Аэробика элементтері бар гимнастика. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 28 сабақ.
№28 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.
Тақырып: Аэробика элементтері бар гимнастика
Ырғақты би- бала үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.
Ырғақ – оқушының эмоционалдық қалпын және тәртібін қалпынакелтірудің жақсы құралы болып келеді.
Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар баланың қозғалыс коорди-нациясының дамуына көмектеседі. Оқушылар қолдың, бастың, дененіңжәне аяқтың қозғалыстарының үндесуін үйренуін және олардысинхронды орындауға тырысуына сабағымда басты назарға аламын. Музыка ырғағымен істелінетін жаттығулар физикалық дамуындағы ауытқуларды ғана түзете қоймай, сонымен қатар барлық психикалық процестердің жетілуіне көмектеседі.
Ырғақ биін оқушыларға үйретерде де ақпаратты технологияны қолдану керек. Себебі: оқушыларды жалықтырып алмас үшін жаңа қимыл мен қозғалыстарды үйрету керек. Ол үшін интернет желілерінен ырғақ би қимылдарын қарап , немесе видеосын түсіріп алып соны көрсету арқылы оқушыларды қызықтырып отыру керек. Интернет материалдарына қарап отырсақ баланың , жалпы адамның денсаулығын нығайтатын және әр түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетін жаттығу түрлері көп кездеседі.
Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне:
Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.
Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.
Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.
Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.
Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.
Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.
Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.
Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.
Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады. Сондықтанда гимнастика сабақтарында аэробика, степ, фитнес жаттығуларын үнемі пайдаланып отырған абзал.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Мұғалім берген тапсырманы шағын топтарда немесе жекелей орындап көрсету, қауіпсіздік ережесін сақтау.
Гимнастикалық жаттығу түрлері. (құралмен, құралсыз)
Дскрипторлар:
- Гимнастика сабағында қауіпсіздік ережесін сақтау;
- Әр топ кем дегенде 4-5 кешенді жаттығуды бірдей синхронды түрде орындап көрсету қажет;
- Жекелей де кешенді жаттығуларды көрсету.
Топтардың дайындығына 5-6 минут уақыт беріледі
Оқушылар бір-біріне кешенді жаттығуларды көрсетеді. Топтар өзара бағалау жүргізеді. Бұл жаттығуларды музыкалық әуенмен орындауға да болады. Акробатикалық жаттығуларда иілгіштік не үшін керек?деген мұғалімнің сұрағына оқушылардан жауап алу. Орындап көрсеткен жаттығу жұмыстарына кері байланыс беру.
Уақыт қалса, оқушыларға аэробика элементтері бар гимнастикалық ойын ойнату.
Оқушылар «Үздік ламбада» кешенін әуенімен жұптарда жұмыс істей орындайды.
1) Бір орында «ламбада» адымдары
2) 3 адым оң аяқпен алға, төртінші адым сол аяқпен алға-артқа-алға.
3) 3 адым сол аяқпен алға, төртінші адым оң аяқпен алға-артқа-алға.
4) 2 қайшыланған адым оңға
5) 2 қайшыланған адым солға
6) Қол белде, оңға-солға қисаю әуенге ілесе.
7) Қол белде, алға еңкею, артқа шалқаю әуенге ілесе.
8) Қолды дененің алдында бүгіп ұстап айналу
Дискрипторлар:
- ойын барысында ережені мұқият сақтау;
- тапсырманы дұрыс орындау.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.