file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2С Химиялық тепе- теңдік (2)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері. Зертханалық тәжірибе №6 «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы (аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.1 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу;

10.3.3.2 химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;

10.3.3.3 тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу;

 Сабақ мақсаттары

  • Оқушылар әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде көрсетеді
  • Оқушылар химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін түсіндіреді;
  • Оқушылар тепе-теңдік константасы өрнегін құрастыра алады;

 Бағалау критерийлері

- химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін факторларды анықтайды;

- химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін түсіндіреді;

- тепе-теңдік константасы өрнегін құрастыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әр түрлі фактолардың әсер етуін ауызша немесе жазбаша түрде түсіндіреді Пәнге қатысты лексика мен терминология

Химиялық тепе-теңдік, қайтымды. Ле Шателье-Браун принципі, ығысу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Жүйедегі ……тепе-теңдіктің температурасын жоғарлатқанда/төмендеткенде тепе-теңдік реагенттің/өнімнің түзілу жағына қарай ығысады, себебі………. Осы реакцияның шығымын арттыру үшін,…….жоғарлату/төмендету керек, себебі …….

Жүйедегі тепе-теңдікке…… қысымның өзгеруі әсер етпейді, себебі …… Катализатор тепе-теңдікке әсер етпейді, себебі ……

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық пен ынтымақтастық

Жауапкершілік

Өмір бойы білім алу

Патриоттық сезім

 Пәнаралық байланыстар

Физика (энергия), математика (графиктерді қарастыру)

Бастапқы білім

8.3В Қайтымды реакциялар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин

Ұйымдастыру сәті.

(С) Оқушылармен 9 сынып курсынан қайтымды реакция және тепе-теңдік ұғымдарын еске түсіру мақсатында оқушыларға қайтымды және қайтымсыз реакция теңдеулер қатарын ұсынылады. Оқушылар олардың қайсында тепе-теңдіктің ығысуы мүмкін екенін анықтау.

1. Қандай реакцияларды қайтымды немесе қайтымсыз деп атайды? Үш мысал келтіріңдер.

2. Химиялық тепе -теңдік күйіне қандай факторлар әсер етеді?

3. Қай фактордың ( қысым, температура,өршіткі) әсері : СО2(г) + С(қ) ↔СО(г) ∆Н0 =172кДж реакциясында орнаған тепе- теңдікті СО түзілу жағына ығыстырады?

4. Фосфор пентахлоридінің эндотермиялық айырылу реакциясы төмендегі реакция арқылы жүреді.

PCl5(г) = РСl3(г) + Сl(г); ΔН = + 92,59 кДж.

Тепе –теңдікті PCl5 айырылу реакциясының оң жағына қарай ығыстыру үшін

а) температурны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту керек?

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

16-20 мин

20-39 мин

39-40 мин

41- 50 мин

51- 60 мин

61-78 мин

Презентациялар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

Жеке сұрақтар қою:

* Химиялық реакциялар бірдей жағдайда жүре ме?

* Химиялық реакциялардың жылдамдығына не әсер етеді?

*Химиялық тепе-теңдік неге динамикалық деп аталады.?

Зертханалық тәжірибе №6 «Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы аммоний не калий тиоционаты мен темір (ІІІ) хлориді концентрациясының өзгеруі бойынша»

( қосымша жұмыс парағы беріледі. Қосымша2)

Рефлексия. Кері байланыс.

Зертханалық жұмыстарды талдау.

Концентрация мәнмәтінінде тепе-теңдік константасы (Kc) ұғымымен оқушыларды таныстыру

Сынып 3 топқа бөлінеді, әр топтағы оқушыларға 5-6 қайтымды реакциялардың теңдеулерімен кеспе қағаздар ұсынылады. Олар әр теңдеу үшін тепе-теңдік константасының өрнегін құрады.

Топтар өз тақырыбына сәйкес жұмыстарды сипаттап, қорғайды. Ал қалған оқушылар басқа топтың ақпаратын тыңдай отырып бағалайды.

Қосымша 2

Қосымша 3 А3 қағаз, маркерлер

Сабақтың соңы

79-80 мин

Рефлексия. Кері байланыс.

Үй жұмысы: тақырып бойынша ақпаратты қайталап, бекіту.

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлығы: - әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттейді;

Көбісі: - химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжайды;

Кейбіреуі: - тепе-теңдік константасы өрнегін құра алады

Сабақ барысында сұрақтарды кең талқылау және сипаттау. Мұғалім оқушылардың жетістіктерін олардың сұрақтарға жауап беруі арқылы бағалайды.

Химия кабинетіндегі ережелер

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру