Тұздар гидролизі. Лабораториялық жұмыс №3 "Қышқылдардың, негіздер мен тұздардың ерітінділердің рН сапалық құрамын тәжірибие жолымен дәлелдеу". Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 10 Сабақ | |
Сабақтың тақырыбы | Тұздар гидролизі. Лабораториялық жұмыс №3 "Қышқылдардың, негіздер мен тұздардың ерітінділердің рН сапалық құрамын тәжірибие жолымен дәлелдеу". |
Оқыту мақсаты | 10.3.4.2 тұз ерітіндісінің ортасын оның сапалық құрамы бойынша болжау; |
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар: - рН ерітіндісін анықтау бойынша эксперимент жүргізу; - күшті қышқылмен және әлсіз негізбен түзілген тұз ерітіндісінің ортасын болжау; - күшті негіз және әлсіз қышқылмен түзілген тұз ерітіндісінің ортасын болжау; -3 түрлі тұздар гидролизінің теңдеулерін жазу. |
Бағалау критерий | - рН көрсеткіштері бойынша ерітінді ортасын анықтайды; - гидролизге ұшырайтын тұздарды анықтайды; - рН мәні бойынша тұз құрамын болжайды. - әлсіз негіздегі тұздың гидролизін және күшті қышқылдың теңдеуін жазады; - әлсіз қышқыл және күшті негіз тұз гидролизінің теңдеуін жазады; |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар әлсіз негіздер/әлсіз қышқылдар мен күшті қышқылдар/күшті негіздер тұздарының гидролиз процесіне сипаттама бере алады Пәндік лексика және терминология Гидролиз, қышқыл орта, сілтілік орта, ерітінді ортасының рН Диалог / хат үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы Егер рН ерітінді ... тең болса, онда орта … Күшті қышқыл тұзының гидролизінде және әлсіз негізде ерітіндінің ортасы .... Егер ерітінді ортасы ... болса, онда гидролизге тұз түседі ... Егер ерітінді ортасының рН мәні ... - ден ... - ге дейін болса, онда … Қышқыл орта у ... Гидролиз кезінде ... ерітінді ортасы ... |
Алдын ала білім | |
Жоспарланған сабақ кезеңі | Жоспарланған сабақ кезеңі | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 0-2 2-12 | Сәлемдесу. Жағымды атмосфер қалыптастыру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен талқылау. Оқушыларға бірқатар тұздар беру және оларға гидролизге қандай тұздар ұшырауы мүмкіндігін сұрау. | Презентация Қосымша 1 | ||
Сабақтың ортасы 13-33
32-40 41-43 | Топта жұмыс істеу. №3 Зертханалық тәжірибені орындау "Қышқылдардың, негіздер мен тұздардың ерітінділердің рН сапалық құрамын тәжірибие жолымен дәлелдеу".
Мыс сульфаты сияқты тұздармен жұмыс істегенде сақ болу керек. Оқушыларға жұмыс барысын талқылауды, өзара топта жұмысты бөлуді ұсыну. Оқушыларға бірқатар тұздарды ұсыну. Олар әмбебап индикатордың немесе рН-метрдің көмегімен анықтауы қажет. Тәжірибе 1. Тұз күшті қышқыл және әлсіз негіз Тәжірибе 2.Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұзы Тәжірибе 3. Тұз күшті қышқыл және күшті негіз. Оқушыларға рН ерітіндісін бірнеше тұздар ерітіндісін анықтауды ұсыну. Оқушылардың тұз ерітіндісінің рН-ы неге әлсіз қышқылдан әлсіз сілтіге дейін өзгереді деп сұраңыз. Оқушылармен тұз гидролиз теңдеуін құрастыру: "Аргументтер кестесі" Оқушыларға тұздардың кейбір сипаттамалары мен суда ерігенде олардың сипаттамалары берілген тапсырмалары бар карточкалар беріледі. Оқушылар тұз ерітіндісінің пайда болған ортасын және рН мәнін болжайды. Қорытындылау. Жұппен жұмыс істеу. Оқушыларға тұз формулалары, олардың атаулары, ерітіндінің ортасын және рН мәнін берілген катрочкалар ұсыну. Оқушылар осы мәліметтерді өзара сәйкестендіреді. | Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 | ||
Сабақтың соңы 44-45 Рефлексия Үй тапсырмалары | Қорытындылау. Рефлексия. Рефлексия үшін кестені толтыру. Тұздардың гидролиз теңдеулерін жазу, сұрақтарға жауап беру, жүргізілген эксперименттер бойынша қорытынды жазу. | Қосымша 5 | ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Барлық оқушылар: әртүрлі тұз ерітіндісінің ортасын анықтайды Оқушылардың көпшілігі Тұз ерітіндісінің ортасын болжайды. Кейбір оқушылар гидролиз кезінде тұз ерітіндісі ортасының болжайды. | Бағалау тапсырмаларды орындау және зертханалық тәжірибені орындау процесін бақылау барысында жүргізіледі. Өзара және өзін-өзі бағалау | Топта жұмыс істей білу. Өмір бойы оқыту. | ||
Рефлексия Сабақтың мақсаты / мақсаты шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сыныпта қандай атмосфера бар? Мен жүргізген дифференциация жұмыс істеді ме? Мен мерзімде қойдым ба? Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақтың рефлексиясы үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол жақ бағанадан сіздің сабақ туралы сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру