Қозғалыс ойындарындағы қозғалыс дағдылары спектрі. Жоғарғы қозғалыстар арқылы ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, қосымша материал.
Қалыптастырушы бағалау
Дене шынықтыру
2-сынып
1-тоқсан
Бөлім | Спорт ойындарын меңгеруге арналған қозғалу ойындары. |
Бөлімше | Қозғалыс ойындарындағы қозғалыс дағдылары спектрі. |
Оқу мақсаты | 2.2.1.1. Қозғалыс қызметіндегі міндеттерді, рөлдерді ажырату және түсіну. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну, қолдану. |
Бағалау критерийі | Ойында белсенді қозғалыс міндеттерін атқарады, қызметтерге қатысады, ойын ережелерінде рольдерді атқарады, ойын шарттарын түсінеді. |
Тапсырма | |
Оқушылар «Нөмірлерді шақыру» ойынын ойнайды. Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп колонна бойынша тізіліп тұрады. Бөлмеде орын көп болса және ойыншылар саны көп болмаса, оларды бір сызыққа беттерін бір жаққа қаратып екі сапқа тұрғызуға болады. Ойыншылар тұрғызылған сызықтан (старт сызығынан) 2 м қашықтықта параллель финиш сызығы сызылады. Оқушылар әрбір колоннада (топта) тәртіптік нөмірлері бойынша саналады. Мұғалім өз тарапынан кезектестіру арқылы оқушыларды нөмірімен шақырады. Ұтыс ұпайы финишқа бірінші болып жүгіріп келген қатысушылар тобына жазылады. Көп ұтыс ұпай санын иеленген топ жеңеді. | |
Бағалау критерийі | Дескриптор |
Ойында белсенді қозғалыс міндеттерін атқарады, қызметтерге қатысады, ойын ережелерінде рольдерді атқарады, ойын шарттарын түсінеді. | Оқушы -ойынға белсенді қатысады; -ойын ережелерін, шарттарын біледі; -рольдерді атқарады (қарқын ала жүгіреді, үйлесімді аяқ, қол қозғалысын) анықтайды; -тапсырма барысында қатерлерді (үдемелі жүгіруді, мәреден өтуді) анықтайды; -қатердің алдын алу жолын (жүгіргендегі аяқ, қолдың қозғалысы, арақашықтықты дұрыс жүгіру) айтады. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру