Мұнайды өңдеу. Химия, 11 сынып, қосымша материал 5.
Тақырыбы: Мұнайды өңдеу
Оқу мақсаты:
11.4.2.35 - шикі мұнайды айдау үдерісінің маңызын түсіну және өңдіру үдерісін сипаттау;
Сабақтың басында оқушылардан білімді жаңғырту мақсатында өткен тақырып бойынша тест жұмысын алыңыз.Тақтадан көрсетілген дұрыс жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Бұдан кейін жетелеуші сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбы анықталып, оқу мақсаттары нақтыланады. Оқушылар алдарына таратылған мәтінмен танысып, жұпта талқылайды. Оқушыларға мұнайды бірінші және екінші реттік өндіру үдерістері, мұнай фракциялары туралы қосымша түсінік беріңіз. Әр жұпқа ректификациялық бағананың суретін және конвертті таратып беріңіз. Жұппен бірге толық суретті жинақтайды. Жұпаралық бағалау жүргізіңіз.
Активити жүргізе отырып, оқушыларды топқа бөліңіз.Әр топқа сабақты бекітуге арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын таратып беріңіз. Дескрипторларымен таныстырыңыз. Топтық жұмыс аяқталған соң топаралық бағалау жүргізіңіз.
Сабақ соңында үйге тапсырма беріңіз.
Оқушылармен кері байланыс жүргізіңіз.
Тиімді сілтеме:
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру