Тепе-теңдікті дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 36 сабақ.
№36 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
Тепе-теңдіқ сақтау жаттығулар
Тіректің әртүрлі жағдайында тепе теңдігін сақтау білу қабілеті күрделі, бірақ өмірде манызды дағды болып табылады. Осы міндет балалық шақ жасынан дами бастайды, 6-7 жастағы балалар дененің тік
қалыппын еркін сақтай алады. Тепе-теңдік сақтау міндеттің табиғи дамуы
мектеп жасында жалғасады, ал оны жетілдіру үшін арнайы жаттықтыру
керек.
Тепе-теңдік сақтау жаттығулар динамикалық, қозғалу кезінде тепе-
теңдік сақтау, және статикалық, бір орында тұрып тепе-теңдік сақтау,
және де аралас, белгілі қозғалыс әрекеттерден кейін өз қалпын сақтау,
түрлеріне бөлуге болады.
Негізгі динамикалық жаттығуларға жатады:
– жүру түрлері(жай жүру, аяқ ұшымен , қырындап, арқамен адына
қарап, тіркеме қадаммен, көзді жұмып, қолдың, дене және аяқтың әр түрлі қозғалыстарын қоса жүру),
– әртүрлі әдістермен жүгіріп өту, жүқ көтеріп жүру,
– кедергілерден өту және т.б.
Осы жаттығулар гимнастикалық бөренеде және орындықтарда жасауға болады. Тіректің биіктігі біртіндеп көтеріледі 1 сыныпта 60 см бастап, жоғарғы сыныптарда 110 см дейін көтеріледі. Тосқауыл ретінде секіртпе, таяқтар және т.б. заттар пайдаланады. Жүк ретінде тығыздалған доптар пайдаланады. Статикалық жаттығуларға екі аяқтағы әр түрлі тұрыстар,бір аяқтағы әр түрлі қалыптағы тұрыстар (бос аяқ алдына, артқа және т.б.), шектелген тіректе, отыру, жауырында, білекте, баспен қолда, қолмен тік тұрыстар жатады.
Аралас жаттығуларға қозғалу әрекеттен кейін тұрақты статикалық қалыпты сақтау керек қылатын жаттығулар жатады. Осы топтың ең сипатты жаттығулар әр түрлі секірулерден кейін жерге қону болып табылады. Дұрыс және тұрақты жерге қонуды бастауыш сыныптардан бастап үйрету керек. Бастапқыда оны қарапайым қозғалыс әрекеттерден (жоғары секіру, шамалы биіктіктен және т.б.) кейін үйретеді. Содан кейін
біртіндеп, жерге қонудың алдындағы қозғалыс әрекеттер ұшу фазасындағы әртүрлі бұрылыстармен және қосымша қимылдармен, секіріп түсудің биіктігін үлкейтумен және т.б. тапсырмалармен күрделендіреді. Сонымен қатар, осы топқа әр түрлі бұрылыстар (екі және бір аяқта – сермеп, секіріп жасалатын бұрылыстар), еңкею және т.б. қозғалыс
әрекеттер кейін тұрақты қалпын сақтау керек қылатын жаттығулар жатады. Тепе-теңдік сақтау жаттығулар ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы, «әтештер соғысы» деген ойын. Тепе-теңдік сақтау жаттығулар қолдану кезінде басшылыққа келесі
жалпы ережелер алу керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
- Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
- Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
- Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
- Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
- Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
- Өкшені артқа лақтырып жүгіру
- Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
- Артпен жүгіру
- Тынысты қалыпқа келтіру
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Тепе теңдік жаттығуларының түрлерін атап өту. Жаттығулардың орындалуын оқушылармен бірге талқылау. Тапсырма ретінде оқушыларды жұптарға бөлініп, жұптарымен жалпы дамыту жаттығулардың кешенін орындап көрсетеді. Мұғалім жұптарға карточка таратады.
Корточкадағы түрлі жаттығулар кешеніне қарай оқушылар жұптарында талқылап, жаттығу түрлерін орындау қажет. Жұптар бірін-бірі бағалайды. Кемшіліктерді атайды.
Уақы қалса, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
Оқушылар «Тепе-теңдіктен шығару» ойынын ойнайды. Екі команда қатысады. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта аударылған үш гимнастикалық орындықта орналасады. Қарсыластар бір-бірін итеріп тепе-теңдіктен шығаруға тырысады.
Қатысушылардың біреуі құласа командаға бір ұпай жазылады.
Ойынның нұсқасы: жеңімпаз келесі ойыншымен кездеседі. Қарсыластар қалмағанша жалғаса береді. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Бағалау:
Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;
Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді
Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.