бірізділігі.- Барлық баланың шығармашылығының дамуы, әр бала өз алдына жеке дарын иесі, оны табиғатына байланысты анықтау.
- баланың қабылдау жүйесін дамыту- есте сақтау қабілетін дамыту (көру, есту, сипап-сезу, т.б.). Арнайы және арнайы емес назар.- ойлау қабілетін арттыру (өз еркімен ойлау қабілеті, өз шығармашылық қасиетін көрсету, қиындықтарды оңай жеңу, салыстыру, жалпылап және талдай білу қасиеті).
Қиялдау қабілетін дамыту: ертегі жаза білу, жұмбақтарды шеше және таңғажайып бейнелерді ойлап таба білу.
Қолдың және саусақтардың бұлшық етін және денсаулықты дамыту.
Ойын арқылы қызығушылықпен танымдылықты ояту.
Еңбек қорлыққа тәрбиелеу.
Өзін-өзі бағалау және ұстамдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәжірибелік маңыздылық баланы дамытудан тұрады:
- қоршаған ортаны тандап өткізу.- қиялдан әртүрлі образдарды қалыптастыру.- тапсырмаларды шығармашылық жолмен шешу.
Өзектілігі:
Дамытушы ойын – бұл бала үшін ой иелігінен өткен құбылыс, оған бала өз еркімен ойынға қатысып, даңа тәжірибе алмасып, одан алған білімі оның жеке байлығы болады, сондықтан оны басқа жағдайларда қолдана алады. Алған тәжірибесі балаға өз ойында қолдануға мүмкіншілік беріп, оның шығармашылық ұсынысының дамуы.
Қиял – бұл барлық шығармашылық жұмыстың негізі. Баланың жалпы дамуы үшін қиялдың маңызы зор. Ерте жастан бастап балалардың ойында шығармашылық үрдіс көріне бастайды. Ойын бала үшін тек қана алғашқы әсер емес, сонымен қатар оның комбинациясы.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.