Алкандар. Көрсетілім №2 «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер, резина, эбонит үлгілерімен танысу». Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.1В Көмірсутектер және олардың көздері | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | Алкандар. Көрсетілім №2 «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер, резина, эбонит үлгілерімен танысу» | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.2.13 әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру; 11.4.2.14 алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау; | ||
Сабақ мақсаттары | - әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру; - алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау; | ||
Бағалау критерийлері | - Әртүрлі алкандардың жану процесін салыстырады және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіреді; - Толық және толық тотықпаған көмірсутектердің жану өнімдерін атайды; - Отынның жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін бағалайды. | ||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Көміртекті отындарға мысал келтіреді және олардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің себептерін түсіндіреді. Лексика және терминология: Алкандар, қаныққан көмірсутектер, көмірсутекті отын, көмірқышқыл газы, иіс газы, күйе, атмосфераның ластану көздері, парниктік газдар. Алкандар толық жанған кезде .................................., ал толық жанбағанда ................................. түзіледі. | ||
Құндылықтарды дарыту
| Топтық жұмыс - ынтымақтастық, ұжымдастыру, ортақ істің нәтижесі үшін жауапкершілік; Жеке жұмыс - өмір бойы оқу; | ||
Пәнаралық байланыстар | Биология, география – қоршаған ортаның ластануы | ||
АКТ қолдану дағдылары | Интернеттен қажетті ақпаратты табу | ||
Бастапқы білім | Оқушылар: - отын ұғымын біледі; - қарапайым және күрделі заттардың жану реакциясының теңдеуін жаза алады; - жану реакциясы энергияның бөлінуімен жүретінін, яғни экзотермиялық екенін түсінеді; - көміртекті отын түрлерін біледі, жанғыш заттарға мысалдар келтіре алады. | ||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. 1) Сәлемдесу. 2) Жоқ оқушыларды анықтау. 3) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың алдыңғы білімдерін өзектендіру. Ол үшін оқушыларға «жанғыш пайдалы қазбалардың түрлері» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру сұралады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстыру, күтілетін нәтижелерді анықтау. | Презентация | ||
Сабақтың ортасы (7 мин) | Оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін оларға «Алкандар жанғанда қандай өнімдер түзіледі?» деген сұрақ қою. Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін пропан-бутан қоспасының, гексанның, керосиннің ауада жануына көрсетілім көрсетіледі. №2 көрсетілім «Пропан-бутан қоспасының, гексанның, парафиннің жануы» Мұғалімге ұсыныс: отындардың жануын бейне роликтер арқылы көруге алмастыруға болады. Жұмыс барысы:
Оқушылар көрсетілім кезінде жалынның түсін бақылайды. Көрсетілім бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады. Алкандар жанғанда қандай өнімдер түзіледі? Не себепті гексан мен керосин жанғанда күйе бөлінеді? Ауа жеткіліксіз болғанда тағыда қандай газ түзіледі? Алкандарды не себепті отын ретінде қолданады? Алкандар оттектің жеткілікті және жеткіліксіз мөлшерінде жанғанда бөлінетін жылу энергиясының мөлшері бірдей бола ма? Қорытынды.
Топтық жұмыс ұйымдастыру. Сыныпты үш топқа бөлу. Тапсырма. Алкандардың оттектің жеткілікті және жеткіліксіз мөлшерінде жану реакциясының теңдеулерін жазу және теңестіріңіз.
Жауаптары:
b) C7H16 + 4O2 ==> 7C + 8H2O немесе (a) және (b) біріктіріп жазу: 3C7H16 + 19O2 ==> 14CO + 7С + 24H2O Оқушылар топта реакция теңдеулерін жазғаннан кейін әр топтан үш оқушыны тақтаға шығарып, алканның толық және толық емес жану жағдайының шартын және осы жағдайға сәйкес түзілетін өнімдерді талқылау. Талқылаудан кейін тақтаға алкандардың жану реакцияларының жалпы теңдеуін жазу, СnH2n+2 + О2 = СО2 + СО + С + Н2О + Q содан кейін, түзілетін өнімдердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін зерделеу жұмысын ұйымдастыру. Ол үшін бір топқа көмірқышқылының, екінші топқа иіс газының, үшінші топқа көміртектің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері туралы мәтіндерді таратады (1-қосымша). Оқушылар өздеріне берген мәтінді оқып, топта талқылайды және берілген жоспар бойынша басқа топтың оқушыларына түсіндіруге дайындалады. Жоспар.
Топ ішінде оқушылар «1, 2, 3-ке» саналады. Әрбір топтың бірдей нөмірлі оқушылары жаңа топ құрады және өздері үй тобында зерделеген тақырыптарын бір-біріне түсіндіреді. Бекіту үшін оқушылардың жекелеме жұмысын ұйымдастыру. Кестедегі отынның әр түрінің құрамын бағалаңыз және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. (2-қосымша). | Қажетті құралдар мен реактивтер: пропан-бутан жанарғысы, гексан, керосин, екі кәрлен табақша, шырпы, сіріңке. 1-қосымша. 2-қосымша | ||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында оқушылар өздерінің білім деңгейін және зерделеген тақырыпты түсінуі бойынша рефлексия жүргізеді. «Бағдаршам» стратегиясы. «Қызыл» - сабақтың пайдасы аз болды, бірақ мен түсіндім; «Сары» - сабақ қызықты болды, сол себебті мен сабаққа белсенді қатыстым; «Жасыл» - сабақ мен үшін пайдалы болды, мен сабақта тиімді жұмыс істедім, мен көп нәрсені білдім. Үй тапсырмасы: Презентацияның бір түрін таңдаңыз: Шағын эссе "Қоршаған ортаның отынның жану өнімдерімен ластануы»; Постер "Қоршаған ортаның отынның жану өнімдерімен ластануы»; | \ | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Тапсырмаларды орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін қабілетті оқушылардың потенциалын қолдану. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушының іс-әрекетін дұрыс бағытқа бағыттайды және оның мотивациясын ұсыныстар беру арқылы қолдайды. | Сабақ барысында сыныппен жаппай әңгімелесу, сондай-ақ тапсырмаларды орындау және топтық жұмысты қорғау кезінде оқушылардың бөлім материалдарын қаншалықты меңгергендігі анықталады. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың жауаптары ауызша бағаланады. | Сабақтың өң бойында оқушылар мен мұғалім арасында, өзара оқушылардың арасында пікірталастар орын алады, бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және өзге пікірді құрметтеуді үйренуге мүмкіндік береді. | ||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? | ||||
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | ||||
Жеткізбесе, неліктен? | ||||
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | ||||
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? | ||||
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Жалпы баға | ||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.