Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 53 сабақ.
№53 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
- Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
- Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
- Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
- Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
- Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
- Өкшені артқа лақтырып жүгіру
- Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
- Артпен жүгіру
- Тынысты қалыпқа келтіру
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
«Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару»
Оқушыларға сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды немесе қимыл-қозғалыс ойындарын түсіндіру. Қандай ойын болмасын оқушылардың барлығын қамту арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды шағын топтарға бөліп ойын ойнату.
(С, Ж, ҚБ) Ойын басталар алдында оқушылар «лашынды» және «күрік тауықты» таңдайды. Қалған оқушылар «балапан» болады». Барлық ойыншылар сапқа бір-бірінің белінен ұстап тұрады, «күрік тауық» саптың басында тұрады. «Лашын» «күрік тауыққа» қарсы тұрады. «Лашын» соңғы тұрған «балапанды» ұстап алуға тырысады. «Күрік тауық» оңға, солға қозғала отырып өз «балапандарын» қорғайды. Ұсталған «балапан» «күрік тауыққа» айналады, ал «күрік тауық» «лашынға» айналады. Оқушылар әр рөлдегі өздерінің әрекетін бағалайды.
Дискриптор:
- Ойында белсенділік танытады;
- Ойынды ережемен, мақсатқа сай ойнайды
Бағалау: Ойын барысында оқушыларды үнемі мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалап отыру. Рөлдерді ауыстыру барысында кемшіліктерді атап кету. Барлық ойыншыны бағалау.
«Қақпан» Шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ аз да екінші топ коп. Аз топ қақпан, көбі - тышқандар болады. Қақпандағы балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап жүреді. Тышқандар қашып ұстатпайды. Мұғалімнің белгісімен қақпандағы балалар қолдарын ұстап тұрады да, тышқандар шеңбер арқылы жүгіріп өтеді. Сонда мұғалімнің белгісімен «жап» дегенде балалар қақпанды жауып қалады. Осылай тышқандарды ұстап болған соң, орындары ауысады.
Қалыптастырушы бағалау жүргізу.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ
Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықтарды уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.
Қимыл-қозғалыстың жүйелер мен ағзаларға әсері
Спорттың адам денсаулығына қандай әсері бар екендігі қаншама мақалада, зерттеу жұмыстарында, тіпті диссертация жұмыфстарында жазылып та, айтылып та жүр. Ондағы жазылған мәліметтерді қысқаша және қолжетімді түрде топтастырып көрейік. Сонымен, спорт адам ағзасы үшін келесідей себептермен пайдалы:
- Тірек-қимыл аппаратын нығайтады: бұлшықеттің көлемі үлкейеді және күш көрсеткіші жоғарылайды, қаңқа сүйектері жүк салмаққа төзімді болады. Жаттығу залында жаттығу немесе жүгіру, жүзу, велоспорт нәтижесінде бұлшықеттің оттегімен демалуы жақсарып, қантамыр жұмысына оң әсерін тигізеді.
- Жүйке жүйесі нығаяды және дамиды. Ол ептіліктің жоғарылауы, қимылдың жылдамдауы мен жақсаруы есебінен іске асады. Спортпен шұғылдану жаңа шартты рефлекстердің пайда болуына ықпал етеді. Ағзамыз бұрынғыдан ауыр, күрделі жүктемелерді іске асыруға қабілетті болады. Жүйке процесінің жылдамдығы артып, ми оқиғаларды тез қабылдап, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.
- Жүрек-қантамыр жұмысы жақсарады. Спорттың адам ағзасына әсері жүрек пен қантамырлардың төзімділігінің артуынан көрінеді. Жаттығулар бүкіл ағзаны интенсивті түрде жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
- Тыныс алу мүшелерінің жұмысы жақсарады. Жаттығу кезінде тіндер мен ағзалардың оттегін көп талап етуі нәтижесінде тыныс алу терең және интенсивті болады. Жүгіру, жүзу, жаттығу залында жаттығу нәтижесінде тыныс жолдары арқылы өтетін ауа мөлшері тыныштық кездегі 8 литрден 100литрге дейін ұлғаяды. Өкпенің сыйымдылығы артады.
- Иммунитет көтеріліп, қанның құрамы жақсарады.
- Метаболизм жақсарады. Жаттыққан ағза қандағы қант және басқа да заттарды реттеуі жақсарады.
- Өмірге деген көзқарас өзгереді. Физикалық белсенді жандар өмірге құштар, күйзелістен аулақ болады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру