Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 53 сабақ.


53 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

5 бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.

Тақырып: Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

  • Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
  • Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

  • Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
  • Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
  • Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
  • Өкшені артқа лақтырып жүгіру
  • Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
  • Артпен жүгіру
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

«Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару»

Оқушыларға сабақтың мақсатына сай тапсырмаларды немесе қимыл-қозғалыс ойындарын түсіндіру. Қандай ойын болмасын оқушылардың барлығын қамту арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды шағын топтарға бөліп ойын ойнату.

(С, Ж, ҚБ) Ойын басталар алдында оқушылар «лашынды» және «күрік тауықты» таңдайды. Қалған оқушылар «балапан» болады». Барлық ойыншылар сапқа бір-бірінің белінен ұстап тұрады, «күрік тауық» саптың басында тұрады. «Лашын» «күрік тауыққа» қарсы тұрады. «Лашын» соңғы тұрған «балапанды» ұстап алуға тырысады. «Күрік тауық» оңға, солға қозғала отырып өз «балапандарын» қорғайды. Ұсталған «балапан» «күрік тауыққа» айналады, ал «күрік тауық» «лашынға» айналады. Оқушылар әр рөлдегі өздерінің әрекетін бағалайды.

Дискриптор:

  • Ойында белсенділік танытады;
  • Ойынды ережемен, мақсатқа сай ойнайды

Бағалау: Ойын барысында оқушыларды үнемі мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалап отыру. Рөлдерді ауыстыру барысында кемшіліктерді атап кету. Барлық ойыншыны бағалау.

«Қақпан»Шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ аз да екінші топ коп. Аз топ қақпан, көбі - тышқандар болады. Қақпандағы балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап жүреді. Тышқандар қашып ұстатпайды. Мұғалімнің белгісімен қақпандағы балалар қолдарын ұстап тұрады да, тышқандар шеңбер арқылы жүгіріп өтеді. Сонда мұғалімнің белгісімен «жап» дегенде балалар қақпанды жауып қалады. Осылай тышқандарды ұстап болған соң, орындары ауысады.

Қалыптастырушы бағалау жүргізу.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық

доптар

кеглилер

секіртпе

шығыршықтар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу