Ұлттық ойындарға баулу. «Теңге алу» ойыны. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Қазақ ұлттық ойындары.

Ортақ тақырып: Сәулет.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлттық ойындарға баулу. «Теңге алу» ойыны.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді салыстыру.

 Сабақ мақсаттары

Осы ойындардың туындау тарихын түсіндіру арқылы оқушыларды қазақ ұлттық ойындарымен таныстыру, адамгершілік құндылықтарды негіздеу, негізгі қозғалыс дағдыларын орындау.

 Бағалау критерийі

Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді қазақ ұлттық ойындары арқылы тәрбиелеу, ойын шарттарына аса көп көңіл бөлу, күш, икемділік қозғалыстағы үйлесімділік, тепе-теңдік дағдыларын қалыптастыру.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушыларды зерттеу диалогымен қамтамасыз ету (мысалы, жай ғана білімді көрсететін сұрақтарға жауап бермей, тұрақты талқылауға қажетті білімді пайдалану, тіл байлығын көрсету, осылайша оқушылар диалогты жүргізе алады) тактикалар, стратегиялар, идея, жағдайдың образы.

 Құндылықтарды дарыту

 

  • Тарихқа, қазақ ұлтының дәстүріне құрметті тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация, график, кесте, қосу динамикасы);

Бастапқы білім

Бұл бөлім өзара байланысқан және әлеуметтік және когнитивтік дағдыларды дамытуға бағытталған екі тақырыпқа бөлінеді. Бұл бөлімде оқушылардан әлеуметтік дағдылар туралы жиі-жиі ойлануды өтінеді. Ол дағдыларды оқушылар құпия және ашық сұрақтар арқылы, түрлі топтық ойындарды ойнау және тұтас сынып болып ойналатын ойындар кезінде дамытады.

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары.

Екі қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жаттығуларды орындау. Бұлшық еттердің қозғалыстарына арналған жаттығулар кешені. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш.

Сабақтың ортасы

Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары таныстырылып, оларға аталған ойындардың пайда болу тарихы түсіндіріледі. Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін құрметтеуге үйретіледі.

Оқушыларға ұсынылған ойындарды өткізу кезінде ықтимал жарақат түрлерін түсіндіру қажет.

Қимыл-қозғалысқа құрылған ойындарды ойнау кезінде ықтимал қауіптердің алдын алудың жолдарын ұсыну қажет.

(Б, К, Ф) «Теңге алу». Бұл ойын ат үстінде ойналады. Шабандоз орамалға түйілген теңгені шауып келіп іліп әкетуі тиіс.

Оқушылар жүгіріп келіп текшені көтеріп алып, бағананы айналып, өз тобына қайтып оралуы тиіс.

«Теңге ілу (алу)» — ұлттық ойын. Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды.

(К) Екі командаға бөлінген оқушылар қазақ ұлттық ойындарын ойнайды. «Теңге алу» – «Теңгені алу. Жаяу барысында оқушы жүгіріп келе жатып іркілмей, тоқтамай еденде жатқан орамалды алып кетуі керек немесе балама күрделі түрі гимнастикалық орындықтың үстімен жүгіріп төменде еденде жатқан орамалды қолымен іліп алып кетуі қажет.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырғыш. Кубиктер, түйілген оамал, гимнастикалық орындықтар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім ұлттық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, ұлттық ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Қозғалыс үйлесімділігіне назар аудару, көңіл бөлу.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар арқылы қозғалыс сапасын артыру. Белсенді қимыл-қозғалыс, тапсырмаларды сапалы орындауларына назар аудару. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.