Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 47 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 47
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары. | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Ынтымақтастық және әділ ойын | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану 3.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жасау үшін композициялық идеялармен эксперимент жасау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Өзінің шығармашылық қабілетін пайдалану және қолдану, идеясын ортаға салу | |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту Көп жағдайда жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарытамыз. Ұлттық ойындарымыз арқылы ұлттық мәдениетіміздегі құндылықтарды дарытамыз. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиеті, тарих (қазақ батырларының ұлттық салт-дәстүрді сақтап, елін, жерін қорғап, ұлттық ойындар арқылы атқа мініп, күш, ептілік, шымырлық, батырлық қабілеттерін шыңдаған. ) | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы ұлттық ойындардың ойналу ережелерін оқушыларға көрсету. Компьютер, қалта телефондары, дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде оқушылар әділ ойын мен ынтымақтастық дағдыларын бекітіп, қазақтың ұлттық және қозғалмалы ойындармен танысуды жалғастырады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. Ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Ынтымақтастық және әділ ойын» Оқушыларды шағын топтарға бөліп, ұлттық, көше немесе қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Ойын ойнау барысында сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойынды игерудегі мақсаттарын түсіндіру. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы икемділік, ептілік, жылдамдылық, тез ойлап шешім шығару дағдыларын қалыптастыру. «Ақсақ тырна». Екі топ бір бріне қарама қарсы сызықта тұрады. Оқушылар бір аяқта бір біріне қарай секіріп жылжып, бірін бірі қолымен (алақанмен) итереді. Қай топтын ойыншысы екінші аяғын жерге тигізсе ойыннан шығады. Қай топтың бір аяқта тұрған ойыншылары көп қалса, сол топ жеңіске жетеді. Оқушылар топта «Ақсақ тырна» ойынына мысалында өздерінің ережелерін ұсынып ойнайды.
(Ж, Т, ҚБ) «Ақ сүйек» Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне топ басшысын сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады. | Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Ысқырық, бор, уақыт өлшеуіш, фишкалар. Ұлттық ойындарға сілтеме: Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. «Ақ сүйек» (резеңкедоты, ағаш кілт, кесілген таяқшалар және т.б. қолдануға болады) фишкалар. Интернет ресурстарына сілтеме: Қазақтың ұлттық ойындары http://igrushka.kz/vip83/kazigr2.php «Ақ сүйек» | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды. Үй тапсырмалары беріледі; Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады). |
| ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
| Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз: Сабақтың кез келген кезеңінде берілген тапсырмаларға барысында оқушыларды мақтау мадақтау және ым арқылы бағалау және жаттығуларды орындау | Оқушылар ұлттық ойындардағы қозғалыс дағдыларына арналған қауіпсіздік ережелерді теория жөнінде біліп, практикада қолдана алады. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру