Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 16 сабақ.


Дидактикалық материал16

Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Дене тәрбие жаттығулары

Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей  жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа

ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап

жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүрутеріс қарап жүру.

Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді  жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын  жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м. қашықтыққа бар екіпінімен жарыса  жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30м. —8,5-7,5 сек).

  Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

 Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.

 Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)

 3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).

 4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды   алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.

 5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).

 6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).

 7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.

 8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).

   9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан– жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).

 10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру 30 сек.

ІІІ. Сабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.

Қуып жету ойындары.

Қашушы міндетті:

  • Өзінің қозғалыс бағытына қарауы керек.
  • Тез тоқтап қалауы керек.
  • Басқада ойыншылар мен соқтығысып қалмас үшін өзінің жүгіру жылдамдығын баяаулатып тоқтауы керек.
  • Алдыңда жүгіріп келе жатқан адамды итеруге болмайды.

Жүгіріс йындары.

Оқушы міндетті:

  • Шапшаң жүгірушілерге озуға мүмкіндік беру.
  • Өз жүгіру бағытыңды тез өзгертуге болмайды.
  • Ойын алаңы сыртына шығып кетпеу керек.
  • Қолыңмен немесе аяғыңмен қабырғаға сүйеніп тоқтап қалуға болмайды.

Доп ойындары.

Оқушы міндетті:

  • Ойыншылардың бастарына допты лақтырмауы керек.
  • Ойыншыларға доптың лақтыру күшін оларға дейінгі қашықтықтың сәйкестігін өлшеу керек.
  • Алыңдағы ойыншылар мен доптың қозғалысын бақылау керек.
  • Допқа жақын орналасқан ойыншыға, допты алуына кедергі жасамау керек.
  • Бірінші болып допқа иелік еткен ойыншыдан допты қолынан тартып алмау керек.
  • Допты өзіңе тигізбеу мақсатында құлап және еденге жатып қалмауы керек.
  • Екі қолды төменнен құшақпен допты қағып алу керек.

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

  • Допты ойыншыға тигізіп тұтқындар санын көбейту.

Ойынды ересін дұрыс түсіндірмеуі

Тегіс жерде ойналмауы

Алаңды дұрыс сызбауы

Екі жағынан біріне - бірі параллель «тұтқындар» тұратын жолақ сызықтың болмауы

Оның қабырғадан сызыққа дейінгі қашықтығының сақталмауы

Ортаншы сызықтан «тұтқындар» жолға қашықтықтыңының белгіленбеуі

Ойыншыларды тең командага бөлмеуі

Команда капитанын жетекші, немесе ойыншылар тағайындамағаны

Жетекші допты орта сызықты капитандар арасына дұрыс лақтырмауы

Олар оны өз жағына лақтырып жібермеулері

Ойыншылар қарсыласына тигізуге тырыспауы

Орта сызықтан асып кетуі

Доп тигендер «тұтқындар» жолаққа барып тұрмауы

  • Допты дәл тигізу.

Ойыншылар орта сызықтан аса алмайды

Ойыншылар орта сызықтан асып кетсе доп қарсыластарына беріледі.

Допты ойыншының басына лақтыруға болмайды.

Ауада допты қағып алған ойыншы ұсталған болып есептелмейді.

Егер ұстай алмай қалса, тұтқындалады.

Егер доп ойыншыға соғылса, бірақ жерге тиместен бұрын оны ойыншылар ұстап алса, онда ол ойыншы «тұтқынға» алынады.

Доп жерден немесе қабырғадан тиген болса, «тұтқындалған» болып есептелмейді.

Допты ұстай тұрып тек екі адым аттауға болады, ал допты жерге соғып алып жүруге руқсат.

Егер бұл шарттар бұзылса, онда доп қарсыластарына беріледі.

Тұтқындалган ойыншыны құтқару үшін допты ауамен жерге тигізбей ұстау керектігі

Қарсы команданың ойыншылары «тұтқын» жолағынан аспау керектігі

Егер доп «тұтқындарға» түссе, онда тұтқын оны алып өз командасына береуі

3. «Тұтқыны» көп команданың жеңісі.

Оқушыларды ойынның ережелерімен таныстырмауы

Ойын ережесін дұрыс сақтамауы

Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы

Топпен жұмыс жасай алмауы.

Ойын кезінде тез жүгіре алмауы

Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.