Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 17 сабақ.
Дидактикалық материал №17
Карточка №1
Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені
Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.
Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.
Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.
Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.
Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.
Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.
Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.
Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.
Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)
3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).
4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.
5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).
6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).
7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.
8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).
9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан– жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).
10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру 30 сек.
ІІІ. Сабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.
Қуып жету ойындары.
Қашушы міндетті:
- Өзінің қозғалыс бағытына қарауы керек.
- Тез тоқтап қалауы керек.
- Басқада ойыншылар мен соқтығысып қалмас үшін өзінің жүгіру жылдамдығын баяаулатып тоқтауы керек.
- Алдыңда жүгіріп келе жатқан адамды итеруге болмайды.
Жүгіріс йындары.
Оқушы міндетті:
- Шапшаң жүгірушілерге озуға мүмкіндік беру.
- Өз жүгіру бағытыңды тез өзгертуге болмайды.
- Ойын алаңы сыртына шығып кетпеу керек.
- Қолыңмен немесе аяғыңмен қабырғаға сүйеніп тоқтап қалуға болмайды.
Доп ойындары.
Оқушы міндетті:
- Ойыншылардың бастарына допты лақтырмауы керек.
- Ойыншыларға доптың лақтыру күшін оларға дейінгі қашықтықтың сәйкестігін өлшеу керек.
- Алыңдағы ойыншылар мен доптың қозғалысын бақылау керек.
- Допқа жақын орналасқан ойыншыға, допты алуына кедергі жасамау керек.
- Бірінші болып допқа иелік еткен ойыншыдан допты қолынан тартып алмау керек.
- Допты өзіңе тигізбеу мақсатында құлап және еденге жатып қалмауы керек.
- Екі қолды төменнен құшақпен допты қағып алу керек.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
| Ойынды ересін дұрыс түсіндірмеуі Тегіс жерде ойналмауы Белгі бергенде командалардың тұрып қалуы Бірінші ойыншылардың алдыға қарай жүгіріп шықпауы Кедергілер жолағын басып кетуі Гимнастикалық матқа алға қарай бір рет тоңқалаң асуы Кедергілерден өтпеуі Гимнастикалық орындықтан жүгіріп өтпеуі Оқтау арқылы бес секіруді орындамауы Осы кедергілердің бәрін өткесін кері келмеуі Жүгіріп келген ойыншы кезекті ойыншының қолынан ұстамауы Бағанның соңына тұрмауы |
| Тоңқалаң асуларды орындаған кезде алдына қарай топтастырылмауы Алға домалау сәтінде дене мейлінше бүгілмеуі Домалап түскен кезде тізені кеудеге тақап ұстамауы Секіру кезеңінде денесін қалыпты ұстамауы Оқушылардың тапсырмаларды орындаған кезде техника қауіпсіздігін сақтамауы Жүгіруіне назар аудармауы Гимнастикалық орындықтан сақтықпен жүгірмеуі |
3. Эстафетаны жылдам бітірген әрі дұрыс өтіп шықан команда жеңіске жетеді. | Оқушыларды ойынның ережелерімен таныстырмауы Ойын ережесін дұрыс сақтамауы Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы Топпен жұмыс жасай алмауы. Ойын кезінде тез жүгіре алмауы Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары Ойын команданың барлық мүшелері тапсырманы орындағаннан кейін аяқталады, — бірінші ойыншы қолын жоғары көтереді. |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар.
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
https://infourok.ru/dene-trbiesi-sabaini-a-siniptai-817107.html
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.