Атом – күрделі бөлшек. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1A

Атом құрылысы. ЖМБ

Мектеп: НЗМ ХБН Өскемен қ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Шаматова Г.Ж

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Атом – күрделі бөлшек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.2 химиялық элементтің изотоптар қоспасындағы салыстырмалы атомдық массаларын есептеу

 Сабақ мақсаттары

Изотоптар қоспасындағы химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептеу

Бағалау критерийлері

Оқушы ,

- изотоптардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсетеді

- салыстырмалы атомдық масса бүтін сан емес екенін анықтайды және есептейді

 Тілдік мақсаттар

 

атом, атом құрамы мен атом құрылысы, нуклон , нуклид, протон, нейтрон, электрон үш тілде айтады

Оқушылар орындай алуы керек:

Изотоптардың салыстырмалы атомдық массасының бүтін сан емес екенін анықтау

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту заттың атомдардан тұратыны, Изотоптар (ұқсастығы және айырмашылығы)

тапсырмаларды орындау барысынды силастық, өзгенің пікірін құрметтеу жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

 Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен атом құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақ презентациясы , атом құрамы, құрылысы изотоптар

Бастапқы білім

Атом деген не? Химиялық элемент, физика курсынан атом құрамы мен құрылысы туралы білімдерін еске түсіредіАтом деген не?

Атом – затты құрайтын бөлшек. Олар тірі ағзалардан бастап жасанды пластиктерге дейін, қатты металдардан көзге көрінбейтін газдарға дейін кез-келген заттың құрамында болады. Атом өте кішкентай, құм қиыршығынан да әлдеқайда кіші болады. Құм қиыршығындағы атом саны шамамен 1 000 000 000 000 000 000 000 немесе 1021 , әлемдегі адамның жалпы санынан миллион миллион есе көп.

Атом деген не?

Атом – затты құрайтын бөлшек. Олар тірі ағзалардан бастап жасанды пластиктерге дейін, қатты металдардан көзге көрінбейтін газдарға дейін кез-келген заттың құрамында болады. Атом өте кішкентай, құм қиыршығынан да әлдеқайда кіші болады. Құм қиыршығындағы атом саны шамамен 1 000 000 000 000 000 000 000 немесе 1021 , әлемдегі адамның жалпы санынан миллион миллион есе көп.

Атом деген не? Атом деген не?

Атом – затты құрайтын бөлшек. Олар тірі ағзалардан бастап жасанды пластиктерге дейін, қатты металдардан көзге көрінбейтін газдарға дейін кез-келген заттың құрамында болады. Атом өте кішкентай, құм қиыршығынан да әлдеқайда кіші болады. Құм қиыршығындағы атом саны шамамен 1 000 000 000 000 000 000 000 немесе 1021 , әлемдегі адамның жалпы санынан миллион миллион есе көп.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

-оқушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» және «сыныптастарыңа тілек» тілейді.

-сабақтың тақырыбы мен оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алынады.

- бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек. Атом деген не?

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Еске түсіру сұрақтары

«изотоптар ұғымын қайталау». Изотоптар (нуклидтер)

Ядроларында протон саны

бірдей, бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар – изотоптар деп аталады. Изотоп грекше «Бір орынға

орналасушы» деген мағынаны

білдіреді.

Мысалы, сутек атомының изотоптарының суретін көрсете отырып топтық жұмыс ретінде талқылатуға болады.

Проблемалық сұрақ

Химиялық элементтің изотоптар қоспасындағы салыстырмалы атомдық массаларын қалай есептеуге болады?

Табиғатта хлордың екі түрлі изотопы кездеседі

Тапсырма

Осы берілген хлор изотоптарының ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыра отырып талдауға болады

Атомдық массаны есептеу

Мұндағы D1, D2, ..., Dn –1-ші, 2-ші, ...,атомның изотопының үлесі;

Аr(1), Аr(2), ..., Ar(i) –1-ші, 2-ші , ..., атомдық массасы;

n – аталған элементтің изотоптарының саны.

Өз беттерімен орындау үшін,

мынадай бір есеп беруге болады

ЕСЕП: Табиғи магний 24Mg, 25Mg, 26Mg изотоптарынан тұрады. Бірінші нуклидтің атомдық үлесі 78.73%, ал екіншісінікі – 10.13% . Магнийдің салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз.

Проблемалық сұрақ

  • Магний атомының салыстырмалы атомдық массасы қанша?
  • Неліктен орташа салыстырмалы атомдық масса бөлшек сан болады?

Топтық жұмыстар

  • Табиғатта 63Cu (72,7%) және 65Cu (27,3%) изотоптар қоспасы кездесетін мыс атомының орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз
  • Табиғатта бор элементінің екі түрлі изотопы 11В 80% және 10В 20% кездеседі. Бордың салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз

Сұрақ

Бір элементтің әртүрлі изотоптарының нуклидтерінің айырмашылығы неде?

Жауабы . Бір элементтің әртүрлі изотоптарының нуклидтерінің айырмашылығы массалық сандарында, яғни нейтрондары мен массалық саны әртүрлі .

Қорытындысын өздері айтуы керек

Мен бүгінгі сабақта ----------------------түсіндім

  • Мен бүгінгі сабақта ----------------------үйрендім
  • Мен бүгінгі сабақ бойынша басқаларға ----------------------көмектесе аламын
  • Мен бүгінгі сабақ бойынша сұрағым бар--

Сілтеме бойынша пайдалы бейнежазбаны қарауға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=fMZLMqEMpBE

http://www.hemi.nsu.ru/ucheb124.htm

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру